Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің 2-сыныпты Шайқорық теміржол станциясы бастығының орынбасары.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Станция қызметкерлерінің еңбек пен демалыс режимін бақылайды, демалыстарды беруді ұйымдастырады, кезеңдік және ауыстық медициналық тексерулерден өтуін тексереді;
- Белгіленген тәртіппен қажетті қызметкерлер санын, оларды іріктеуді, сапалық құрамды, орналастыруды қамтамасыз етеді, сондай-ақ қызметкерлерді уақытылы оқытуды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;
- Еңбек тәртібін бұзған әрбір жағдай бойынша тергеуді жүргізуді бақылайды, кінәлі тұлғаларды еңбек заңнамасына сәйкес тәртіптік жауапкершілікке тарту шараларын қабылдайды;
- Қозғалмалы құрамды (вагондар, локомотивтер және т.б.) меншік нысанына қарамастан ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді және бақылайды;
- Диспетчерлік аппараттан түсетін тәуліктік және ауыстық тапсырмалар негізінде теміржол станциясының пойыздық және жүк жұмысын тәулікке және ауысымға жоспарлайды;
- Станциядағы қозғалыс қауіпсіздігі жағдайы бойынша ай сайынғы талдау жүргізеді.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе аспирантура/PhD)
- Бейіндік мамандығы: Тасымалдау мен қозғалысты ұйымдастыру және көлікті эксплуатациялау (теміржол көлігі);
- Жұмыс өтілі: кемінде 5 жыл, оның ішінде кемінде 2 жыл өндірістік-техникалық бөлім бастығы лауазымында немесе кемінде 3 жыл станициялық/маневрлік диспетчері, сыныптан тыс 1-2-ші санаттағы станция бойынша дежурлысы лауазымдарында.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр