Стратегия бөлімінің маманы (аутстаффинг)

«KMG Digital» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
43

Қаралған саны:
445

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Қоғамның даму стратегиясын және трансформациялау Жол картасын әзірлеу және өзектендіру.
  • Стратегиялық талдау жүргізу (ақпарат жинау, SWOT-талдау, үздік тәжірибелермен бенчмаркинг).
  • Сыртқы коммуникация: IT-қоғамдастықтармен серіктестік орнату, форумдар мен конференцияларға қатысу, мемлекеттік органдармен, «ҚазМұнайГаз» АҚ және «Самұрық-Қазына» қорымен өзара іс-қимыл.
  • Мақсат қою жүйесін қалыптастыру және мониторинг жүргізу (Бас директордың KPI-і, қызметкерлердің мақсаттар картасы).

Талаптар:

  • Жоғары кәсіби білім
  • Қызмет бейіні бойынша кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесі
  • Іскерлік әкімшілендіру саласындағы білім
  • Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер:
  • 1)      заманауи техникалық құралдар мен компьютерлік технологияларды қолдана отырып ақпарат жинау және өңдеу әдістері;
    2)      қызмет тиімділігін басқару және мақсат қою жүйесінің негіздері (KPI);
    3)      стратегиялық талдау, стратегиялық жоспарлау әдістері;
    4)      компания жүйелерін дамыту және олардың жұмыс істеуін басқару әдістері, оның ішінде цифрлық/IT-трансформация процестері;
    5)      корпоративтік іс-шараларды ұйымдастыру қағидаттары (стратегиялық сессиялар, хакатондар, Demo Day, таунхоллдар).
  • Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
    · стратегиялық ойлау және жүйелік талдау;
    · жоғары коммуникативтік және ұйымдастырушылық дағдылар, сыртқы тараптармен келіссөздер жүргізу;
    · презентациялар мен аналитикалық материалдарды дайындау;
    MS Office бағдарламаларын сенімді қолданушы.

Шарттар:

  • аутстаффинг секторында ресімдеу
  • бес күндік жұмыс аптасы