Инженер-эколог

«Өскемен Энерго» ЖШС Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
20

   Конкурс туралы

Міндеттері:

- Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарының өз лауазымдық өкілеттіктері шегінде сақталуын қамтамасыз етеді.
- Ұйымның және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметінде табиғатты қорғау талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
- Қоршаған ортаны қорғау және қоршаған ортаға теріс әсерді төмендету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге, іске асыруға және өзектендіруге қатысады.
- Ұйымның экологиялық, рұқсат беру және есепке алу құжаттамасын жүргізеді, жүйелейді және өзектендіреді.
- Өз құзыреті шегінде міндетті экологиялық есептілікті дайындауды және оны уақытылы ұсынуды ұйымдастырады.
- Заңнамада көзделген жағдайларда өндірістік экологиялық бақылауды ұйымдастыруға қатысады, оның нәтижелерін талдайды.
- Қалдықтарды басқару саласындағы талаптардың сақталуын, оның ішінде есепке алу, жинақтау, беру және тиісті операцияларды құжаттық ресімдеуін бақылауды жүзеге асырады.
- Ұйымның қызметіне қолданылатын белгіленген экологиялық нормативтер мен экологиялық рұқсаттардың шарттарының сақталуын бақылайды.
- Экологиялық рұқсаттарды алу, өзгерту және ұзарту, сондай-ақ өзге қажетті құжаттарды алу үшін бастапқы деректер мен материалдарды дайындауға қатысады.
- Экологиялық талаптардың сақталуын ішкі тексерулер жүргізеді, анықталған сәйкессіздіктерді тіркейді және түзетуші іс-шаралардың орындалуын бақылайды.
- Қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріндегі өзгерістерге мониторинг жүргізеді және мүдделі бөлімшелерді хабардар етеді.
- Берілген өкілеттіктер шегінде экологиялық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, мамандандырылған ұйымдармен және ішкі бөлімшелермен өзара іс-қимыл жасайды.
- Экологиялық тәуекелдерді бағалауға, экологиялық бұзушылықтардың себептерін талдауға және оларды алдын алу жөніндегі шараларды әзірлеуге қатысады.
- Ұйым қызметкерлеріне экологиялық талаптар және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелері бойынша әдістемелік қолдау көрсетеді.
- Ұйым басшылығы үшін қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша анықтамалар, талдамалық материалдар және есептер дайындайды.
- Құзырет шегінде белгіленген мерзімдерде басшылыққа, Бақылау кеңесіне, «Самұрық-Қазына» АҚ «ФНБ» және «Самұрық-Энерго» АҚ-ға және мемлекеттік органдарға есептілікті дайындайды;

Талаптар:

- «Экология», «Қоршаған ортаны қорғау», «Табиғатты пайдалану» бағыттары бойынша немесе сабақтас мамандық бойынша жоғары білім.
- Қоршаған ортаны қорғау саласында практикалық жұмыс тәжірибесі, жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
- Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексін және қоршаған ортаны қорғау саласындағы қолданылатын нормативтік құқықтық актілерді білу.
- Экологиялық құжаттаманы жүргізу, қалдықтарды есепке алу, өндірістік экологиялық бақылау және есептілікті ұсыну тәртібін білу.
- Экологиялық тәуекелдерді талдау, есептік және рұқсат беру материалдарын дайындау, ішкі тексерулерді ұйымдастыру дағдылары.
- Қажет болса, «Самұрық-Қазына» АҚ «ФНБ» тобының ұйымдарында және/немесе аффилиирленген ұйымдарда жұмыс тәжірибесі болғаны дұрыс

Шарттар:

- ресми жұмысқа орналастыру;

- әлеуметтік пакет;

- Өскемен қ. (Усть-Каменогорск) серіктестік кеңсесі;

- түйіндемелерді қабылдау мерзімі 13.11.2026 жылға дейін.