2 санаттағы өндірістік және қызметтік орынжайларды жинаушы
«Үлбі-ЖБҚ» ЖШС Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Лауазымдық жауапкершілік:
Бөлмелерді, дәліздерді, баспалдақтарды жинау. Жиһаз, кілем бұйымдарын шаңнан тазарту, қолмен немесе машиналармен және қабырға, еден, терезе және т.б. құрылғылармен сыпыру және жуу. Қоқыс пен қалдықтарды жинап, белгіленген жерге тасымалдау. Әкімшілік орынжайларды және басқа да жалпы пайдаланылатын орындарды тазалау және дезинфекциялау. Жуғыш және дезинфекциялаушы ерітінділерді дайындау. Жуғыш заттарды, құрал-саймандарды және сүрту материалын алу. Жиналатын орынжайларды санитария және гигиена ережелерін сақтау. Жарықтандыру аспаптарының жұмысқа қабілеттілігі мен жарамдылығын тексеру. Жұмыс орнындағы жарықтандырудың жеткіліктілігін тексеру (№ 239 қоймашылар бөлмесінде, № 212 кезекші персонал бөлмесінде, демалыс бөлмесінде, дәретханаларда, баспалдақ торларында, вестибюльде, дәліздерде, тамбур-шлюздерде және басқа да әкімшілік үй-жайларда). Ағынды және сору желдеткіштерінің болуын, жеткіліктілігін және тиімділігін тексеру. Өтпе жолдарды, эвакуациялау жолдарын және шығу жолдарын олардың кептеліп қалмауын және бос болуын тексеру. Тұрмыстық ажыратқыштардың, розеткалардың, электр аспаптарының, электр сымдарының және т.б. жарамдылығы мен сәйкестігін тексеру. Сантехникалық жабдықтың (бұдан әрі — сантехника) жарамдылығын тексеру (көзбен шолып тексеру). Араластырғыштардың, ыстық және суық су крандарының жарамдылығы мен жұмысқа қабілеттілігін тексеру. Сантехникада (сантехникадан) ыстық және суық судың, шаруашылық және нәжіс ағындарының қандай да бір ағуы мен тамшыларының жоқтығын тексеру. Қажетті тазалау және жуу құралдарының болуын тексеру. Оларды сақтау қауіпсіздігін және ыдыстың (қаптаманың) бүтіндігін тексеру. Тазалау және жуу құралдарының шашылып немесе төгіліп қалмауын тексеру. Жұмыста пайдаланылатын құрал-жабдықтардың, құрылғылардың және басқа да ТҚК-ның толық жарамдылығын тексеру және растау. Жұмысты бастау алдында анықталған барлық кемшіліктер, ақаулар мен бұзушылықтар туралы тікелей басшыға хабарлау және оларды жойғанға және тікелей басшының рұқсатын алғанға дейін жұмысты бастауға жол бермеу. Оқытудан, білімін тексеруден, нұсқамадан өткен және тікелей басшы тапсырған жұмысты ғана орындау. «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС жұмысшыларына арналған биологиялық қорғау жөніндегі жалпы нұсқаулықтың, осы нұсқаулықтың, биологиялық қорғау жөніндегі басқа да нұсқаулықтардың, өндірістік және қызметтік орынжайларды жинаушыға арналған биологиялық қорғау жөніндегі нұсқаулықтардың, сондай-ақ технологиялық регламенттердің талаптарын сақтау. Жұмысты орындау кезінде бөгде істер мен әңгімелерге (өзінікі және басқалардікі) алаңдатудан бас тарту. Өндірістік қажеттіліксіз басқа (бөгде) жұмыс орындарына кіруді болдырмау. Жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдану бойынша нұсқаулыққа сәйкес тапсырманы орындау үшін қажетті ерітінділерді дайындау. Ерітіндіні дайындау кезінде араластыру үшін диаметрі 2 см-ден 3 см-ге дейін және ұзындығы 50 см-ден 80 см-ге дейін ағаш араластырғышты қолдану. Ерітінділерді дайындау және қолдану кезінде абай болу, сондай-ақ C-F-SHR-60-501 ҚжЕҚ нұсқаулықтарының талаптарына сәйкес жеке қорғаныс құралдарын (ЖҚҚ) міндетті түрде қолдану. Санитарлық тораптардан (дәретханалардан) жеке гигиена заттарын (пайдаланылған дәретхана қағазы және т.б.) және басқа да сұрыпталмаған қатты қалдықтарды шығару. Орынжайларды тәртіпке келтіру. Өткелдерді, эвакуациялық шығу жолдарын және эвакуациялау жолдарын босату. Құралдардың, мүкəммалдың, құрылғылардың жəне басқа да ТҚК жарамдылығын тексеру, оларды ластанудан тазарту. Құралдарды, керек-жарақтарды жəне құрылғыларды белгіленген орындарға жинау. Қосымша ЖҚҚ (резеңке қолғаптар) ластанудан тазарту және оларды осыған арналған орындарға орналастыру.Білім:
жалпы орта білімнен төмен емес;Дағдылар:
талап етілмейдіҚосымша:
Еңбек жағдайының сипаттамасы: – қалыпты жұмыс жағдайлары; Еңбек және жұмыс тәртібі: - қалыпты еңбек жағдайларында аптасына 40 (қырық) сағаттан аспайтын 8.00-ден 17.00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі. Даярлығы: Білуге тиіс: тазаланатын орындарды күтіп-ұстау бойынша санитария және гигиена ережелерін, қызмет көрсетілетін жабдықтар мен құрылғылардың құрылымы мен пайдалану ережелерін; тазалау ережелерін; жуғыш және дезинфекциялау құралдарының тағайындалуы мен концентрациясын; санитариялық-техникалық жабдықтарды пайдалану ережелерін.Білетін тілдер:
-Қажетті қабілеттер
- Не требуются
Ұқсас вакансиялар
Автомобиль көлігі және тасымалдау магистрі 1 бірлік. ТОО МАШЗАВОД, 2026 жылдың 21 қазанынан бастап.
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Өскемен қ.
30.10.2026 | 84
салықтық есеп менеджері
«Үлбі-ЖБҚ» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Өскемен қ.
30.10.2026 | 73
ЖБҚ даярлау телімінің ТТЖ аппаратшысы 5-санат
«Үлбі-ЖБҚ» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Өскемен қ.
29.10.2026 | 652