Қойма меңгерушісі
«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Ақтау» магистральдық газ құбырлары басқармасы Бейнеу а.Міндеттері:
тауар-материалдық құндылықтарды қабылдау, сақтау және босату бойынша қойма жұмысына басшылық етеді, оларды қойма алаңдарын неғұрлым ұтымды пайдалануды ескере отырып орналастырады, қажетті материалдарды, мүлікті (инвентарьді) іздеуді жеңілдетеді және жеделдетеді;
қоймада сақталатын тауар-материалдық құндылықтардың сақталуын, сақтау режимдерінің сақталуын, кіріс-шығыс құжаттарын ресімдеу және тапсыру тәртібін қамтамасыз етеді;
өртке қарсы құралдардың бар-жоғын және жарамдылығын, қойма үй-жайларының, жабдықтың және мүліктің (инвентарьдің) жай-күйін қадағалайды және олардың уақтылы жөнделуін қамтамасыз етеді;
қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі нормаларға, тәртіпке және нұсқаулықтарға сәйкес қоймада тиеу-түсіру жұмыстарын ұйымдастырады;
тиеу-түсіру реквизитін (жабдық/құрал-жабдықты) жинауды, сақтауды және жеткізушілерге уақтылы қайтаруды қамтамасыз етеді;
тауар-материалдық құндылықтарды түгендеуді жүргізуге қатысады;
қойма операцияларын есепке алуды, белгіленген есептілікті жүргізуді бақылайды;
жұмыста салықтық есептілік пен бухгалтерлік есептің бағдарламалық қамтамасыз етуін қолданады;
қойма шаруашылығы жұмысының тиімділігін арттыру, тауар-материалдық құндылықтарды тасымалдау мен сақтауға жұмсалатын шығындарды қысқарту, ұйымның қойма шаруашылығына қазіргі заманғы есептеу техникасын, коммуникациялар мен байланысты енгізу жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады;
қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік санитария тәртібінің және өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді.
Талаптар:
қойма шаруашатын ұйымдастыру мәселелері бойынша заңнамалық және өзге де нормативтік-құқықтық актілер, сондай-ақ әдістемелік материалдар;
тауар-материалдық құндылықтарды сақтау жөніндегі стандарттар мен техникалық шарттар;
тауар-материалдық құндылықтардың түрлері, өлшемдері, маркалары, сорттылығы және өзге де сапалық сипаттамалары және олардың шығын нормалары;
тиеу-түсіру жұмыстарын ұйымдастыру;
тауар-материалдық құндылықтарды сақтау және қоймалау тәртібі, оларды есепке алу жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтар;
жүктерді тасымалдау және сақтау, қойма үй-жайлары мен жабдықты жалға алу жөніндегі шарттардың талаптары;
көрсетілген қызметтер мен орындалған жұмыстар үшін есеп айырысу тәртібі;
есептеу техникасы құралдарын, коммуникациялар мен байланысты пайдалану тәртібі;
отандық және шетелдік озық тәжірибе;
экономиканың негіздері, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру;
еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібі, қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі талаптары.
Шарттары:тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және есепке алу мен бақылау бойынша кемінде 1 жыл жұмыс өтілі немесе жалпы орта білім және есепке алу мен бақылау бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж
Ұқсас вакансиялар