"Кедентранссервис" АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының тиеу-түсіру жұмыстарының шебері (Өскемен қ.)

Жалақы көрсетілмеген
Филиал АО «Кедентранссервис» по Восточно-Казахстанской области Шығыс Қазақстан облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
149

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:
  • Әр жұмыс күні үшін жұмысты жоспарлауға қатысады; жүк ауданының жұмысшыларының жоспардың орындалуына талдау жасайды; жұмыста үзіліс тудыратын себептерді анықтайды және жояды;
  • қабылдап-тапсырушымен бірлесіп тиегіштерді тиеу-түсіру майдандарының жұмыс орындарына бөледі;
  • жоспарлы тапсырманың орындалуын және тиеу-түсіру жұмыстарында атқарылған әрбір механизмнің барынша жүктелуін қамтамасыз етеді;
  • жұмысшылар бригадаларының, әрбір жұмысшыға берілген тапсырмалардың орындалуын тексереді; еңбекті ұйымдастырудағы барлық ақауларды анықтайды және жояды; ауысым үшін орындалған жұмыстар туралы жүк ауданының бастығына баяндайды;
  • тиеу – түсіру машиналарының дұрыс жұмыс істеуін, жүйелі тексерулер мен қызмет көрсетуді бақылайды, машиналар мен механизмдерді жөндеу журналын жүргізеді; филиал басшылығының бұйрықтары мен өкімдерін орындайды;
  • жөндеу бригадаларының жұмысын ұйымдастырады, тапсырмалар береді, жөндеу жұмыстарының орындалуын бақылайды, жоспарлайды;
  • барлық жұмыс орындарында Жарамды құрал-саймандар, жүк қармайтын құрылғылар жұмыс істеуін қадағалайды.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары/орта (техникалық және кәсіптік)
  • Мамандығы: Көлік, көліктік техника және технологиялар (вагондар, локомотивтер және электр Жылжымалы құрам); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (темір жол көлігі); Автоматтандыру және басқару; Инженерлік жүйелер; Құрылыс (темір жол құрылысы; жол және жол шаруашылығы); машина жасау (Технологиялық машиналар мен жабдықтар)"
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Техникалық және кәсіптік білім беру