"Қарағанды" магистральды газ құбырлары басқармасы филиалының корпоративтік қауіпсіздік бойынша жетекші маман

«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Қарағанды» магистральдық газ құбырлары басқармасы Қарағанды қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
40

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттері:

- Парақорлық пен сыбайлас жемқорлыққа қатысты толық төзбеушілік қағидатын ұстану, сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу;

- Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, алаяқтық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау, құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен алдын алу мақсатында қызметті үйлестіру бойынша құқық қорғау және арнаулы органдармен өзара іс-қимыл жасау;

- Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес қызметтік тексерулер мен ішкі тергеп-тексерулерді бастау және жүргізу, оның ішінде:

  • дәлелдемелерді жинау, тіркеу және талдау;

  • мемлекеттік органдарға және өзге де ұйымдарға сұрау салулар жолдау;

  • ішкі тергеп-тексеру актілерін дайындау;

  • кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізу.

Қоғам қызметкерлерінің әрекеттерінен әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайда, тиісті процестік шешім қабылдау үшін анықталған бұзушылықты растайтын құжаттарды жинау және Қазақстан Республикасының құзыретті құқық қорғау органдарына беру жөнінде Филиал және ДКБ басшылығына ұсыныстар енгізу;

- Физикалық (өндірістік объектілер, келісімшарттық аумақтар және т.б.) және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мониторингі бойынша ақпаратты өңдеу және талдау;

- Филиалда ішкі, физикалық, экономикалық және инженерлік-техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мониторингі бойынша жұмыс жоспарларын, есептер мен баяндамаларды, оның ішінде объектілердегі құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жоспарлар мен іс-шараларды әзірлеу;

- Ішкі, физикалық және экономикалық қауіпсіздікке төнетін қатерлерді барынша азайту жөніндегі іс-шаралардың орындалуын ұйымдастыру;

- Филиалдың экономикалық, физикалық және ішкі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай корпоративтік саясатты қалыптастыру бойынша тақырыптық шолулар, есептер мен ақпараттық материалдар дайындау, ұсыныстарды жинақтау және ұсынымдар әзірлеу;

- Мүдделі тұлғалардың сұрау салуы бойынша ДКБ және Филиал құзыреті шеңберінде атқарылған жұмыс туралы есептерді, өзге де статистикалық және талдамалық ақпаратты қалыптастыру;

- Криминогендік тәуекелдерді, оның ішінде алаяқтық әрекеттер мен сыбайлас жемқорлық көріністерінің тәуекелдерін барынша азайту бойынша шараларды ұйымдастыру және қабылдау жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу;

- Жоспарлы және жоспардан тыс іссапарларды, қызметтік тексерулер жоспарларын әзірлеуге қатысу;

- Қоғам филиалдарының жауапты лауазымды тұлғалары мен күзет қызметі субъектілерінің терроризмге осал объектілерді (бұдан әрі – ТОО) терроризмге қарсы қорғау жөніндегі міндеттерін орындауына бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру. Бұл ретте Қазақстан Республикасының «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңында көзделген терроризмге қарсы іс-шаралардың және Қоғам филиалдарының стратегиялық объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылау;

- Қоғамның орталық аппараты мен филиалы шарттар негізінде тартатын күзет қызметі субъектілерінің жұмысын бақылау, күзетілетін объектілерде ұрлық, тонау және өзге де қылмыстардың алдын алу және анықтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

- Заманауи техникалық қорғау құралдарын, қолжетімділікті бақылау жүйелерін және бейнебақылау жүйелерін пайдалану арқылы Филиал объектілерінде өткізу режимінің тиімділігін арттыруға бағытталған ұйымдастырушылық және практикалық шараларды әзірлеу;

- Тағайындау, ауыстыру, ротациялау және жұмыстан босату кезінде кандидаттар мен қызметкерлерге қатысты беделіне нұқсан келтіретін және теріс мәліметтердің бар-жоғын анықтау мақсатында тексеру іс-шараларын жүргізу, басшылық лауазымдарға тағайындау кезінде кандидаттардың іскерлік және жеке қасиеттерін зерделеу, Филиалдағы моральдық-психологиялық ахуалды талдау;

- Филиалға залал келтіруі мүмкін салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдерді төлеуден жалтару, көрінеу жалған, өзгертілген немесе бұрмаланған ақпарат беру фактілері туралы қосымша ақпарат алу мақсатында контрагенттерді тексеру рәсімдеріне қатысу;

- Құзыреті шегінде тауарлық-материалдық құндылықтардың жоғалуы, ұрлануы және жетіспеушілігі фактілері бойынша қалыптасқан дебиторлық берешек мәселелерімен жұмыс жүргізу, талап-арыздарды қамтамасыз ету бөлігінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру және сот үкімдерін орындау мәселелері бойынша құқық қорғау және сот органдарымен өзара іс-қимыл жасау;

- Филиал объектілерін жобалау, салу, жөндеу және реконструкциялау, пайдалануға беру және пайдалану, пайдаланудан шығару, консервациялау және (немесе) жою талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

- Корпоративтік қауіпсіздік қызметі шеңберінде Филиалдың өкімдік және өзге де ішкі нормативтік құжаттарының жобаларын дайындауға қатысу;

- ДКБ директоры мен Филиал директорын қауіпсіздіктің жай-күйі мен төнетін қатерлер туралы уақтылы әрі шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету, Филиалдың қауіпсіздік жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу, қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз ету;

- ДКБ және Филиал директорларының жедел тапсырмаларын орындау, оның ішінде корпоративтік қауіпсіздіктің жоғары деңгейін сақтау мақсатында превентивтік және белсенді шаралар қабылдау;

- ДКБ және Филиал директорларының тапсырмасы бойынша корпоративтік қауіпсіздік және Филиал қызметіне қатысты өзге де мәселелерді шешуге қатысу;

- «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Корпоративтік қауіпсіздік стандартына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін тәсілдермен корпоративтік қауіпсіздіктің барлық бағыттары бойынша өзге де іс-шараларды жүзеге асыру.

Біліктілік талаптары:

Қызмет бейіні бойынша жұмыс тәжірибесі: Экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтарды анықтау және тергеп-тексерумен байланысты құқық қорғау немесе арнаулы органдар жүйесінде кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болуы.

Білімі: Жоғары кәсіптік білім (заңгерлік немесе экономикалық).