Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі инженер
«CASPI BITUM» БК» ЖШС Ақтау қ.Міндеттері:
Жұмыс орындарында және мердігерлік жұмыстар кезінде қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарының сақталуын ішкі бақылау; кіріспе нұсқама жүргізу, оқытуды ұйымдастыру, нұсқаулықтарды өзектендіру, ЖҚҚ қолданылуын және бұзушылықтарды жоюды бақылау. Құзырет шегінде көлік қауіпсіздігін, қауіптілігі жоғары жұмыстарды қауіпсіз жүргізуді және электрқауіпсіздікті бақылау. Еңбек жағдайлары бойынша өндірістік объектілерді аттестаттауды ұйымдастыру, тәуекелдерді бағалауға және тергеулерге қатысу. «Қорғау» жүйесін енгізу және толық сүйемелдеу.
Қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартының толық сүйемелдеуі, оның ішінде сатып алу, міндеттемелерді бақылау және сақтандыру жағдайларын сүйемелдеу. БиОТ бойынша бекітілген шарттарға кураторлық ету. Есептілікті дайындау, оның ішінде HSE KMG, Комитет материалдары және БиОТ бағыты бойынша тапсырмалар жинағы; ISO 45001 аудиттеріне қатысу.
Білім:
Қызметкерлерді даярлау бағытына сәйкес жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім (бейіндік білім) қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында. Стажға қойылатын талаптар орындалған жағдайда техникалық жоғары білімге рұқсат етіледі.
Сертификаттардың болуы: жүктелетін функцияларға сәйкестігін бағалау үшін БиОТ, электрқауіпсіздік және алғашқы көмек көрсету бойынша оқыту мен білімін тексеру туралы қолда бар құжаттарды ұсыну.
Жұмыс тәжірибесі:
Бейіндік жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда – кемінде 3 жыл. Техникалық жоғары білім болған жағдайда – «Еңбекті қорғау және ТҚ инженері» лауазымында кемінде 5 жыл.
КМГ және/немесе аффилиирленген ұйымдарда, мұнай-газ саласында – кемінде 1 жыл.
Міндеттерді орындау үшін қажетті негізгі білімдер:
- Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы және қауіпсіздік және еңбекті қорғау, оқыту, нұсқамалар, еңбек жағдайлары бойынша өндірістік объектілерді аттестаттау және жазатайым оқиғаларды тергеу бойынша қолданылатын нормативтік талаптар.
- Қауіптілігі жоғары жұмыстарды қауіпсіз жүргізу талаптары, наряд-рұқсат жүйесі, энергия көздерін оқшаулау, көлік қауіпсіздігі және инженердің бақылау функциялары көлеміндегі электрқауіпсіздік.
- Жұмыс орындарын тексеру тәртібі, қауіптіліктерді анықтау, кәсіби тәуекелдерді бағалау, түзетуші іс-шараларды әзірлеу және бақылау; жеке және ұжымдық қорғану құралдарына қойылатын талаптар.
Қажетті қабілеттер
- - Умение правильно понимать нормы законодательства, разъяснять их и применять в практике
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
Бағыттар бойынша сертификаттардың бар болуы қажет
- Қауіпсіздік техникасы
Ұқсас вакансиялар