психолог

306 493 - 317 284
ТЧЭ-15 Жана-Аркинское эксплуатационное локомотивное депо 2 группы Қарағанды облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
145

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

1. Филиалға жұмысқа қабылданатын тұлғаларды кәсіби психофизиологиялық іріктеу, локомотив бригадаларына динамикалық психофизиологиялық бақылау және тереңдетілген тексеру жүргізу, сондай-ақ пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қызметкерлердің функционалдық жағдайын диагностикалау және түзету бойынша жұмыстарды жоспарлау және жүргізу.

2. Локомотив бригадалары қызметкерлерінің кәсіби жарамдылығы туралы психологиялық қорытындылар дайындау.

3. Депоның локомотив бригадалары қызметкерлері жол берген пойыздар қозғалысы қауіпсіздігінің өрескел бұзушылықтарына психологиялық сараптама жүргізу, олардың туындауына ықпал еткен психологиялық себептер мен факторларды анықтау, оларды жою бойынша ұсынымдар әзірлеу, қажет болған жағдайда депо басшылығына қызметкерлерді пойыздық жұмысқа одан әрі жіберу жөнінде ұсынымдар беру.

4. Қызметкерлердің психофизиологиялық және тұлғалық тексеру нәтижелерін ескере отырып, психологиялық үйлесімділік қағидаттары негізінде локомотив бригадаларын жасақтау бойынша ұсынымдар беру және колонналардың құрамын жасақтауға қатысу.

 

Қосымша талаптар:

1. Локомотив бригадалары қызметкерлері тарапынан жіберілген тәртіптік бұзушылықтар туралы филиал басшылығына қызметтік баянаттар дайындау.

2. Депо бастығының бұйрықтарымен және келіп түсетін жеделхаттармен қол қойғызып танысу.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр