"ҚТЖ "ҰК" АҚ-"Тасымалдау процесі дирекциясы"филиалының Екібастұз пайдалану вагон депосы Павлодар ВЧД - 16 СТ. 1 санатты еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі инженер-технолог
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
- Павлодар торабы бойынша орналасқан депо объектілері бойынша ішкі бақылауды, оның ішінде қауіпсіздік жөніндегі диалогты және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология саласындағы мердігерлердің жұмыстарды орындауын жүзеге асыру.
- Өндірістік қауіпсіздік жағдайының мониторингі, оның ішінде қоршаған орта жағдайының өндірістік мониторингі.
- Тәуекелдерді және экологиялық аспектілерді бағалауды жүргізуді ұйымдастыру, тәуекелдерді басқару жөніндегі шараларды келісу.
- Қызметкерлерге кіріспе және бастапқы нұсқаманы жоспарлау және өткізу.
- Павлодар торабы бойынша депоның жауапты қызметкерлеріне нұсқамалар жүргізу және нұсқамаларды ұйымдастыру мен өткізуді бақылау.
- Қызметкерлердің жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілуін мониторингтеу.
- Қызметкерлермен немесе Павлодар торабы бойынша айналым аумағында болған жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді ұйымдастыру және оған қатысу.
- Өндірістік жарақат пен кәсіптік аурулардың себептерін талдау.
- Павлодар торабы бойынша құрылымдық бөлімшелерде еңбек жағдайларын, сырқаттанушылықты, өнеркәсіптік санитарияны жақсарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.
- Қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі кешенді жоспардың және табиғатты қорғау іс-шараларын іске асыру Бағдарламасының іс-шараларын әзірлеуді, олардың орындалуын мониторингтеуді ұйымдастыру.
- Өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі жөніндегі іс-шараларды орындау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру
- Павлодар торабы бойынша қызметкерлердің мінез-құлық диалогы бойынша құжаттама және есептілік жүргізу.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Мамандығы: Көлік, көліктік техника және технологиялар (вагондар, локомотивтер және электр Жылжымалы құрам); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану(теміржол көлігі); Электротехника (Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар); Автоматтандыру және басқару; Электр энергетикасы; Стандарттау, метрология және сертификаттау; тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; Құрылыс (Теміржол құрылысы; жол және жол шаруашылығы); көлік құрылысы; машина жасау (Технологиялық машиналар мен жабдықтар) инженерлік жүйелер; Экология; Жылу энергетикасы
- Жұмыс тәжірибесі: II санаттағы ұқсас лауазымда кемінде 2 жыл
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр