«ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының «Зерттеулер және әзірлемелер орталығы» филиалының бухгалтерлік есеп қызметінің бастығы
«ҚазТрансОйл» АҚ Астана қ.Міндеттері:
1) Филиалда бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды қамтамасыз ету және барлық ресурстар түрлерін ұтымды, үнемді пайдалануын, сондай-ақ Филиалдың мүлкінің сақталуын бақылау;
2) құжат айналымының ұтымды жүйесін қамтамасыз ету, бухгалтерлік есеп жүргізудің прогрессивті нысандары мен әдістерін қолдану;
3) келіп түсетін ақшалай қаражаттың толық есебін қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың қозғалысына байланысты операцияларды бухгалтерлік есепте уақтылы әрі заманауи түрде көрсету;
4) Филиалдың шаруашылық-қаржылық қызметі нәтижелерінің дәл есебін қамтамасыз ету;
5) жұмысшылардың, мамандардың және қызметкерлердің жалақысының толық есебін қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың есептелуіне байланысты операцияларды бухгалтерлік есепте уақтылы көрсету. Бухгалтерлік, салықтық және статистикалық есептілікті жасау үшін деректерді дайындау;
6) аванстық есептерді қабылдауды, тексеруді және есеп беретін тұлғалармен есеп айырысулардың толық есебін қамтамасыз ету;
7) банктік операциялар бойынша, жалақы бойынша, есеп беретін тұлғалармен есеп айырысулар бойынша бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, оларды ресімдеу және белгіленген тәртіппен архивке тапсыру;
8) қызметтік төлем жазбасы және оған қоса берілген, тиісті түрде ресімделген құжаттар негізінде Филиалға төлем үшін төлем күнтізбесіне сәйкес алдын ала ақшалай қаражат резервтелген болған жағдайда SAP ERP бағдарламасында төлеуге қорытынды дайындау, алдағы төлемдердің күнделікті тізілімін қалыптастыру, екінші деңгейдегі банктерге төлем тапсырмаларын дайындау және жіберу;
9) ақша қаражатын, тауарлық-материалдық қорларды, негізгі қорларды, есеп айырысулар мен төлем міндеттемелерін түгендеу жүргізудің белгіленген ережелерінің сақталуын бақылау;
10) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қаржы-шаруашылық операциялары бойынша құжаттардың орындалуын және ресімделуін қамтамасыз етуге бақылау жасау;
11) қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау немесе электрқауіпсіздік саласындағы ережелер мен нұсқаулықтардың бұзылуы қызметкерлердің денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіруі мүмкін жағдайларда жұмысты тоқтата тұру;
12) оның тікелей басшысы және Филиал мен Қоғамның ішкі құжаттары жүктеген өзге де міндеттерді, оның ішінде жетекші маманды (қазынашылық) алмастыруды қоса алғанда, орындау.
Талаптар:
Кадрларды даярлау бағытына сәйкес жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім.
Мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл
Басшылық лауазымдарда жұмыс өтілі кемінде 5 жыл
Шарттары:
Күніне 8 сағат, 5 күндік жұмыс аптасы, 2 демалыс күнімен, сенбі және жексенбі
Жұмысты орындау орны — Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Мәлік Ғабдуллин көшесі, 2-үй.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Орташадан жоғары)