Мұнай өндіру жөніндегі сарапшы (аға инженер) Жобалық кеңсе (аутстаффинг секторы)

«KMG Digital» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 6 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
17

Қаралған саны:
394

   Конкурс туралы

Міндеттері:

1.  «Цифрлық қос» жобасының командасына мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау технологиясы, бұрғылау операцияларын орындау реттілігі және бұрғылау жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктері бойынша сараптамалық-консультациялық қолдау көрсетеді.
2. Ұңғымаларды бұрғылаудың қолданыстағы өндірістік процестерін
(AS-IS) тексеруге және сипаттауға, сондай-ақ олардың цифрландыруға қойылатын талаптарын және цифрлық қосарламада бейнеленуін айқындау мақсатында мақсатты процестерді (TO-BE) әзірлеуге қатысады.
3. Ұңғыманы бұрғылау кезеңдері мен операцияларын цифрлық бейнелеуге, технологиялық режимдерге, бұрғылау жабдығының жай-күйіне және ұңғы құрылысының ағымдағы барысына қатысты функционалдық талаптарды қалыптастыруға қатысады.
4. Цифрлық қосарламада көрсету және талдау үшін қажет бұрғылау технологиялық параметрлерінің құрамын және тізбесін айқындайды, оның ішінде механикалық бұрғылау жылдамдығы, бұрғылау ұңғысының (долотоның) жүктемесі, бұрғылау құбырлары бағанының айналу жиілігі, айналу моменті, бұрғылау ерітіндісінің қысымы мен шығыны, ұңғы тереңдігі және жобаның функционалдық қамтуы шегіндегі басқа да параметрлер.
5. Жоба командасына бұрғылау операцияларының реттілігі, бұрғылау режимдері, спуск-тарту (түсіру-көтеру) операциялары, бұрғылау ерітіндісінің циркуляциясы және ұңғы құрылысының өзге де технологиялық процестері бойынша кеңес береді.
6. Бұрғылау жабдығынан, бұрғылау параметрлерін тіркеу жүйелерінен және өзге де өндірістік көздерден түсетін
технологиялық деректерді жинау, беру, өңдеу және бейнелеуге қойылатын талаптарды айқындауға қатысады.
7. Ұңғы құрылысының барысы туралы деректерді,
бұрғылау технологиялық параметрлерін және бұрғылау жабдығының жай-күйін
жоба аясында пайдаланылатын басқа ақпараттық жүйелермен интеграциялауға қойылатын талаптарды айқындауға қатысады.
8. Цифрлық қосарламада технологиялық
параметрлердің, бұрғылау кезеңдерінің және өндірістік операциялар реттілігінің дұрыс бейнеленуін сараптамалық тексеруді жүзеге асырады.
9. Бұрғылау жұмыстарының ағымдағы жай-күйін, технологиялық параметрлердің берілген мәндерден ауытқуларын және бұрғылау процесіндегі өндірістік оқиғаларды визуализациялауға қойылатын талаптарды айқындауға қатысады.
10. Ұңғымаларды бұрғылау процестері бөлігінде цифрлық қосарламаның функционалдығына арналған пайдаланушы сценарийлерін, тест жағдайларын және қабылдау критерийлерін қалыптастыруға қатысады.
11. Іске асырылған функционалға сараптамалық тестілеу жүргізеді, өндірістік процестерге және келісілген талаптарға сәйкес келмеушіліктерді анықтайды,
оларды жою бойынша ескертпелер мен ұсыныстарды құжаттайды.
12. Цифрлық қосарламаны бұрғылау тиімділігін талдау,
өндірістік емес уақытты анықтау, технологиялық режимдерден
ауытқуларды және ұңғы құрылысының ұзақтығына әсер ететін факторларды бағалау үшін қолдану мүмкіндіктерін бағалауға қатысады.
13. Цифрлық қосарламаның функционалдығын өзгерту туралы сұрауларды қарастыруға қатысады, олардың бұрғылау жұмыстарының технологиялық ерекшеліктеріне және өндірістік қажеттіліктерге сәйкестігін бағалайды.
14. Бұрғылау мердігерлерінің өкілдерімен, инженерлік-техникалық мамандармен, ИТ-командамен және мердігер ұйымдармен цифрлық қосарламаның бұрғылау бөлігіндегі функционалдығын іске асыру мәселелері бойынша өзара әрекет етеді.

Талаптар:

  • Жоғары кәсіби білім
  • Қызмет бейіні бойынша кемінде 6 жыл жұмыс тәжірибесі
  • Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білім:
  • Мұнай және газ ұңғымаларын салу технологиясы: кезеңдер, бұрғылау операциялары, спуск-тарту (түсіру-көтеру) операциялары, бекіту және цементтеу, ұңғымаларды игеру.
  • Ұңғы құрылысы, бұрғылау жабдығының құрамы мен жұмыс істеу қағидаттары, бұрғылау ерітінділерінің түрлері, бұрғылау режимдері.
  • Бұрғылау технологиялық параметрлері (механикалық жылдамдық, долотоға түсетін жүктеме, айналу жиілігі, айналу моменті, бұрғылау ерітіндісінің қысымы мен шығыны) және оларды тіркеу құралдары (геологиялық-технологиялық зерттеу станциялары, MWD/LWD телеметриялық жүйелер).
  • Қиғаш бағытталған және көлденең бұрғылаудың негіздері, ұңғы траекториясын жобалау және бақылау.
  • Ұңғы құрылысы уақыты балансының құрылымы, өндірістік емес уақыт (ӨЕУ), авариялар мен асқынулар түрлері және олардың жіктелуі.
  • Ұңғы құрылысы бойынша құжаттаманы жүргізу құрамы мен тәртібі (бұрғылау бағдарламасы, тәуліктік рапорттар, актілер).
  • Бұрғылау процестерінің геологиялық сүйемелдеумен, ұңғылардың ағымдағы және
    капиталдық жөндеуімен және ұңғыларды пайдалануға енгізумен өзара байланысы.
  •  Ұңғы салу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптары.
  • Артықшылық болады:
    –      BPMN 2.0 нотациясы және бизнес-процестерді «қалай бар» (AS-IS) және «қалай болуы тиіс» (TO-BE) форматында сипаттау қағидаттары.
    –      Талаптарды басқару негіздері: пайдаланушы оқиғалары (user stories), пайдалану сценарийлері (use cases), қабылдау критерийлері.
    –      Деректермен жұмыс істеу негіздері: SQL сұраулары, MS Excel (Power Query, жиынтық кестелер).
    –      Өріс (кен орны) цифрлық қосарламасы және интеграцияланған операциялар орталықтары тұжырымдамасын түсіну.
    –      Бұрғылау деректерін алмасу стандарттары (WITSML).

Шарттар:

  • Аутстаффинг секторында рәсімдеу
  • Бес күндік жұмыс аптасы
  • Әлеуметтік пакет