«ҚТЖ - Жүк тасымалы» ЖШС «Семей» филиалының 1-сыныпты Жаңа-Семей станциясының агенттік пунктінің жетекші инженер-технологі

от 347 984
НОД-6 (Семейское отделение ГП) Шығыс Қазақстан облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
29

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:

  • Жергілікті тиеудегі вагондардың жолдағы коммерциялық қауіпсіздік пункттерінде (ҚҚП), коммерциялық байқау пункттерінде (КБП) және МАКС (МГСП) түйісулерінде тіркеуден шығу себептерін анықтайды және тергеп-тексереді.
  • Жолда және МАКС түйісулерінде коммерциялық ақаулармен тіркеуден шығарылған вагондар бойынша есеп жүргізеді.
  • Вагондарды бақылап өлшеудің белгіленген жоспарының орындалуы туралы есеп пен КОО-1 нысанындағы есепті жасайды.
  • Тиісті мекенжайларға ұсына отырып, жүк шаруашылығындағы пойыздар қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қауіпті жүктерді тасымалдау және бақылап өлшеу жөніндегі тапсырма жоспарының орындалуы бойынша талдау жасайды.
  • Жүк жөнелтушілердің/жүк алушылардың өтінімі бойынша Жаңа-Семей станциясының таразыларында вагондарды өлшеу туралы есеп жасайды және оны кейіннен тиісті мекенжайларға жібереді.
  • Жүк цехында пойыздар қызметінің қауіпсіздігін және тасымалданатын жүктің сақталуын қамтамасыз ету бойынша жүк және коммерциялық жұмысты ұйымдастыру жөніндегі профилактикалық жұмысты күшейтуге бағытталған негізгі ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы есеп жасайды.
  • «Жана-Семей» агенттік пунктінің станцияларында ЗПУ-лардың (БҚҚ — бекіту-пломбалау құрылғылары) түсуі мен жұмсалуы бойынша есеп жүргізеді және есепке алады, сондай-ақ олардың жұмсалуын бақылайды.
  • ҚБ (РБ), МКР, ВКО, ОКО келіп түсетін тексеру актілері, кешенді коммерциялық және қаржылық ревизиялар бойынша материалдарды ресімдейді, белгіленген мерзімде сұратылған адресаттарға жібереді.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы саласындағы: Көлікті тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және пайдалану; Теміржол көлігіндегі жүк және коммерциялық жұмыс
  • Жұмыс тәжірибесі: кемінде 1 жыл, оның ішінде мына лауазымдарда: 1-санатты инженер / инженер-технолог / жүк жұмысы жөніндегі станция диспетчері / тауар кассирі / жүк және багаж қабылдаушы-тапсырушысы / тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі оператор.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр