Ортылық бухгалтерия Есептілік секторының басшысына

«Азиялық Газқұбыры» ЖШС Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
229

   Конкурс туралы
  1. Біліктілік талаптары

1.1. Білімі және кәсіби біліктілігі

  1. Бухгалтерлік есеп, аудит, қаржы немесе экономика саласындағы жоғары білім.
  2. Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын (ХҚЕС), бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті қалыптастыру қағидаттарын терең білу.
  3. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы заңнамасын, сондай-ақ қаржылық және статистикалық есептілікті ұсынуға қойылатын талаптарды білу.
  4. ДипИФР  (ACCA), ACCA, Қазақстан Республикасы кәсіби бухгалтерінің сертификаты немесе соған ұқсас кәсіби біліктіліктің болуы елеулі басымдылық болып табылады.
  5. Кәсіби құжаттамамен, ҚЕХС стандарттарымен және аудиторлардың материалдарымен жұмыс істеуге жеткілікті деңгейде ағылшын тілін білу. Intermediate деңгейі және одан жоғары деңгей басымдылық  болып табылады.

1.2. Кәсіби тәжірибеге қойылатын талаптар

  1. Жалпы жұмыс өтілі: кемінде 5 жыл. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы жұмыс өтілі: кемінде 2 жыл, оның ішінде басшылық лауазымда немесе қаржылық есептілікті дайындауға жауапты қызметте жұмыс істеген уақытты қоса алғанда.
  2. Ескертулер мен ашуларды қоса алғанда, ХҚЕС-ке сәйкес жылдық және аралық қаржылық есептіліктің толық жиынтығын дербес дайындаудың расталған тәжірибесі.
  3. Сыртқы аудиторлармен тікелей өзара әрекеттесе отырып,  қаржылық есептіліктің жылдық аудитінің кемінде екі цикліне қатысу тәжірибесі.
  4. Трансформациялық түзетулерді дайындаудың, бухгалтерлік деректерді тексерудің және есеп жүйелерінен алынған ақпарат негізінде есептілікті қалыптастырудың практикалық тәжірибесі.
  5. Ірі компанияда, өндірістік ұйымда немесе бухгалтерлік есептің күрделі құрылымы бар ұйымда жұмыс тәжірибесі басымдылық  болып табылады.
  6. Қаржылық есептілікті дайындау процесінде қызметкерлер мен құрылымдық бөлімшелердің жұмысын үйлестіру тәжірибесі.

1.3. Кәсіби білім мен құзыреттер

Есеп беру секторының басшысы мынадай құзыреттерге ие болуы тиіс:

  1. ХҚЕС бойынша терең білім
  • IAS 1, IAS 8, IAS 10, IAS 12, IAS 16, IAS 21, IAS 36, IAS 37, IAS 38, IFRS 7, IFRS 9, IFRS 13, IFRS 15 және  IFRS 16, сондай-ақ компанияның қызметінде қолданылатын басқа стандарттарды практикалық қолдану.
  • Активтерді, міндеттемелерді, кірістер мен шығыстарды тануға, бағалауға, жіктеуге және ашуға қойылатын талаптарды білу.
  • Күрделі шаруашылық операцияларды дербес талдау және негізделген кәсіби пікірлерді қалыптастыру іскерлігі.
  • Бухгалтерлік есеп деректері мен ХҚЕС талаптары арасындағы айырмашылықтарды анықтау, түзетулерді есептеу және құжаттау іскерлігі.
  • Елеулі бағалар, жорамалдар, тәуекелдер және байланысты тараптар туралы ақпаратты ашуға қойылатын талаптарды түсіну.
  • ХҚЕС өзгерістерін білу және олардың компанияның есептілігіне әсерін бағалау қабілеті.
  1. Қаржылық есептілікті дайындау және бақылау
  • Қаржылық жағдай туралы есепті, пайда немесе шығын және өзге де жиынтық кіріс туралы есепті, капиталдағы өзгерістер туралы есепті, ақша қаражатының қозғалысы туралы есепті және ескертпелерді қоса алғанда, ХҚЕС бойынша қаржылық есептіліктің толық жиынтығын дербес қалыптастыра білу.
  • Айналым-сальдо ведомосын талдау, бухгалтерлік жазбалардың дұрыстығын және есептік көрсеткіштердің өзара байланысын тексеру дағдылары.
  • Есепті кезеңдер арасындағы қаржылық көрсеткіштердің елеулі ауытқуларын талдау және өзгерістердің себептерін түсіндіру іскерлігі.
  • Ақша қаражатының қозғалысы туралы есепті тікелей және/немесе жанама әдіспен жасау тәжірибесі.
  • Қаржылық есептіліктің ХҚЕС талаптарына, есеп саясатына және қолданылатын нормативтік актілерге сәйкестігін тексеру іскерлігі.
  • Елеулі қателерді анықтау, олардың әсерін бағалау және қажетті түзету іс-шараларын айқындау дағдылары.
  1. SAP және Excel-ді білуі
  • Негізгі  кітаптың деректерін, шоттардың айналымдары мен қалдықтарын, бухгалтерлік жазбалар мен талдамалық тіркелімдерді талдау деңгейінде SAP-ты сенімді меңгеру.
  • SAP деректерінің негізінде шоттар жоспарының құрылымын, талдамалық белгілерді және қаржылық есептілікті қалыптастыру қағидаларын түсіну.
  • Қате өткізулерді, жіктеу қателерін және бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік деректері арасындағы сәйкессіздіктерді анықтай білу.
  • Есептеулерді, салыстырып тексерулерді және есептік нысандарды автоматтандырудың практикалық тәжірибесі.
  • АТ-бөлімшесімен бірлесіп есептілікті автоматтандыру үшін функционалдық талаптар мен техникалық тапсырмаларды әзірлей білу.
  1. Сыртқы аудиторлармен өзара әрекеттестік
  • Сыртқы аудит жүргізу үшін құжаттардың толық жиынтығын, есептеулер мен талдамаларды дайындау тәжірибесі.
  • ХҚЕС талаптары және растайтын құжаттар негізінде компанияның есептік ұстанымын дәлелді қорғай білу.
  • Аудиторлармен бухгалтерлік есептің күрделі мәселелерін дербес талқылау қабілеті.
  • Аудиторлық ескертулерді талдау және анықталған кемшіліктерді жою бойынша іс-шараларды әзірлеу тәжірибесі.
  • Басқа бөлімшелердің аудиторларға ақпарат беруін ұйымдастыра және үйлестіре білу.
  1. Басқарушылық құзыреттер
  • Сектордың жұмысын ұйымдастыру және міндеттерді белгіленген мерзімде орындауды қамтамасыз ету қабілеті.
  • Міндеттерді бөлу, басымдықтарды айқындау, қызметкерлер жұмысының сапасы мен нәтижелерін бақылау іскерлігі.
  • Берілген өкілеттіктер шегінде дербес шешімдер қабылдау және олардың негізділігі үшін жауапкершілікті көтеру қабілеті.
  • Бухгалтериямен, қаржылық, өндірістік, заң және басқа да бөлімшелермен тиімді өзара әрекеттестікті ұйымдастыра білу іскерлігі.
  • Есептілік сапасын төмендетпей жоғары жүктеме және шектеулі мерзім жағдайында жұмыс істеу қабілеті.
  • Аналитикалық ойлау қабілеті, егжей-тегжейге мұқияттылық, бастамашылдық, кәсіби қағидаттарды берік ұстану және құпиялылықты сақтау.
  1. Негізгі лауазымдық міндеттері

2.1. Қаржылық есептілікті дайындау

  1. ХҚЕС-ке және бекітілген есеп саясатына сәйкес компанияның жылдық және жартыжылдық қаржылық есептілігінің толық жиынтығын дайындауды  ұйымдастыру, бақылау және тікелей қатысу.
  2. «QazaqGaz» ҰК» АҚ үшін ай сайынғы және тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті белгіленген мерзімде және есептік ақпаратты ұсынуға қойылатын талаптарға сәйкес дайындауды ұйымдастыру.
  3. Қаржылық есептілік көрсеткіштерінің толықтығын, дұрыстығын, қайшылықсыздығын және салыстырмалылығын қамтамасыз ету.
  4. Қаржылық есептілікке ескертпелерді, талдамалық талдамаларды және қажетті ашуларды қалыптастыруды ұйымдастыру.
  5. Активтерді, міндеттемелерді, капиталды, кірістерді, шығыстарды және ақша ағындарын жіктеудің дұрыстығын тексеру.
  6. Қаржылық есептілік көрсеткіштерінің бухгалтерлік есеп деректеріне, трансформациялық түзетулерге және растайтын есептерге сәйкестігін қамтамасыз ету.
  7. Қаржылық көрсеткіштердің динамикасына талдау жүргізу, елеулі ауытқуларды анықтау және негізделген түсініктемелер дайындау.

2.2. Бухгалтерлік деректердің сапасын бақылау

  1. Есептілікті дайындау үшін пайдаланылатын айналым-сальдо ведомостарын, бухгалтерлік жазбалар мен талдамалық деректерді тексеруді ұйымдастыру.
  2. Бухгалтерлік есептің қателерін, шоттар мен операциялардың қате жіктелуін, сондай-ақ ХҚЕС қағидаттарының бұзылуын анықтау.
  3. Анықталған қателерді түзету бойынша ұсыныстар дайындау және келісілген түзету іс-шараларының орындалуын бақылау.
  4. Резервтерді, бағалау міндеттемелерін, активтердің құнсыздануын, кейінге қалдырылған салықтарды және басқа да елеулі бағалау көрсеткіштерін есептеудің дұрыстығын тексеру.
  5. Қаржылық есептілік нысандары, ескертулер мен талдамалық тіркелімдер арасындағы көрсеткіштердің келісілуін бақылау.
  6. Қаржылық есептілікке әсер ететін мәселелер бойынша есеп саясатын және бухгалтерлік есеп әдіснамасын жетілдіруге қатысу.
  7. Елеулі сомаларды, түзетулерді және кәсіби пікірлерді құжаттамалық растауды қамтамасыз ету.

2.3. Сыртқы аудиторлармен өзара әрекеттестік

  1. Жылдық аудит және шолу тексерулерін жүргізу процесінде сыртқы аудиторлық ұйыммен өзара әрекеттесуді  ұйымдастыру.
  2. Аудиторларға ақпарат беру кестесін қалыптастыру және сұрау салулардың орындалуын бақылау.
  3. Аудиторлық материалдарды дайындау бойынша құрылымдық бөлімшелердің жұмысын үйлестіру.
  4. Түсініктемелерді, есептерді және аудиторлардың сұрау салуларына кәсіби негізделген жауаптарды дербес дайындау.
  5. Аудиторлар ұсынған түзетулерді талдау, олардың негізділігін және қаржылық есептілікке әсерін бағалау.
  6. Аудит нәтижелерін, анықталған қателер мен ұсынымдарды талқылауға қатысу.
  7. Маңызды аудиторлық ескертулерді жою бойынша іс-шаралар жоспарын дайындау және орындалуын  бақылау.

2.4. Міндетті есептілікті ұсыну

  1. Сектор құзыреті шегінде мемлекеттік органдарға статистикалық есептілікті уақытылы дайындауды және ұсынуды ұйымдастыру.
  2. Қолданылатын талаптарға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз ету.
  3. Жылдық қаржылық есептілікті заңнамада белгіленген мерзімде қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастыруды ұйымдастыру.
  4. Ұсынылатын ақпараттың дұрыстығын және толықтығын бақылау.
  5. Сектор қызметіне қатысты заңнаманың өзгерістерін, есептілік нысандарын және ұсыну мерзімдеріне қойылатын талаптарды қадағалау.

