"ӘТЖК" ЖШС Түркістан филиалы Түркістан станциясындағы атқыштар командасының күзетшісі (көмекші)

от 276 916
Туркестанский филиал ТОО «Военизированная железнодорожная охрана» Түркістан облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
116

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

1.атқыштар командасы бастығының және филиал басшылығының бұйрықтарының, өкімдерінің уақтылы орындалуын қамтамасыз етуге және оларды орындалуы туралы хабардар етуге;
күзетшілердің күзет орындарында қызмет өткеруін тексеруге, қауіпсіздік техникасы ережелерінің, өрт қауіпсіздігі талаптарының, ішкі еңбек тәртібі ережелерінің мүлтіксіз сақталуын талап етуге міндетті. Барлық кемшіліктер туралы аға күзетшіге баяндауға;
2.объектілер мен жүктерді күзету жөніндегі нұсқаулықтарды, бекеттердің орналасуын, кірме жолдар мен криминогендік учаскелер, станцияның әрбір паркі жұмысының ерекшелігі, жүк алушылар мен жүк жөнелтушілердің тұйықтарының орналасуы, қызметтік автомашиналардың қозғалыс маршруттары, нарядтардың жаяу жүру маршруттары, қызмет көрсетілетін учаскенің схемасын, жол пішінін, іргелес жердің ерекшеліктерін және айналма нарядтар ауысымының көршілес пункттерінің орналасқан жерін, қызмет көрсетілетін учаскеде жол бойында ілесіп жүруге жататын жүктерді тиеу және түсіру пункттерін білуге және тиеуді бақылауға;
3.ауысымға түсетін қарауылдың қарулануын және күзетшілердің байланыс құралдарымен, нысанды киіммен және т.б. жабдықталуын қаруландырады және бақылайды;
4.кірісетін қарауылдар бекеттерді қабылдауды және тапсыруды, сондай-ақ оларда байланыс құралдарының, күзет сигнализациясының, жарықтандыру мен өрт сөндіру құралдарының болуын және жай-күйін дұрыс жүргізуін қадағалауға;
5.филиалдың қызмет көрсету учаскесінде теміржол көлігінде тасымалданатын номенклатуралық жүктердің сақталуын қамтамасыз етуді бақылауға, жүктердің ұрлануы анықталған кезде аға күзетшіге дереу хабарлауға және қылмыскерлер мен жүкті іздестіруге, оқиға болған жердің жағдайын және қылмыс іздерін тіркеуге шаралар қолдануға;
6.маневрлік және поездық диспетчерлермен, станция, саябақ кезекшілерімен және техникалық кеңсенің қызметкерлерімен тұрақты байланысты ұстауға, ағытылған вагондарды күзетуді қамтамасыз ету жөнінде уақтылы шаралар қабылдауға;

7.қызмет көрсетілетін учаскенің аралық станцияларында локомотивсіз қалдырылған поездардың ХУ-3 нысанының кітабында номенклатуралық жүктері бар вагондарды қабылдау және тапсыру есебін жүргізуге;

8.аға күзетшімен бірлесіп қарауыл жеке құрамының жатақханаға, сенбілікке, салтанатты іс-шараларға және т.б. толық көлемде келуін ұйымдастыруға;
9.жол жүру нарядының поезда тиелген вагондарды қабылдау сапасын тексеруге, поездар мен вагондарды коммерциялық тұрғыдан қарау жөніндегі жұмыста поездар қабылдаушы-тапсырушылармен және қабылдаушылармен өзара ic-қимыл орнатуға;

Біліктілік талаптары:

Білімі: Жоғары кәсіптік, Орта (техникалық және кәсіптік)

Мамандығы:

Көлік техникасы; Жылжымалы мүлікті пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету

темір жол құрамы (түрлері бойынша); Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару; Автоматтандыру және басқару (бейін бойынша); Темір жол көлігіндегі автоматика, телемеханика және қозғалысты басқару; Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі;

Ақпараттық жүйелер (қолдану салалары бойынша); Байланыс, радиоэлектроника және телекоммуникациялар;

Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы; Өрт қауіпсіздігі, Құқықтану; Құқықтану; Құқық қорғау қызметі
Жұмыс тәжірибесі: темір жол көлігінде күзет қызметін ұйымдастыру бойынша қызметте кемінде 1 жыл (көмекші немесе күзетші)

Қажетті қабілеттер

  • "Компьютерная грамотность"
  • * Дисциплинированность и ответвенносст

Қажетті білім дәрежесі

  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж