Бас менеджер (энергетик және АСУТП)

ЖШС "Ak Su KMG" Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
11

Қаралған саны:
331

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Энергетикалық жабдықтар, электрмен жабдықтау, технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелері (ТПБАЖ) және бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика (БӨАжА) бөлігінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының орындалуын, оның ішінде жабдықтарды монтаждаудың, құбырлармен байланыстырудың, кабельдік қосылыстардың, жерге тұйықтаудың және жабдықтарды қосудың жобалық/жұмыс құжаттамасына және нормативтік-техникалық құжаттамаға (НТҚ) сәйкестігін бақылау;

  • Энергетикалық жабдықтар, ТПБАЖ/БӨАжА бөлігінде жобалық және жұмыс құжаттамасын, техникалық шешімдер мен өзгерістерді қарау; техникалық сәйкессіздіктерді және өзара байланысты жүйелердің өзара іс-қимылына қатысты мәселелерді анықтау, оларды жою және оңтайландыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

  • Құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындауға арналған энергетикалық жабдықтарды, ТПБАЖ/БӨАжА жабдықтары мен жиынтықтауыштарын дайындау және жеткізу кестелерінің сақталуын бақылау; жеткізілетін жабдықтар мен материалдарды кіріс бақылауына қатысу, олардың жиынтықтылығын, жобалық/жұмыс құжаттамасына, техникалық талаптарға және жеткізушілердің ілеспе құжаттамасына сәйкестігін тексеру, сондай-ақ жабдықтарды монтаждауға беруді бақылау;

  • Энергетикалық жабдықтарды, автоматика және бақылау-өлшеу аспаптары шкафтарын, кабельдік трассаларды, өлшеу құралдарын, атқарушы механизмдерді, сондай-ақ технологиялық жабдықтармен және өзара байланысты жүйелермен түйісу интерфейстерін монтаждау және қосу жұмыстарын үйлестіру және бақылау;

  • Жеке және кешенді сынақтар мен іске қосу-баптау жұмыстарының жүргізілуін, оның ішінде БӨАжА контурларын тексеруді, калибрлеуді, функционалдық сынақтарды, бұғаттау және дабыл беру жүйелерін, сондай-ақ ТПБАЖ жүйелерін интеграциялауды және олардың жұмысын тексеруді бақылау;

  • Жобалық құжаттама мен нормативтік-техникалық құжаттама талаптарынан ауытқулар мен сәйкессіздіктерді уақтылы анықтау, ескертулер тізілімін (punch list) жүргізу және олардың жойылуын бақылау, жетекшілік ететін бағыт бойынша атқарушылық және қабылдау-тапсыру құжаттамасын тексеру;

  • Жетекшілік ететін бағыт бойынша объектілерді пайдалануға дайындауға қатысу, оның ішінде ішкі пайдалану құжаттарын, нұсқаулықтарды, регламенттерді, есепке алу нысандары мен журналдарын әзірлеу және өзектендіру; пайдалану персоналына қажеттілікті айқындауға, біліктілік талаптарын қалыптастыруға, кандидаттарды іріктеу мен бағалауға, сондай-ақ персоналды жабдықтар мен жүйелерді пайдалануға дайындауға қатысу;

  • Мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдармен, жобалаушылармен, жеткізушілермен, техникалық және авторлық қадағалау өкілдерімен, сондай-ақ пайдаланушы бөлімшелермен өзара іс-қимыл жасау; жұмыстардың орындалу мәртебесі туралы басшылыққа есептілік дайындау және жетекшілік ететін жұмыстарды орындау кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қамтамасыз ету.

Еңбек жағдайлары:

  • Жұмыс орны: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 8-ғимарат, тұрғын емес үй-жай № 1. Өндірістік қажеттілікке байланысты жұмыс орны өзгертілуі мүмкін және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес ресімделеді.

  • Жалақы мөлшері: әңгімелесу нәтижелері бойынша айқындалады.

Қажетті қабілеттер

  • Умение грамотно, ясно, точно и доступно изложить информацию на бумаге;
  • Знание казахского и русского языков (при необходимости — английского на базовом уровне)

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Озат)
  • Орыс тілі (Озат)