Пайдалану дирекциясының энергоблокты пайдалану жөніндегі жетекші инженері
«Түркістан БГҚ» ЖШС Қарамұрт а.Міндеттері:
Режимдерді инженерлік сүйемелдеу
1) ГТҚ (газтурбиналық қондырғы) іске қосу, тоқтату, өтпелі және стационарлық режимдерін, утилизациялық қазандықтарды, бу турбиналарын және қосалқы жүйелерді талдау;
2) іске қосу графиктерінің сақталуын және температура, діріл, жылулық ұлғаюлар, қысым, жұмыс ортасының деңгейлері, вакуум және жұмыс ортасының сапасы бойынша белгіленген пайдалану шектеулерінің орындалуын талдау, анықталған ауытқулар туралы энергия блогының басшысына уақтылы хабарлау;
3) сенімділік пен ресурсты төмендетпей, жабдық құрамы, өз мұқтаждары және отын шығынын оңтайландыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
4) техникалық шешімдер жобаларын, жабдықты сынақтан өткізу (опробование) бағдарламаларын және күрделі ауыстырып-қосқыштарды әзірлеу, олардың келісуін және белгіленген тәртіппен бекітуге ұсынуды қамтамасыз ету;
Техникалық жағдайы және ақаулар
1) ақауларды, қорғаныс қорғаныштарының іске қосылуын, сәтсіз іске қосуларды, мәжбүрлі шектеулерді және қайталанатын сигналдарды талдау;
2) жабдықтың техникалық жағдайын бақылау, диагностика, жөндеу бойынша және уақытша пайдалану режимдерін қолдану бойынша ұсынымдар әзірлеу, оларды белгіленген тәртіппен келісуге ұсыну;
3) ауысымдық жазбалардың толықтығы мен дұрыстығын, технологиялық параметрлердің архивтік деректерін және технологиялық бұзушылықтарды талдау мен тергеу үшін қажет өзге де материалдарды тексеру;
4) жабдықты ақаулау (дефектация) жұмыстарына қатысу, орындалған жөндеу жұмыстарының сапасын тексеру, жөндеуден кейін жабдықты қабылдау және берілген өкілеттік шегінде оны сынақтан өткізуге (опробование) техникалық дайындығы туралы қорытындылар дайындау;
5) жөндеу және өзге де мүдделі бөлімшелермен ақауларды талдау, істен шығу себептерін айқындау, техникалық шешімдерді дайындау және жабдықтың сенімділігін арттыру бойынша келісілген іс-шаралардың орындалуын бақылау мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау
Құжаттама және персоналды даярлау
1) пайдалану нұсқаулықтарын, режимдік карталарды, бақылау параметрлерінің тізімдерін және жаттығу бағдарламаларын әзірлеу және өзектендіру;
2) техникалық сабақтар мен оқиғаларды талқылаулар өткізу, персоналдың тағылымдамасына және білімін тексеруге қатысу;
3) келісілген техникалық өзгерістер мен өндірушілердің ұсынымдарын өз құзыреті шегінде пайдалану құжаттамасына енгізуді қамтамасыз ету, оның өзектілігін бақылау;
4) учаске жабдығының жағдайы, сенімділігі және тиімділігі туралы кезеңдік есептер дайындау.
Талаптар:
- Білім деңгейі - Жоғары техникалық білім
- Білім бағыты - Жылуэнергетика, энергетикалық машина жасау, энергетикалық жабдықты пайдалану немесе өзге де тиісті техникалық бағыт
- Мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі - Энергетикалық жабдықты пайдалану, техникалық қызмет көрсету, баптау (наладка) немесе техникалық сүйемелдеу саласында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі
- Қарастырылатын қызмет мәселелері бойынша сертификаттардың болуы қалаулы
- Microsoft Office бағдарламаларын сенімді қолданушы;
- Мемлекеттік, орыс және ағылшын (қалаулы) тілдерін білу.
1) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы, лауазым көлемінде еңбек қауіпсіздігі, өнеркәсіптік, өрт және экологиялық қауіпсіздіктің қолданыстағы талаптары;
2) электр станциялары мен желілердің техникалық пайдаланудың қолданыстағы ережелері, жылутехникалық жабдықты қауіпсіз пайдалану ережелері және жұмыс берушінің жергілікті нормативтік құжаттары;
3) бу-газ электр станциясының жылу сұлбасы, газ турбиналарының, утилизациялық қазандықтардың, бу турбиналарының, құрғақ градирнялардың және жалпы блоктық қосалқы жүйелердің өзара әсері;
4) бекітілген жабдықтың құрылғысы, тағайындалуы, жұмыс диапазондары, қорғаныстары, блокировкалары, сигнализациясы және қауіпсіз күй критерийлері;
5) жедел сұлбалар, технологиялық регламенттер, өндірушілердің нұсқаулықтары, режимдік карталар, ауыстырып-қосу бағдарламалары және жедел құжаттаманы жүргізу тәртібі;
6) ауысымды қабылдау және тапсыру тәртібі, жедел келіссөздер, өкімдерді орындау, оқиғаларды, ақауларды, қорғаныстардың іске қосылуын және режим ауытқуларын тіркеу;
7) жабдықты жөндеуге шығару және іске қосу тәртібі, наряд-рұқсат (нарядно-допуск) жүйесі, энергия көздерін блокировкалау, тығындарды, жерлендірулерді және қоршауларды өз өкілеттік шегінде орнату;
8) авариялық режимдердің белгілері, өрт кезінде, газдың ағуы кезінде, құбырөткізгіштің жарылуы кезінде, электрмен жабдықтаудың жоғалуы кезінде, КИПиА-ның (өлшеу, бақылау және автоматика құралдары) істен шығуы және өзге де қауіпті оқиғалар кезіндегі іс-қимыл тәртібі;
9) жеке қорғаныс құралдарын, байланыс құралдарын, бастапқы өрт сөндіру құралдарын және алғашқы көмек көрсету тәртібі;
10) жылулық баланстар, іске қосу диаграммалары, қыздыру мен жүктеудің рұқсат етілген жылдамдықтары, негізгі жабдықтың термиялық күй критерийлері;
11) трендтерді, оқиғаларды, дірілді, температураларды, қысымдарды, шығындарды, вакуумды және технико-экономикалық көрсеткіштерді талдау әдістері;
12) бағдарламалық қамтамасыз етуге және уставкаларға (баптауларға) араласпай, DCS архивтерінің, діріл бақылау және диагностика жүйелерінің құрылымы мен тағайындалуы.
Шарттар:
- 5/2, жұмыс кестесі 09:00-18:30, түскі ас 13:00-14:30
- Әлеуметтік пакет
- Медициналық сақтандыру
Қажетті білім дәрежесі
- Техникалық және кәсіптік білім беру
Ұқсас вакансиялар