Ақтөбе газ шаруашылығының директоры

«QazaqGaz Aimaq» АҚ Ақтөбе өндірістік филиалы Ақтөбе қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
4

Қаралған саны:
143

   Конкурс туралы

Құрметті ізденуші!

Біздің компанияға қызығушылық танытқаныңыз үшін рахмет.

Бос орынға жауап бермес бұрын конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және т.б. туралы ұсынылатын деректердің анықтығына ізденуші жауапты болады.
  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоғы туралы анықтама беру қажет.
  3. Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қадағалауыңызды сұраймыз.

Төменде сіз жарияланған бос орнымен таныса аласыз.

Міндеттері: техникалық кеңеске, АӨФ құрылымдық бөлімшелерінің бастықтарымен кеңестерге қатысады және хаттамалық шешімдерді орындайды. Техникалық шарттар жобасын (бұдан әрі – ТУ) дайындауды, жеке газ құбырлары иелерінің қатысуымен қолданыстағы газ құбырларына қосылу нүктелерін айқындауды ұйымдастырады. Тұрғын үйлерде газ құбырын монтаждауды және газ жабдығын орнатуды, атқарушылық-техникалық құжаттаманы (бұдан әрі - ТД) толтыруды және газбен жабдықтау жүйелерін пайдалануға қабылдауды жүзеге асыруды тексереді.АӨФ балансындағы жұмыс жобаларын, атқарушылық-техникалық құжаттаманы қабылдауды, тіркеуді және мұрағаттауды бақылайды. Талаптар: Білімі: жоғары кәсіптік (техникалық) және газ шаруашылығында маман лауазымдарында кемінде 3 жыл немесе басшы инженерлік – техникалық лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі. Газ шаруашылығы директорында өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы білімді тексеру туралы куәлік болуы керек.Кәсіби дағдылар мен білім. Газ шаруашылығы директоры өз қызметінде орындалатын жұмыстар көлемінде мынадай құжаттарды білуі және басшылыққа алуы тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі; "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; "Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану ережелері". ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген; ҚР ТЖМ бекіткен" табиғи газдарды бөлу және тұтыну жүйелерінің өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары"; Шарттары: тұрғылықты жері Ақтөбе қаласы

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Техникалық және кәсіптік білім беру

Бағыттар бойынша сертификаттардың бар болуы қажет

  • Қауіпсіздік техникасы