«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы - «Қарағанды магистральдық желі бөлімі» Ақадыр сигнал беру және байланыс дистанциясының 1 санатты техникалық құралдарды пайдалану жөніндегі инженер
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Әзірленген сызбалар мен сұлбалардың ПТЭ талаптарына, қолданыстағы нұсқаулықтарға және үлгілік альбомдарға сәйкестігін тексереді
- келіп түскен нұсқаулықтық нұсқауларға сәйкес үлгілік альбомдарға және басқа да техникалық құжаттамаға өзгерістер енгізеді
- техникалық құжаттаманы уақытылы жаңартады, ескірген және ауыстырылған құжаттаманы мұрағатқа тапсырады
- жаңа құрылғыларды пайдалануға енгізу және қолданыстағы құрылғыларды реконструкциялау кезінде жобалық құжаттаманың және пайдалануға енгізілетін құрылғыларға арналған актілердің болуын бақылауды жүзеге асырады
- ШНЦ және ШНС пен бірлесіп, бекітілген сұлбаларға сәйкес монтаждау жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етеді, құрылғыларды бекітілген сұлбаларға сәйкестендіру бойынша кеңес береді
- қолданыстағы СОБ және байланыс құрылғыларына өзгерістер енгізілуін есепке алуды және бақылауды жүзеге асырады. Өзгерістер туралы мәліметтерді ШНС-тің баяндамасына сәйкес қолданыстағы құрылғыларға өзгерістер енгізуді есепке алу журналына тіркейді.
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) / орта (техникалық және кәсіптік);
- Мамандығы: теміржол көлігіндегі Автоматтандыру және басқару. Теміржол көлігіндегі Радиотехника, электроника және телекоммуникация. Теміржол көлігіндегі Автоматика, телемеханика және байланыс;
- Жұмыс тәжірибесі: жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж