«Б.Оразбаев атындағы ТЭЦ-1» электр цехының электротехникалық зертханасындағы релелік қорғаныс және автоматика аппаратурасын жөндеу жөніндегі электромонтер (АО «АлЭС»)

«Алматы электр станциялары» АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Ішкі іздеу
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
45

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • РЗА-ның аса күрделі құрылғыларын техникалық қызмет көрсету, жөндеу, реттеу және баптау;
  • РЗА аса күрделі аппаратурасының, электрондық аппаратураның, автоматика құрылғыларының және екіншілік коммутацияның ақауларын анықтау және жою;
  • электронды-өлшеу, сынақ және бақылау аппаратурасын қолдана отырып, РЗА құрылғыларына күрделі және арнайы сынақтарды орындау;
  • релелердің механикалық және электр бөліктерін, жоғары жиілікті қорғаныс блоктарын, аспаптар мен аппараттарды жөндеу;
  • берілген өкілеттік шегінде РЗА аса күрделі релейлік қорғаныстарын және автоматика құрылғыларын тексеру;
  • РЗА құрылғыларының істен шығу себептерін және дұрыс жұмыс істемеуін анықтау және оларды жою бойынша іс-шараларды әзірлеуге қатысу;
  • орындалған жұмыстар нәтижелері бойынша пайдалану және техникалық құжаттаманы жүргізу;
  • ток және кернеу тізбектерінде электр шамаларын өлшеуді орындау, РЗА құрылғыларының сұлбаларының дұрыстығын тексеру және баптау кезінде векторлық диаграммаларды шешу және талдау;
  • жөндеу, техникалық қызмет көрсету және сынақтардан кейін РЗА құрылғыларын жұмысқа қосуға дайындауға қатысу;
  • электрқозғалтқыштардың, генераторлардың, трансформаторлардың, синхронды компенсаторлардың, кабельдік желілердің және жоғары вольтты электр беру желілерінің РЗА күрделі құрылғыларын бөлшектеу, жөндеу, жинау, техникалық қызмет көрсету және ақауларын жою;
  • электронды-өлшеу аппаратурасымен, осциллографтармен, жоғары жиілікті өлшегіштермен, генераторлармен және басқа да сынақ аппаратурасымен жұмыс істеу;
  • электр қондырғыларында нарядтар, өкімдер бойынша және ағымдағы пайдалану тәртібімен жұмыстарды орындау — Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларына, еңбекті қорғау талаптарына және жұмыс берушінің жергілікті нормативтік құжаттарына сәйкес;
  • РЗА құрылғыларын тексеру үшін қолданылатын аса күрделі жинақталған сынақ және бақылау қондырғыларын жөндеуді, техникалық қызмет көрсетуді, тексеруді және баптауды орындау;
  • жұмыс берушінің біліктілік 6 разряды шегінде, берілген өкілеттіктер және жергілікті нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес РЗА құрылғыларын қызмет көрсету, жөндеу, тексеру және баптаумен тікелей байланысты өзге де жұмыстарды орындау және т.б.*

Талаптар:

  • Орта жалпы білім және энергетика ұйымдарында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі, сондай-ақ құрылымдық бөлімшенің бейіні бойынша 1 жыл*

Шарттар:

Қажетті білім дәрежесі

  • Орташа білім