«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Батыс» жолаушылар тасымалы жөніндегі өңірлік филиалының жоспарлау-экономикалық бөлімінің жетекші экономисі
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Бухгалтерлік есеп бойынша түскен кірістердің дұрыс көрсетілуін бақылау және тексеру;
- жол жүру билеттерін және жергілікті кірістерді сату бойынша ай сайынғы жиынтықты жасау, филиалдың негізгі және негізгі емес қызметінен түсетін кірістер бойынша талдама жасау, дебиторлық берешекті талдама жасау;
- дебиторлық берешекті өтеу, азайту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және оның орындалуын бақылау;
- тасымалдаушылар бойынша филиалдың жолаушылар поездарына жол жүру билеттерін сатудан түскен кірістер бойынша Агенттіктермен ай сайынғы тексеру және салыстыру актілерін келісу;
- бекітілген бюджет шегінде шығыстар бойынша РАҚ сапалы және уақтылы қабылдауды қамтамасыз етуге;
- негізгі өндірістік көрсеткіштердің орындалуын талдауды қамтамасыз етуге;
- бюджет комиссиясына (БК) шығыстарды түзету жөніндегі материалдарды уақтылы ұсынуды қамтамасыз етсін;
- «Вагонсервис» АҚ, «АЖЗ» АҚ және бөгде ұйымдардың шығыстарын ай сайын тексеру және бақылау жүргізу (төсек-орын жиынтықтарымен жабдықтау, БАМ жуу, химиялық тазалау, нысанды киім) және т.б. шығыстар мен кірістер бойынша талдау жүргізу;
- есептерді және оларға негіздемелерді жасау, жоспарлы көрсеткіштерді ұйымның өндірістік бөлімшелеріне жеткізу, жоспардың тиісті бөлімдеріне өзгерістерді уақтылы енгізу;
- қаржыландыруға арналған өтінімді қалыптастыру үшін филиалдың бухгалтериясына іссапар шығыстары бойынша ай сайын жоспарлы таратып жазуды ұсыну.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
- Мамандығы: экономика; қаржы; есеп және аудит; менеджмент; еңбекті ұйымдастыру және нормалау; статистика.
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр