"Қазпочта" АҚ Ақмола облыстық филиалы директоры

«Қазпошта» АҚ Көкшетау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
7

Қаралған саны:
250

   Конкурс туралы

Міндеттері:

1) Қоғамның атқарушы органының, Қоғам басшылығының шешімдері мен тапсырмаларын, сондай-ақ Қоғамның хаттамалық тапсырмаларын уақтылы орындау.
2) Қоғамның мүлкін Қоғамның Жарғысына, жалғыз акционердің және Директорлар кеңесінің шешімдеріне сәйкес пайдалануына бақылауды жүзеге асыру.
3) Заңнама талаптарына, Корпоративтік басқару кодексіне, Қоғамның Жарғысына және өзге де ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес Қоғам қызметі туралы ақпаратты ашу және ұсыну бойынша бақылауды жүзеге асыру.
4) Өз құзыреті шегінде Қоғамның жұмыс топтары мен комиссияларының жұмысына қатысу.
5) Қадағаланатын құрылымдық бөлімшелер қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындау барысында өздеріне белгілі болған ақпараттың құпиялылығының сақталуына бақылауды жүзеге асыру.
6) Заңнама талаптарына және Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес филиалдың қызметіне, сондай-ақ бағынысты қызметкерлер мен жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелердің қызметіне жалпы басшылық жасауды және бақылауды жүзеге асыру.
7) Қоғамның даму стратегиясын іске асыру шеңберінде әзірленген филиалды дамыту бағдарламаларын бекіту және іске асыру. Қоғамның даму стратегиясын іске асыруға бағытталған іс-шаралар мен жобалардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру және қамтамасыз ету.
8) Филиалдың ақшалай қаражатының сақталуын, ұзақ мерзімді активтердің, көлік құралдарының, еңбек, материалдық және қаржылық ресурстардың ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету.
9) Облыстық филиалдың/почтамттың қызметін жоспарлау және бюджеттің мақсатты орындалуын жоспарлау. Бекітілген бюджетке сәйкес қаражаттың жұмсалуына бақылауды қамтамасыз ету.
Облыстық филиалдың/почтамттың рентабельді қызметін қамтамасыз ету.
10) Облыстық филиалдардың/почтамттардың құрылымдық бөлімшелері мен қызметкерлерінің қызметін айқындау және үйлестіру.
11) Қаржылық, пошталық, агенттік және өзге де қызметтерді көрсетуден түсетін кірістер бойынша жоспарлы көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету, белгілі бір қызметтің жеткіліксіз ілгерілетілуіне әсер ететін себептерді анықтап, оларды жою. Тікелей бағыныстағы бөлімшелердің жұмысын ұйымдастыру және өткізілген іс-шараларға кейіннен мониторинг жүргізу. Әлеуетті клиенттерді тартуға, қолданыстағы клиенттерді сақтап қалуға, өңірдегі пошта байланысы қызметтерінің сатылым көлемін ұлғайтуға және белсенді сату саясатын жүргізуге бақылауды жүзеге асыру.
12) Берілген өкілеттіктер шегінде филиалдың ағымдағы қызметіне қатысты жұмыс берушінің актілерін шығару.
13) Директордың орынбасарлары арасында міндеттерді бөлу, алқалы органдардың отырыстарын және филиалдың басшы құрамымен кеңестер өткізу, филиалдың құрылымдық бөлімшелері басшыларының есептерін тыңдау.
14) Кадрларды уақтылы және сапалы іріктеуді, қызметкерлерді жұмысқа қабылдау мен жұмыстан босатуды жүзеге асыру, оларды белгіленген тәртіппен материалдық және тәртіптік жауапкершілікке тарту, сондай-ақ облыстық филиал/почтамт қызметкерлерін көтермелеу және олардың біліктілігін тұрақты негізде арттыру жөнінде шаралар қабылдау.
15) Еңбек шартында, облыстық филиалды/почтамтты басқаруға берілген сенімхатта, Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарында және осы лауазымдық нұсқаулықта көзделген еңбек міндеттерін тиісінше, уақтылы және толық көлемде орындау.
16) Берілген өкілеттіктер шегінде талап-арыздар мен өзге де талаптарды қою және қарау, сот органдарында талапкер немесе жауапкер ретінде өкілдік ету, талап қою арыздарына қол қою, талап қою талаптарынан толық немесе ішінара бас тарту, талаптарды тану, талап қоюдың нысанасын немесе негізін өзгерту, бітімгершілік келісімдерін жасау, сот актілеріне шағымдану, сот шешімдерін мәжбүрлеп орындатуды талап ету және сот шешімімен өндірілген мүлікті алу.
17) Бухгалтерлік есептің және филиалдың дебиторлық берешегінің тиісті деңгейде жүргізілуіне бақылауды жүзеге асыру, дебиторлық берешектің өсуіне жол бермеу және оны азайту жөнінде шаралар қабылдау.
18) Құндылықтар мен ақша қаражаттарын сақтау және олармен операцияларды жүргізу қағидаларының қатаң сақталуын қамтамасыз ету. Филиалдың тиісті құрылымдық бөлімшелерінің өздеріне сеніп тапсырылған материалдық құндылықтардың қозғалысы мен қалдықтары туралы тауарлық-ақшалай есептерді белгіленген тәртіппен жүргізуін және ұсынуын ұйымдастыруға әрі бақылауға алу. Өзіне сеніп тапсырылған құндылықтар мен ақша қаражаттарының сақталуына қауіп төндіретін барлық мән-жайлар туралы Қоғам басшылығын уақтылы және толық көлемде хабардар ету.
19) Ұрлау, ұрлық, тонау, қарақшылық, пошта жөнелтілімдеріндегі салымдардың жоғалуы немесе ауыстырылуы, алаяқтық және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға және жолын кесуге бағытталған профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және бақылауды жүзеге асыру. Өндірістік көрсеткіштер жоспарында белгіленген ішкі ұрлықтар және/немесе пошта жөнелтілімдерінің (тауар салымы бар EMS жөнелтілімдері, сәлемдемелер) жоғалуы бойынша шекті көрсеткіштердің асып кетуіне жол бермеу.
20) Филиал қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының және Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарының талаптарын сақтауына бақылауды жүзеге асыру.
21) Уәкілетті орган бекіткен өнімдерге/қызметтерге арналған тарифтік тор шеңберінде Қоғамның қаржылық мүдделері мен өнімнің/қызметтің табыстылығын қамтамасыз етуді ескере отырып, әрбір жасалатын шарт бойынша тариф мөлшерін белгілеу.
22) Кәсіпкерлік лицензиялар кешені (франчайзинг) моделін іске асыру шеңберінде сату арналары желісінің жаңа форматтарын енгізу және оларды басқару.
23) Сату арналары желісінің бекітілген стандарттарына мониторинг жүргізілуіне және олардың тиімді жұмыс істеуіне бақылауды жүзеге асыру, оның ішінде бөлімшелердің орналасу орнын дұрыс айқындау, бөлімше форматын дұрыс белгілеу, бөлімшелердің техникалық стандарттарға сәйкестігі, сату арнасының инфрақұрылымының сапасы. Сату арналары желісін дамыту бойынша сату нүктелерін ашуды, жабуды, басқа жерге көшіруді (релокациялауды) және жаңғыртуды бастамашылық ету.
23) Қоғамның және оның серіктестерінің ішкі нормативтік құжаттары мен регламенттерінің талаптарын ескере отырып, өзіне сеніп тапсырылған филиалда пошта жөнелтілімдерін қабылдау, тасымалдау, жеткізу және сақтау процестерінің тиісінше әрі сапалы ұйымдастырылуына бақылауды жүзеге асыру.
24) Филиал бөлімшелерінде сақтауда тұрған пошта жөнелтілімдерінің (оның ішінде төлемі жеткізу кезінде алынатын сәлемдемелердің) нақты санының ақпараттық жүйелердегі (Dashboard, пошталық жүйе және т.б.) деректерге сәйкестігіне бақылауды қамтамасыз ету.
25) Филиал жүзеге асыратын бизнес-процестерді бағдарламалық сүйемелдеудің жүргізілуіне бақылауды жүзеге асыру және оны қамтамасыз ету, компьютерлік ұйымдастыру техникасы мен байланыс арналарының жұмысқа жарамды күйде болуын қамтамасыз ету.
26) Ішкі және халықаралық пошта жөнелтілімдерін қабылдау, өңдеу, сұрыптау және жөнелту жөніндегі технологиялық процестерге тоқсан сайын талдау жүргізуді ұйымдастыру және өндірістік процестің әлсіз тұстарын анықтау. Анықталған бұзушылықтар мен сәйкессіздіктер туралы Қоғамның орталық аппаратының бизнес-процестер иелеріне хабарлау. Оларды жою бойынша алдын алу және түзету іс-шараларын әзірлеу және іске асыру.
27) Филиал қызметкерлерінің еңбек және өндірістік тәртіпті сақтауын қамтамасыз ету. Бағынысты қызметкерлер мен жетекшілік ететін филиалдың құрылымдық бөлімшелерінің Қоғам басшылығының/орталық аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің тапсырмалары мен нұсқауларын уақтылы орындауына, есептіліктің уақытында ұсынылуына, сыртқы аудиторлардың, ішкі аудит қызметінің және ревизиялық топтардың ұсынымдарының орындалуына бақылауды жүзеге асыру.
28) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, өзіне белгілі болған құндылықтарды сақтау, жөнелту, тасымалдау, жеткізу және күзету жөніндегі операциялар туралы мәліметтерді, кассаға қатысты қызметтік тапсырмаларды, мемлекеттік, ведомстволық және банктік құпияны құрайтын ақпаратты, сондай-ақ өзге де құпия ақпаратты жария етпеу.
29) Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің қорғалуын ұйымдастыру және оған бақылауды жүзеге асыру.
30) Клиенттердің мүлкінің сақталуын қамтамасыз етуге бақылауды жүзеге асыру. Клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) қозғалыссыз шоттары бойынша жұмысты ұйымдастыруға және бақылауды жүзеге асыру, қозғалыссыз шоттардан сомалардың уақтылы әрі дұрыс есептен шығарылуын және олардың жабылуын қамтамасыз ету.
31) Филиалдың тиісті құрылымдық бөлімшелерінің тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүргізу тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының және Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарының (бұдан әрі – ІНҚ) талаптарын сақтауына бақылауды жүзеге асыру, оның ішінде:
а) жеткізілетін тауарлардың мәлімделген техникалық ерекшелікке сәйкестігін ай сайын іріктеп салыстырып тексеру;
б) ЭПЗ және АСФО жүйелеріне есептіліктің толық әрі уақтылы енгізілуіне және ұсынылуына бақылауды жүзеге асыру;
в) сатып алу жоспарының орындалуына және оның орындалуы туралы есептіліктің уақтылы ұсынылуына бақылауды жүзеге асыру.
32) Күрделі құрылыс, ғимараттар мен құрылыстарды күрделі және ағымдағы жөндеу, жылжымайтын мүлікті сатып алу және иеліктен шығару, сондай-ақ филиалдың инженерлік-техникалық құрылыстары мен инженерлік жүйелерін күтіп-ұстау жоспарларының орындалуына бақылауды жүзеге асыру.
33) Уәкілетті органға субсидияланатын қызметтер бойынша мәлімделген көлемдердің орындалуын бақылауды жүзеге асыру және қамтамасыз ету, сондай-ақ ауылдық жерлерде пошта байланысы секторында бекітілген әмбебап пошта байланысы қызметтерін көрсету тәртібі мен қызмет көрсету сапасының, әмбебап байланыс қызметтерінің құнын субсидиялау шеңберінде сақталуын қамтамасыз ету.
34) Филиалдың тиісті құрылымдық бөлімшелерінің аяқталған және пайдалануға берілген объектілер туралы (құқық белгілейтін құжаттарсыз) ақпаратты ұсынуын бақылауды жүзеге асыру және қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы заңнамасының және Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау және олардың орындалуына мониторинг жүргізу жұмысын ұйымдастыру.
35) Жеке және ұжымдық еңбек дауларының алдын алу жөнінде тиісті шаралар қабылдау.
36) Филиалдың әкімшілік-шаруашылық қызметіне бақылауды жүзеге асыру, материалдық және қаржылық ресурстардың тиімді әрі мақсатты пайдаланылуын, сондай-ақ олардың шығындарын азайтуды қамтамасыз ету.
37) Филиалдың қаржы-шаруашылық қызметіне жүргізілген кешенді тексерулердің нәтижелері бойынша түзету және/немесе алдын алу іс-шаралары жоспарының жауапты қызметкерлер тарапынан орындалуын бақылауды жүзеге асыру және қамтамасыз ету.
38) Шаруашылық қызметті жүзеге асыру кезінде сатып алу туралы шарттардың уақтылы жасалуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау, сондай-ақ контрагенттердің шарттық міндеттемелерді орындауына бақылауды жүзеге асыру.
39) Ресурстарды үнемдеу және материалдық ресурстарды кешенді пайдалану, шикізат пен материалдардың шығыс нормаларын жетілдіру, өндіріс тиімділігін арттыру, тауарлық-материалдық қорлардың нормадан тыс жиналуына және материалдық ресурстардың артық жұмсалуына жол бермеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру.
40) Күзетілетін объектілерде өткізу және объектішілік режимнің сақталуына, сондай-ақ өртке қарсы іс-шаралардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру.
41) Құжаттамалық қамтамасыз ету мен іс жүргізудің уақтылы және сапалы ұйымдастырылуына бақылауды жүзеге асыру. Қоғамның бұйрықтарын, өкімдерін, нормативтік құжаттарын, ақпараттық хаттарын және өзге де құжаттарын өндірістік объектілердің назарына уақтылы жеткізу.
42) Қаржылық есептілік депозитарийінің және қор биржасының интернет-ресурстарында орналастырылатын корпоративтік оқиғалар туралы ақпараттың Қоғамның жауапты құрылымдық бөлімшесіне уақтылы берілуін қамтамасыз ету.
43) Сатып алынатын қызметтер бойынша бағалау есептеулері туралы анықтамаларды қоса алғанда, қажетті құжаттардың толық топтамасының филиалдың «Бірыңғай қызмет көрсету орталығының» бухгалтерлік және салықтық есепке алу құрылымдық бөлімшесіне уақтылы ұсынылуына бақылауды жүзеге асыру.
44) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңнамасының талаптарының, сондай-ақ тіл саясаты жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар мен жоспарлардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру, архив ісі және құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы талаптардың орындалуын қамтамасыз ету.
45) Өндірістік көрсеткіштер жоспарында белгіленген «Пошталық есепке алу жүйесі» бағдарламалық қамтамасыз етуіндегі тіркелетін пошта жөнелтілімдері бойынша ұзақ уақыт қозғалыссыз тұрған мәртебелердің (айырбастау пункттері арасында тасымалдау кезінде 24 сағаттан астам қозғалыссыз тұрған сәлемдемелердің) шекті нормаларының асып кетуіне жол бермеуге бақылауды жүзеге асыру.
46) Өндірістік көрсеткіштер жоспарында белгіленген пошта жөнелтілімдерінің бүлінуі бойынша шекті көрсеткіштердің асып кетуіне жол бермеуге бақылауды жүзеге асыру.
47) Барлық айырбастау пункттерінде көлік құралдарының бекітілген кестелерге сәйкес жөнелтілу уақытының сақталуына бақылауды жүзеге асыру.
48) Өндірістік көрсеткіштер жоспарында белгіленген мерзімдерге сәйкес барлық пошта жөнелтілімдерінің Қоғам филиалдарының поштаны сұрыптау және тасымалдау учаскелеріне уақтылы өңделуіне және маршруттар бойынша жөнелтілуіне бақылауды жүзеге асыру.
49) Пошта жөнелтілімдерін қабылдау, өңдеу, сұрыптау, тасымалдау және тапсыру кезінде технологиялық процестің сақталуына бақылауды қамтамасыз ету.
Қоғамның аппараттық кеңестеріне, сондай-ақ өзге де жұмыс кездесулері мен кеңестеріне қатысу.
50) Филиал бойынша жанар-жағармай материалдарын уақтылы есептен шығару бөлігінде Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарының талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асыру.
51) Төлем карталары мен ПИН-конверттерді сақтау, беру, сондай-ақ төлем карталары мен ПИН-конверттерге жауапты тұлғаларды тағайындау туралы бұйрықтардың орындалуы бөлігінде Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарының талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асыру.

Талаптар:

  • Жоғары білім ("Қазпошта" АҚ қызметінің саласына және/немесе болжамды жетекшілік ету саласына сай салада құпталады). "Іскерлік әкімгерлеу магистрі" дәрежесіның немесе басқару (менеджмент) саласында қосымша білімі болғаны дұрыс.
  • Мамандығы бойынша және/немесе ұйымның экономикалық қызмет түріндегі профиліне сәйкес саладағы жұмыс тәжірибесі, 5 жылдан кем емес, соның ішінде басшылық лауазымдарда 3 жылдан кем емес немесе "Қазпошта" АҚ төмен тұратын лауазымдарда 4 жылдан кем емес. Шетелде білім алған болса ("Қазпошта" АҚ қызметінің саласына және/немесе болжамды жетекшілік ету саласына сай салада құпталады) басшылық лауазымдарда 2 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі құпталады.

Шарттары:

  • Бес күндік жұмыс аптасы екі демалыс күнімен - сенбі және жексенбі, күнделікті жұмыс (жұмыс күні, ауысым) ұзақтығы 8 (сегіз) сағат апта сайын дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, демалуға және тамақтануға арналған үзіліс сағат 13-00-ден сағат 14-00-ге дейін.
    Көкшетау