Ұңғымаларды бұрғылау жөніндегі сарапшы (аға инженер) • Жобалық кеңсе (аутстаффинг секторы)

«KMG Digital» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
17

Қаралған саны:
418

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • 1.         «Цифрлық қос» жобасының командасына мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау технологиясы, бұрғылау операцияларын орындау реттілігі және бұрғылау жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктері бойынша сараптамалық-консультациялық қолдау көрсетеді.
  • 2.         Ұңғымаларды бұрғылаудың қолданыстағы өндірістік процестерін (AS-IS) тексеруге және сипаттауға, сондай-ақ олардың цифрландыруға және цифрлық қосарламада бейнеленуіне қойылатын талаптарды айқындау мақсатында мақсатты процестерді (TO-BE) әзірлеуге қатысады.
  • 3.         Ұңғыманы бұрғылау кезеңдері мен операцияларын, технологиялық режимдерді, бұрғылау жабдығының жай-күйін және ұңғы құрылысының ағымдағы барысын цифрлық бейнелеу бойынша функционалдық талаптарды қалыптастыруға қатысады.
  • 4.         Цифрлық қосарламада бейнелеу және талдау үшін қажет болатын бұрғылау технологиялық параметрлерінің құрамын және тізбесін айқындайды, оның ішінде механикалық бұрғылау жылдамдығы, бұрғылау ұшының (долото) жүктемесі, бұрғылау құбырлары бағанының айналу жиілігі, айналу моменті, бұрғылау ерітіндісінің қысымы мен шығыны, ұңғы тереңдігі және жобаның функционалдық қамтуы шегіндегі басқа да параметрлер.
  • 5.         Жоба командасына бұрғылау операцияларының реттілігі, бұрғылау режимдері, спуск-тарту (түсіріп-көтеру) операциялары, бұрғылау ерітіндісінің циркуляциясы және ұңғы құрылысының өзге де технологиялық процестері бойынша кеңес береді.
  • 6.         Бұрғылау жабдығынан, бұрғылау параметрлерін тіркеу жүйелерінен және өзге де өндірістік көздерден түсетін технологиялық деректерді жинау, беру, өңдеу және бейнелеу талаптарын айқындауға қатысады.
  • 7.         Ұңғы құрылысының барысы туралы деректерді, бұрғылау технологиялық параметрлерін және бұрғылау жабдығының жай-күйін жобаның аясында пайдаланылатын басқа ақпараттық жүйелермен біріктіру талаптарын айқындауға қатысады.
  • 8.         Цифрлық қосарламада технологиялық параметрлердің, бұрғылау кезеңдерінің және өндірістік операциялар реттілігінің дұрыс бейнеленуін сараптамалық тексеруді жүзеге асырады.
  • 9.         Бұрғылау жұмыстарының ағымдағы жай-күйін, технологиялық параметрлердің берілген мәндерден ауытқуларын және бұрғылау процесіндегі өндірістік оқиғаларды визуализациялау талаптарын айқындауға қатысады.
  • 10.     Ұңғымаларды бұрғылау процестері бөлігінде цифрлық қосарламаның функционалдығын пайдаланушы сценарийлерін, тест жағдайларын және қабылдау критерийлерін қалыптастыруға қатысады.
  • 11.     Іске асырылған функционалға сараптамалық тестілеу жүргізеді, өндірістік процестерге және келісілген талаптарға сәйкес келмеушіліктерді анықтайды, оларды жою бойынша ескертпелер мен ұсыныстарды құжаттайды.
  • 12.     Цифрлық қосарламаны бұрғылау тиімділігін талдау, өнімсіз уақытты анықтау, технологиялық режимдерден ауытқулар және ұңғы құрылысының ұзақтығына әсер ететін факторларды бағалау үшін қолдану мүмкіндіктерін айқындауға қатысады.

Талаптар:

  • Жоғары кәсіби білім
  • Кәсіби қызмет бейіні бойынша кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі
  • Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажет білім:
  • –      Мұнай және газ ұңғымаларын салу технологиясы: кезеңдер, бұрғылау операциялары,
    спуск-тарту (түсіріп-көтеру) операциялары, бекіту және цементтеу, ұңғымаларды игеру.
    –      Ұңғы конструкциясы, бұрғылау жабдығының құрамы мен жұмыс істеу қағидаттары, бұрғылау
    ерітінділерінің түрлері, бұрғылау режимдері.
    –      Бұрғылау технологиялық параметрлері (механикалық жылдамдық, долотоға түсетін
    жүктеме, айналу жиілігі, айналу моменті, бұрғылау ерітіндісінің қысымы мен шығыны) және оларды
    тіркеу құралдары (геологиялық-технологиялық зерттеулер станциялары, телеметриялық жүйелер
    MWD/LWD).
    –      Қиғаш-бағытталған және көлденең бұрғылаудың негіздері, ұңғы траекториясын жобалау және бақылау
    қағидаттары.
    –      Ұңғы құрылысының уақыт балансының құрылымы, өнімсіз уақыт (ӨУ),
    авариялар мен асқынулардың түрлері және олардың жіктелуі.
    –      Ұңғы құрылысы бойынша құжаттаманы жүргізу құрамы мен тәртібі (бұрғылау бағдарламасы,
    тәуліктік рапорттар, актілер).
    –      Бұрғылау процестерінің геологиялық сүйемелдеумен, ұңғылардың ағымдағы және
    капиталдық жөндеуімен және ұңғыларды пайдалануға енгізумен өзара байланысы.
    –      Ұңғы салу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптары.
    Артықшылық болады:
    –      BPMN 2.0 нотациясы және бизнес-процестерді «қалай бар» (AS-IS)
    және «қалай болуы тиіс» (TO-BE) форматында сипаттау қағидаттары.
    –      Талаптарды басқару негіздері: пайдаланушы тарихтары (user stories), сценарийлер
    пайдалану (use cases), қабылдау критерийлері.
    –      Деректермен жұмыс істеу негіздері: SQL-сұраныстар, MS Excel (Power Query, жиынтық кестелер).
    –      Өріс цифрлық қосарламасы және интеграцияланған
    операциялар орталықтары тұжырымдамасын түсіну.
    –      Бұрғылау деректерін алмасу стандарттары (WITSML).
  • Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажет дағдылар:
  • –      Бұрғылау технологиялық параметрлерін және ұңғы құрылысының уақыт балансын талдау,
    ӨУ және технологиялық режимдерден ауытқуларды анықтау.
    –      Бұрғылау өндірістік процестерін сипаттау және ақпараттық жүйелерге функционалдық
    талаптарды тұжырымдау.
    –      Ақпараттық жүйелерде өндірістік деректердің бейнеленуінің дұрыстығын тексеру,
    функционалдық және қабылдау тестілеуіне қатысу.
    –      Сараптамалық қорытындылар, аналитикалық материалдар және презентациялар дайындау.
    –      Бұрғылау мердігерлерімен, инженерлік-техникалық мамандармен және
    ИТ-командамен өзара әрекеттесу, талаптарды келісу.
    Артықшылық болады:
    –      BPMN редакторларында бизнес-процестерді модельдеу (Camunda Modeler, Bizagi Modeler,
    MS Visio, draw.io немесе аналогтар).
    –      Тапсырмаларды басқару жүйелері мен білім базаларында жұмыс істеу (Jira, Confluence немесе аналогтар).

Шарттар:

  • Аутстаффинг секторында рәсімдеу
  • Бес күндік жұмыс аптасы
  • Әлеуметтік пакет