Заң департаментінің аға маманы

«ҚМГ Қарашығанақ» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
60

Қаралған саны:
441

   Конкурс туралы

Талаптар

Білімі:

Бейіні бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: құқықтану / халықаралық құқық.

Кәсіби салада немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс тәжірибесі:

Мұнай-газ және/немесе энергетика секторы ұйымдарының бейінді бөлімшелерінде кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.

Еңбек міндеттерін орындау үшін қажетті білім:

  • Қазақстан Республикасының Серіктестік қызметін реттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, оның ішінде корпоративтік құқық, жер қойнауын пайдалану және шарттық құқық салаларындағы актілерді білу;
  • Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнамасын және Қазақстан Республикасының аумағында құқық қолдану практикасын, оның ішінде азаматтық, экологиялық, жер, әкімшілік, еңбек құқығы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларындағы заңнаманы білу;
  • Өнімді бөлу туралы келісімдердің және оларға ілеспе құжаттардың негіздері мен қағидаттарын білу;
  • Өз құзыреті шегінде құжат айналымы мен есептілікті жүргізу тәртібін білу;
  • Қауіпсіздік және еңбекті қорғау негіздерін, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі талаптарын білу;
  • Қордың сатып алу мәселелері бойынша нормативтік актілерін білу;
  • Тәуекелдерді басқару жүйесі мен ішкі бақылау жүйесінің негіздерін білу;
  • Өрт және экологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптарды білу.

Еңбек міндеттерін орындау үшін қажетті дағдылар:

  • Мұнай-газ келісімдері мен шарттарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы жер қойнауы учаскелері бойынша жасалатын келісімдер мен шарттарды талдау және құқықтық сараптамадан өткізу дағдылары;
  • Заңдық қорытындыларды, анықтамаларды және өзге де құжаттарды дайындау дағдылары;
  • Заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу дағдылары;
  • Шарттардың, келісімдер мен меморандумдардың жобаларын, мемлекеттік және өзге де ұйымдарға арналған хаттар мен өтініштерді дайындау дағдылары;
  • Ішкі корпоративтік құжаттарды, саясаттарды, стандарттар мен рәсімдерді әзірлеу дағдылары;
  • Ақпаратты жинау, жүйелеу және талдау дағдылары;
  • Талап-арыз және сотқа дейінгі наразылық жұмыстарын жүргізу дағдылары.

Осы лауазымның лауазымдық міндеттері:

1. Серіктестік пен Қарашығанақ жобасының қызметін құқықтық қамтамасыз ету

  • Департаменттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ішкі құжаттардың (ережелердің, регламенттердің, бұйрықтардың, өкімдердің, қызметтік жазбалардың, құқықтық қорытындылардың) жобаларын дайындайды.
  • Серіктестік пен оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін, сондай-ақ Серіктестіктің қатысу үлесі шегінде Қарашығанақ жобасын құқықтық сүйемелдеу жұмысын Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және заңдық тәуекелдердің алдын алу мақсатында жүзеге асырады.
  • Департаментке келіп түсетін материалдар мен Серіктестіктің құрылымдық бөлімшелерінің өтініштерін талдайды, құқықтық ұстанымдар мен оларды құқықтық реттеу жөніндегі ұсыныстарды қалыптастырады.
  • Қазақстан Республикасының заңнамасын және Серіктестіктің ішкі нормативтік құжаттарын қолдану мәселелері бойынша консультациялар беруді қоса алғанда, Серіктестіктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін құқықтық сүйемелдеуді жүзеге асырады.
  • Департаментке келісуге ұсынылған құжаттардағы ықтимал құқықтық тәуекелдер мен сәйкессіздіктерді анықтайды және оларға түзетулер енгізуді бастамашылық етеді.
  • Серіктестіктің және «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» компаниясының (бұдан әрі – КПО) қатысуымен жасалатын келісімшарттарға, мәмілелерге және құжаттарға Қазақстан Республикасының заңнамасы, ӨБК және оған ілеспе құжаттар нормаларын басшылыққа ала отырып, Серіктестік пен ҚМГ-ның құқықтары мен мүліктік мүдделерін қорғау мақсатында құқықтық талдау жүргізеді.
  • Корпоративтік басқару, шарттық жұмыс, КПО-мен және үшінші тұлғалармен өзара қарым-қатынас мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын және Серіктестіктің ішкі нормативтік құжаттарын басшылыққа ала отырып, басшылыққа шешім қабылдау үшін құқықтық ұсынымдар беру және тәуекелдерді барынша азайту мақсатында заңдық қорытындылар дайындайды.
  • Басшылықтың тапсырмасы бойынша мердігер компаниялармен, Уәкілетті органмен және КПО-мен, мемлекеттік органдармен (оның ішінде Серіктестік қызметін тексеру шеңберінде), ҚМГ-мен/Қормен, контрагенттермен және өзге де сыртқы әріптестермен құқықтық мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасауға қатысады. Серіктестіктің құқықтары мен мүдделерін қорғау, ақпарат алмасу, өзара іс-қимылды жетілдіру, тиімді келісу және шешімдер қабылдау мақсатында Серіктестіктің құрылымдық бөлімшелерімен өзара байланысты қалыптастырады және дамытады.

2. Серіктестікті корпоративтік және шарттық сүйемелдеу

  • Серіктестіктің шарттық жұмысын жүргізу мәселелерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне мониторинг жүргізеді. Бұл ретте Серіктестіктің ішкі құжаттарын, ҚМГ стандарттарын, ӨБК мен оған ілеспе құжаттарды, Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа ала отырып, заң бұзушылықтардың алдын алу және Серіктестік үшін шарттық тәуекелдерді барынша азайту мақсатында жұмыс істейді.
  • Серіктестіктің ішкі құжаттарының жобаларына Қазақстан Республикасының заңнамасына, Серіктестіктің және ҚМГ-ның/Қордың ішкі құжаттарына сәйкестігі тұрғысынан құқықтық сараптама жүргізеді және оларды келіседі.
  • Өз құзыреті шегінде Серіктестіктің сатып алу қызметін құқықтық сүйемелдеуді жүзеге асырады, сатып алу (тендерлік) құжаттамасын, техникалық ерекшеліктерді, сатып алу шарттарының жобаларын және сатып алу рәсімдері шеңберіндегі өзге де құжаттар мен шешімдерді келіседі, тендерлік комиссиялардың жұмысына қатысады.
  • Серіктестіктің Байқау кеңесінің хатшысы функцияларын жүзеге асырады: оның жұмыс жоспарын қалыптастырады, қарауға шығарылатын мәселелер бойынша материалдардың Байқау кеңесінің мүшелеріне ұсынылуын қамтамасыз етеді, отырыстардың хаттамаларын жасайды және жүргізеді, хаттамаларда көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығына жауап береді, олардың бұрышталып қол қойылуын және бекітілуін қамтамасыз етеді, хаттамалар мен қаралған мәселелер бойынша материалдардың түпнұсқаларын сақтауды ұйымдастырады, сондай-ақ тиісті құжаттарды белгіленген тәртіппен мұрағатқа тапсырады.
  • Шарттарды жүйелі есепке алуды және тіркеуді, Серіктестік берген сенімхаттарды тіркеуді және сақтауды жүзеге асырады. Департаменттің іс қағаздарын жүргізуді қамтамасыз етеді.
  • Серіктестік атынан сенімхаттарды беру және кері қайтарып алу процесін жүзеге асырады, сенімхаттардың қолданылу мерзімдеріне мониторинг жүргізеді.
  • Департамент директорының және/немесе директор орынбасарының тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарға арналған хаттарды, өтініштерді және сұрау салуларды дайындайды.
  • Құпия ақпаратты қорғау жөнінде шаралар қабылдайды, Қазақстан Республикасының заңнамасына, ӨБК мен оған ілеспе құжаттарға сәйкес Серіктестіктің құпия ақпаратты жария етуін келіседі.

3. Серіктестіктің ішкі нормативтік құжаттарын әзірлеу және келісу

  • ҚМГ стратегиясын, Серіктестіктің миссиясы мен пайымын және Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын басшылыққа ала отырып, заңдылықты және ішкі процестердің бірізділігін қамтамасыз ету мақсатында Серіктестіктің ішкі нормативтік құжаттарын әзірлеу, құқықтық сараптамадан өткізу және келісу бойынша Департаменттің жұмысын жүзеге асырады.

4. Серіктестікті сотта және талап-арыздар бойынша сүйемелдеу

  • Серіктестіктің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында талап-арыз жұмысын жүргізеді, Серіктестіктің мүдделерін атқарушылық және барлық сатыдағы сот органдарында білдіреді. Талап-арыз жұмысына байланысты барлық қажетті құжаттардың, оның ішінде талап арыздардың, талап арыздарға пікірлердің, өтінішхаттардың, шағымдардың және өзге де процестік құжаттардың жобаларын дайындайды.
  • Серіктестік атынан барлық сот сатыларында талап қоюшы, жауапкер немесе үшінші тұлға ретінде қатысады.
  • КПО мен Серіктестіктің талап-арыз жұмысына мониторинг жүргізеді.

5. Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл

  • Серіктестіктің және Қарашығанақ жобасының қызметі шеңберінде Серіктестіктің Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен, оның ішінде орталық және жергілікті атқарушы органдармен, мемлекеттік мекемелермен және өзге де уәкілетті ұйымдармен өзара іс-қимылын құқықтық сүйемелдеуді жүзеге асырады.
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының сұрау салулары мен талаптарына құқықтық сараптама жүргізеді, олардың заңдылығын, толықтығын және тиісті органның құзыретіне сәйкестігін талдайды, жауап беру бойынша құқықтық ұстанымдар мен ұсыныстар дайындайды.
  • Мемлекеттік органдардың құзыретіне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістер мен құқық қолдану практикасына мониторинг жүргізеді, анықталған өзгерістер мен тәуекелдер туралы Серіктестіктің басшылығы мен құрылымдық бөлімшелерін хабардар етеді.

6. Қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету

  • Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ Серіктестіктің жалғыз қатысушысының тиісті корпоративтік стандарттарына сәйкес еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтайды.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Орташа)
  • Қазақ тілі (Озат)
  • Орыс тілі (Озат)