Инженер-сметашы
«Өскемен Энерго» ЖШС Өскемен қ.Міндеттері:
- Тексерілген құжаттама бойынша қорытындылар дайындайды.
- құрылыс жұмыстарына, жабдықтарды, ғимараттар мен құрылыстарды жөндеуге, қолданыстағы объектілерді реконструкциялауға, көрсетілетін қызметтерді ұсынуға есептеулерге және өндіріс тиімділігін арттыру бойынша жұмыстарға сметалық-қаржылық құжаттаманы жасау;
- күрделі жөндеуге бекітілген титулдық тізімдерді, ақаулық ведомостарын, жөндеу ведомостарын және жөндеуге және реконструкциялауға жататын объектілердің жұмыс сызбаларын қарастыру және талдау;
- жобалау ұйымдары жасаған шығындар сметаларының дұрыс ресімделуін тексеру және олар бойынша қорытындылар дайындау;
- бекітілген сметаларда қарастырылмаған жөндеу, монтаж және құрылыс жұмыстарын, сондай-ақ материалдар мен жабдықтарды ауыстыру кезінде олардың құнын айқындауға қатысу;
- жөндеу және реконструкциялау объектілеріне арналған титулдық тізімдерді жасауға қатысу;
- жұмыстардың сметалық құны туралы қажетті анықтамаларды дайындау;
- жөндеу құнын талдау негізінде барлық түрдегі жөндеу (құрылыс, монтаж, сантехникалық және өзге де) жұмыстардың сметалық құнын айқындауға арналған бастапқы деректерді дайындау;
- баға немесе жұмыстар көлемі өзгерген жағдайда сметалық-қаржылық есептерге тиісті нақтылаулар мен түзетулер енгізу;
- сметаларды мердігер ұйымдармен келісу және олардың шығындар сметасына енгізілген нормативтерді сақтауын бақылауды жүзеге асыру, орындалған жұмыстардың актілерін жасау;
- сметаларды мердігер ұйымдармен келісу және олардың шығындар сметасына енгізілген нормативтерді сақтауын бақылауды жүзеге асыру, орындалған жұмыстардың актілерін жасау.
Талаптар:
- Жоғары техникалық немесе экономикалық білім;- Осы салада кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі;
- қолданыстағы сметші біліктілік сертификатының болуы;
- АВС бағдарламалық қамтамасыз етуінде жұмыс тәжірибесі;
- Қазақстан Республикасының заңнамасын, құрылыс, баға белгілеу және сметалық іс саласындағы нормативтік-құқықтық және нормативтік-техникалық актілерді, сондай-ақ сметалық құжаттаманы әзірлеу, тексеру және есептеу тәртібін білу.
Шарттар:
- ресми жұмысқа орналастыру;
- әлеуметтік пакет;
- Өскемен қ. (Усть-Каменогорск) қаласындағы серіктестік кеңсесі;
- түйіндемелерді 30.11.2026 дейін қабылдау
Қажетті білім дәрежесі
- Маман
Ұқсас вакансиялар