Кран машинисі Өндірістік персонал "Кедентранссервис" АҚ Атырау қаласындағы филиалы
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Жүк көтергіш кранды тиеу-түсіру, монтаждау және басқа да жұмыстарды орындау кезінде басқару;
- Қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, жүктерді көтеру, жылжыту және түсіру жұмыстарын жүргізу;
- Жүктерді, жабдықтарды, материалдарды және өзге де тауарлық-материалдық құндылықтарды тиеу және түсіру жұмыстарын орындау;
- Жұмыс басталар алдында кранның техникалық жай-күйін, механизмдердің, тежегіштердің, қауіпсіздік аспаптары мен жүк қармау құрылғыларының жарамдылығын тексеру;
- Жұмыстарды орындаудың белгіленген технологиясын, өндірістік нұсқаулықтардың және жүк көтергіш механизмдерді пайдалану қағидаларының талаптарын сақтау;
- Строптаушымен бірлесіп, жүктерді дұрыс строптау және олардың сенімді бекітілуін бақылау;
- Кранның белгіленген жүк көтергіштік шегінен асып кетуіне жол бермеу;
- Кранда ақаулар, қауіпсіздік аспаптарының жарамсыздығы анықталған немесе еңбек жағдайларына қауіп төнген кезде жұмысты дереу тоқтату;
- Кранды және жұмыс орнын таза әрі тәртіпте ұстау;
- Өз біліктілігі шегінде кранға техникалық қызмет көрсету және анықталған ақаулар туралы тікелей басшыға хабарлау;
- Белгіленген пайдалану құжаттамасын жүргізу және кранның жұмысы туралы тиісті жазбаларды енгізу;
- Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария талаптарын сақтау;
- Белгіленген нормаларға сәйкес жеке қорғаныш құралдарын пайдалану;
- Өндірістік қызметке қатысты және лауазымдық міндеттеріне кіретін тікелей басшының тапсырмаларын орындау.
Біліктілік талаптары:
-
Білімі: орта (техникалық және кәсіптік), мамандығы бойынша мамандандырылған оқу орталығында даярлықтан өткен болуы тиіс.
-
Жұмыс тәжірибесі: кемінде 2 жыл.
Қосымша талаптар:
1. Тиісті біліктілік бойынша кәсіптік білімі немесе арнайы даярлығы болуы;2. Тиісті үлгідегі жүк көтергіш кранды басқару құқығына берілген қолданыстағы куәлігінің болуы;
3. Жүк көтергіш крандарды қауіпсіз пайдалану қағидаларын білу.
Қажетті қабілеттер
- * Дисциплинированность и ответвенность
Қажетті білім дәрежесі
- Орташа білім
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Кәсіби)
- Орыс тілі (Орташа)
Ұқсас вакансиялар