2.5. SAP-пен жұмыс істеу және есептілікті автоматтандыру

  1. Қаржылық есептілікті қалыптастыру және бухгалтерлік деректерді талдау кезінде SAP тиімді пайдалануды ұйымдастыру.
  2. Бухгалтерлік есеп шоттарының қаржылық есептілік жолдарына сәйкестігінің дұрыстығын бақылау.
  3. Есептілікті дайындау процесінде тиімсіз, қайталанатын және артық қолмен жасалатын операцияларды анықтау.
  4. Есептілік нысандарын, бақылау рәсімдерін, салыстыру мен талдамалық есептерді автоматтандыру бойынша ұсыныстар әзірлеу.
  5. АТ-бөлімшесі үшін функционалдық талаптар мен техникалық тапсырмаларды дайындау.
  6. Автоматтандырылған есептерді тестілеуге қатысу, алгоритмдер мен есептеулер нәтижелерінің дұрыстығын тексеру.
  7. Деректердің толықтығы мен дұрыстығын автоматты бақылау тетіктерін әзірлеу және енгізу.
  8. Есептік файлдардың сақталуын, алгоритмдердің ашықтығын және есептік көрсеткіштердің шығу тегін тексеру мүмкіндігін қамтамасыз ету.

2.6. Талдамалық жұмыс және басшылықпен өзара әрекеттестік

  1. Басшылықтың сұрау салулары бойынша қаржылық есептіліктің негізгі көрсеткіштері бойынша талдамалық ақпарат пен түсіндірмелер дайындау.
  2. Компанияның қаржылық нәтижелеріне, активтеріне, міндеттемелеріне және ақша ағындарына елеулі әсер ететін факторларды анықтау.
  3. Бухгалтерлік есеп пен ХҚЕС қолданудың күрделі мәселелері бойынша кәсіби қорытындылар дайындау.
  4. Жаңа стандарттардың және есеп саясатының өзгерістерінің қаржылық есептілік көрсеткіштеріне әсерін бағалау.
  5. Есептілік сапасын, бақылау рәсімдерінің тиімділігін арттыру және есептік ақпаратты дайындау мерзімдерін оңтайландыру бойынша ұсыныстар әзірлеу.
  1. Сектор басшысы жұмысының түйінді нәтижелері

Есептілік секторы басшысының тиімділігі мынадай көрсеткіштер бойынша бағаланады:

  1. Есептіліктің уақыттылығы: есепті нысандарды дайындау мен ұсынудың бекітілген күнтізбесін орындау.
  2. Есептіліктің дұрыстығы: сектор тарапынан дайындық немесе бақылау кемшіліктеріне байланысты елеулі қателердің болмауы.
  3. Аудиттен өту сапасы: аудиторлық материалдарды уақытылы дайындау, есептік позициялардың негізділігі, ескертулерді жою бойынша келісілген іс-шараларды орындау.
  4. Ішкі бақылаулардың сапасы: есептік көрсеткіштерді салыстыру, тексеру және құжаттамалық растаудың қолданыстағы рәсімдерінің болуы.
  5. Есептілікті дамыту: ХҚЕС өзгерістерін уақытылы енгізу және қаржылық есептілікті дайындау әдіснамасын жақсарту.

 

Шарттар:

  • Жұмыс тәсілі: бес күндік жұмыс аптасы, 5/2 кестесі.
  • Жұмыс орны: Алматы қ.  Абай даң, 109В
  • Жұмыс уақыты: сағат 8.30-дан 18.00-ге дейін. Түскі үзіліс: сағат 12.30-дан 14.00-ге дейін.

Қажетті қабілеттер

  • Управленческие компетенции
  • взаимодействие с внешними аудиторами и другими регуляторами
  • Глубокие знания МСФО
  • Подготовка и контроль финансовой отчетности
  • Знание SAP и Excel

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман

Бағыттар бойынша сертификаттардың бар болуы қажет

  • Қаржы
  • Бухгалтерлік есеп