«ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының «Зерттеулер және әзірлемелер орталығы» филиалының жоспарлы-экономикалық қызметінің бас маманы

«ҚазТрансОйл» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Ішкі іздеу
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
1127

   Конкурс туралы

Міндеттері:

1)   ұйымда экономикалық жоспарлау бойынша жұмысты жүзеге асырады, ол ұтымды шаруашылық қызметті ұйымдастыруға, өндірісті дамытудың пропорцияларын нақты жағдайлар мен нарық қажеттіліктерін ескере отырып айқындауға, ұйым қызметінің ең жоғары нәтижелілігіне қол жеткізу мақсатында өндірістік резервтерді анықтауға және пайдалануға бағытталған;

2)   перспективалық және жылдық өндірістік-шаруашылық қызмет пен ұйымның әлеуметтік дамуы жоспарларының жобаларын жасау үшін бастапқы деректерді дайындайды, болжамдық және маркетингтік деректерді ескере отырып жоспардың жекелеген бөлімдерін кезеңдерге бөліп әзірлейді, олар бойынша есептеулер мен негіздемелерді орындайды, жоспарлық көрсеткіштерді ұйымның өндірістік бөлімшелеріне жеткізеді;

3)   нарық конъюнктурасы мен бәсекелестікке байланысты жоспардың тиісті бөлімдеріне өзгерістерді уақытылы енгізеді, сұраныс пен ұсыныс негізінде өнім өндірісінің теңгерімділігін қамтамасыз етеді;

4)   жаңа өнім түрлерін, жаңа техниканы және прогрессивті технологияны игеруді, өндірістік процестерді механикаландыру мен автоматтандыруды технико-экономикалық негіздеуге қатысады;

5)   тауарлық өнімнің сметалық калькуляциясын жасайды, шығарылатын өнімге көтерме және бөлшек баға жобаларын, жұмыстарға (қызметтерге) тарифтерді нарық конъюнктурасын ескере отырып әзірлейді;

6)   капитал салымдарын тиімді пайдалану, өндірілетін өнімнің бәсекеге қабілеттілігін және еңбек өнімділігін арттыру, өндіріс пен өнімді өткізу шығындарын төмендету, өндірістің рентабельділігін арттыру, пайданы көбейту, шығындар мен өндірістік емес шығындарды жою, сондай-ақ ұйым мен оның бөлімшелерінде шаруашылық ішіндегі есепті енгізу және жетілдіру, жоспарлау және есепке алу құжаттамасын жетілдіру, шаруашылық ішіндегі жоспарлауды ұйымдастыру бойынша әдістемелік материалдарды дайындауға қатысады;

7)   ұйымның және оның бөлімшелерінің шаруашылық қызметіне кешенді экономикалық талдау жүргізеді, өндірістік резервтерді анықтайды және үнемдеу режимін қамтамасыз ету, ұйым ресурстарын неғұрлым тиімді пайдалану, өнімнің қосымша шығарылуы мен өткізудің мүмкіндіктерін анықтау, еңбек өнімділігінің өсу қарқынын арттыру жөніндегі шараларды белгілейді;

8)   бөлімшелерде жүзеге асырылатын жаңа техника мен технологияны енгізудің, еңбекті ұйымдастырудың, рационализаторлық ұсыныстар мен өнертабыстардың экономикалық тиімділігін есептеулердің дұрыстығын бақылайды;

9)   ұйым және оның бөлімшелері бойынша жоспарлық тапсырмалардың орындалу барысына есеп жүргізеді және бақылауды жүзеге асырады;

10)  белгіленген мерзімдерде кезеңдік есептілікті дайындайды;

11)  жоспарлы-экономикалық ақпарат деректер базасын қалыптастыру, жүргізу және сақтау бойынша жұмыстарды орындайды, деректерді өңдеу кезінде пайдаланылатын анықтамалық және нормативтік ақпаратқа өзгерістер енгізеді;

12)  есептеу техникасының көмегімен шешілетін экономикалық есептің тұжырымдалуына немесе оның жекелеген кезеңдеріне қатысады, дайын жобаларды, алгоритмдерді және қолданбалы бағдарламалар пакеттерін пайдаланудың мүмкіндігін айқындайды, олар жоспарлы ақпаратты өңдеудің экономикалық негізделген жүйелерін құруға мүмкіндік береді;

13)  формирование и ведение аналитики по проектно-изыскательским работам (ПИР) филиала жобалар, объектілер, жұмыстар түрлері және кезеңдер бөлінісінде;

14)  формирование и распределение затрат по рабочим проектам проектно-изыскательских работ, обеспечение их корректного отражения и отнесения на соответствующие проекты (в том числе в целях исключения налоговых рисков);

15)  проведение ежемесячного анализа соответствия фактических затрат на проектно-изыскательские работы фактическим объемам выполненных ПИР, выявление причин несоответствий и отклонений, подготовка аналитических материалов и предложений по принятию соответствующих мер и оптимизации затрат;

16)  подготовка актов сдачи-приемки и справок по выполненным объемам проектно-сметной документации в части проектно-изыскательских работ;

17) аяқталмаған құрылыс объектілері мен материалдық емес активтер бойынша шығындарды талдайды;

18) негізгі құралдар объектілері бойынша шығындарды есепке алуға және бақылауға қатысады, оның ішінде жаңғыртуға, реконструкцияға және күрделі жөндеуге арналған шығындар;

19) қаржылық-шаруашылық қызмет бойынша аналитикалық және есептік материалдарды дайындайды; 

20) бөліну кезеңдері бойынша BW модулінде бөлек есеп жүргізеді;

21) Тарифтік смета жобасын қалыптастыруға қатысады (негіздеуші құжаттарды дайындау);

22) есептеулерге қатысады, жұмыстарды орындауға сметалар жасайды.



Талаптар:
Сәйкес бағыт бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім

Мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі кемінде 5 жыл

Еңбек міндеттерін орындау үшін қажетті білім:

1) жоспарлау, есепке алу және ұйым қызметін талдау бойынша заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілер, әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдар;

2) ұйымдағы жоспарлы жұмысты ұйымдастыру;

3) өндірістік-шаруашылық қызмет пен ұйымның әлеуметтік дамуының перспективалық және жылдық жоспарларын әзірлеу тәртібі;

4) бизнес-жоспарларды әзірлеу тәртібі;

5) жоспарлы-есептік құжаттама;

6) тауарлық өнімнің өзіндік құнын айқындау, материалдық және еңбек шығындарының нормативтерін, көтерме және бөлшек бағаларды әзірлеу тәртібі;

7) ұйымның және оның бөлімшелерінің өндірістік-шаруашылық қызмет көрсеткіштерін экономикалық талдау әдістері;

8) жаңа техника мен технологияны енгізудің, еңбекті ұйымдастырудың, рационализаторлық ұсыныстар мен өнертабыстардың экономикалық тиімділігін айқындау әдістері;

9) есептілікті жасау тәртібі мен мерзімдері;

10) нарықтық экономика жағдайында ұйымның экономикалық қызметін ұтымды ұйымдастырудың отандық және шетелдік тәжірибесі;

11) өндіріс технологиясының негіздері;

12) шаруашылық жүргізудің нарықтық әдістері;

13) технико-экономикалық есептеулер мен ұйымның шаруашылық қызметін талдау үшін есептеу техникасын қолдану мүмкіндіктері, оны пайдалану тәртібі;

14) экономика, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру негіздері;

15) еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібін сақтау тәртібі, қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі талаптары;

16) СТ РК 1928-2023 сәйкес базалық деңгейде мемлекеттік тіл.

Еңбек міндеттерін орындау үшін қажетті дағдылар:

1) жұмысты жоспарлау және ұйымдастыру;

2) шешімдерді уақытылы қабылдап және іске асыру, міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету, талдау және болжау;

3) ақпаратты жинау, жүйелеу және талдау;

4) реттейтін және ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттарды әзірлеу;

5) әріптестермен ынтымақтастық;

6) келіссөздер жүргізу;

7) есептеу техникасының құралдарын, коммуникациялар мен байланысты пайдалану;

8) қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуді меңгеру, SAP R/3 жүйесінде жұмыс істеу дағдылары (KPR модулі – контроллинг, BW модулі – бизнес-жоспарлау, MHP модулі – персоналды әкімшілендіру).


Шарттары:

Жұмысты орындау орны – Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Мәлік Ғабдуллин көшесі, 2-үй.

Күніне 8 сағат, 5 күндік жұмыс аптасында 2 демалыс күнімен, сенбі және жексенбі

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Орташадан жоғары)