«Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС Түркістан филиалы атқыштар командасының бастығы

от 408 044
Туркестанский филиал ТОО «Военизированная железнодорожная охрана» Түркістан облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
4

Қаралған саны:
79

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Атқыштар командасының  жұмысын ұйымдастыруға, жүктер мен объектілерді қорғауды қамтамасыз етуге дербес жауапты болу;
  • күзетшілердің жұмыс уақытын ұтымды пайдалану, тәуліктік ведомостар мен маршруттық парақтарды есепке алу мен талдауды жүргізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және бақылау;
  • ауысымдық топқа жеке құрамды тағайындау және нұсқама жүргізу. Нұсқау беру кезінде жаңа ауысым тобының құрамының қызметтік міндеттерін, қызметтік қару мен арнайы құралдарды алып жүру, сақтау және қолдану ережелерін, қауіпсіздік ережелері туралы білімін тексеру.
  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау,  атқыштар командасының қызметкерлерінің жүктерді және объектілерді күзету кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтауы жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
  • атқыштар командасының жеке құрамы арасында өндірістік жарақаттанудың және жазатайым оқиғалардың алдын алу жөнінде қажетті шаралар қабылдау, жазатайым оқиғалардың мән-жайлары мен себептерін тергеуге және қарауға қатысу.
  • атқыштар командасының қызмет көрсетілетін учаскесінде жол берілген жүктерді ұрлау және коммерциялық ақаулар себептері мен алғы шарттарын белгілей отырып, есепке алу мен талдау жүргізуді ұйымдастыру,
  • технологиялық процестерді орындау кезінде қызметкерлердің қауіпсіз еңбек тәсілдерін сақтауына  ай сайын кенеттен тексерулер (кемінде екі тексеру, оның ішінде бір түнгі тексеру) жүргізуге .

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы: Юриспруденция; Құқықтану; Әскери басқару; Әскери іс және қауіпсіздік; Құқық қорғау қызметі; Көлік, көлік техникасы және технологиялары (вагондар және вагон шаруашылығы); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану;
  • Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару; Темір жол жылжымалы құрамдарын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша); Локомотивтер және Локомотив шаруашылығы; Электр және электромеханикалық жабдық; Құрылыс; Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; Өрт қауіпсіздігі; Электротехника (Радиотехника, электроника және телекоммуникация); Автоматтандыру және басқару; Ақпараттық жүйелер
  • Жұмыс тәжірибесі: ұйымның бейініне сәйкес мамандығы бойынша немесе темір жол көлігінде күзет қызметін ұйымдастыру бойынша қызметте кемінде 3 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр