«QazaGaz Aimaq» АҚ Жетісу өндірістік филиалының бас маманы (саты палу бойынша)
«QazaqGaz Aimaq» АҚ Жетісу өндірістік филиалы Талдықорған қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Құрметті ізденуші!
Біздің компанияға қызығушылық танытқаныңыз үшін рахмет.
Бос орынға жауап бермес бұрын конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
- Білім, тәжірибе, дағдылар және т.б. туралы ұсынылатын деректердің анықтығына ізденуші жауапты болады.
- Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоғы туралы анықтама беру қажет.
- Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қадағалауыңызды сұраймыз.
Төменде сіз жарияланған бос орнымен таныса аласыз.
МІНДЕТТЕРІ:
- Филиалда тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды уақтылы жүзеге асыруды қамтамасыз ету, сатып алу қағидаларына және басқа да құжаттарға сәйкес олар бойынша құжаттаманың тиісті ресімделуін сақтау;
- Филиалда тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу процесін дайындау, сатып алу тәсілін анықтау;
- шарттардың, төлемге өтінімдердің, тауарларды жеткізу, жұмыстарды, қызметтерді қабылдау актілерінің жобаларын қарау.
- тендерлік өтінімдерді қабылдау, бағалау және салыстыру процесін бақылау және қамтамасыз ету, сатып алу бойынша әлеуетті өнім берушіні айқындау;
- жоғары тұрған ұйымдар мен уәкілетті органдардың сұрау салуларына сәйкес өткізу үшін өткізілген сатып алулар, шарттардың орындалуы бойынша есептерді белгіленген тәртіппен дайындауды бақылау және ұйымдастыру;
- сатып алу процесін жүзеге асыру, шарттарды орындау кезінде туындайтын мәселелер бойынша уәкілетті мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру (құжаттаманы келісу, хат алмасуды жүргізу, сұрау салуларды жіберу);
- тендерлік комиссияның ұйымдастыру қызметін қамтамасыз ету;
- тендерлік комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастыру, тендерлік комиссияны қажетті құжаттармен қамтамасыз ету, тендерлік комиссия отырысын өткізуді ұйымдастыру;
- Электрондық сатып алудың ақпараттық жүйесінде тендер және баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен электрондық сатып алуды қалыптастыру;
- тендерлердің қорытындылары туралы хаттамаларды, сондай-ақ тендерлік комиссия отырыстарының басқа да хаттамаларын ресімдеу және оларға қол қою;
- Филиалдың басқа қызметкерлерінен оған келіп түсетін құжаттарды келісу (бұрыштама қою) ;
- Филиалда сатып алу бойынша шешімдерді, бұйрықтарды, Хаттамаларды және басқа материалдарды тіркеу және жүйелеу;
- тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу құжаттары мен материалдарының компания белгілеген тәртіппен мұрағатқа сақтауға берілген сәтке дейін сақталуын қамтамасыз ету;
- өз құзыреті шегінде Компания мен Филиалдың денсаулығын, еңбек қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғау менеджменті жүйесінің талаптарын сақтау.
- орындалған жұмыс туралы белгіленген мерзімде мерзімді есептілікті дайындау;
- бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болып табылатын шығындар баптары бойынша ақпарат беру арқылы филиал бюджетін қалыптастыруға қатысу;
- Денсаулық сақтау, Еңбек қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді (НҚА) және нормативтік техникалық құжаттаманы (НТҚ), баж құжаттамасын орындау;Кәсіпорынның шаруашылық-қаржылық қызметінің бухгалтерлік есебін, кәсіпорын меншігінің сақталуын ұйымдастыруды жүзеге асыру;
ТАЛАПТАР:
- бас маман лауазымына (сатып алу бойынша) келесі біліктілік талаптарына жауап беретін тұлға тағайындалады:
- білімі-жоғары экономикалық, заңдық және / немесе техникалық;
- сатып алу саласындағы практикалық жұмыс тәжірибесі кемінде 3 (үш) жыл;
- компания қызметіне қолданылатын қатынастарды құқықтық реттеу мәселелері бойынша куәліктермен, сертификаттармен, куәліктермен және т. б. расталған арнайы қосымша білімнің болуы құпталады.
-
ШАРТТАР:
Күндізгі жұмыс аптасы, сенбі және жексенбі демалыс.