МВЖБ Жанааул кран машинисі

243 549 - 256 139
ВЧД-13 КАРАГАНДИНСКОЕ ЭКСПЛУАТАЦИОННОЕ ВАГОННОЕ ДЕПО 1 группа Қарағанды қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
131

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Жұмысты бастамас бұрын кабельдердің тиісті түрде бекітілгенін, тежегіштердің реттелгенін және қауіпсіздік құрылғыларының жарамды екенін тексереді.
  • Жүк көтеруге арналған алмалы-салмалы құрылғылардың көтерілетін жүктің салмағы мен сипатына сәйкестігін, сондай-ақ олардың жарамды күйде екенін және тиісті таңбалауы бар-жоғын тексереді.
  • Кранның металл конструкцияларын, тораптарын, механизмдері мен аспаптарын, сондай-ақ кран жолдарын, троллей желілерін визуалды түрде тексереді; жерге тұйықтау жүйесінің бар-жоғын және оның жарамды күйде екенін қарайды.
  • Жұмыс барысында кранның техникалық жай-күйін қадағалайды және кранның жұмыс аймағында адамдардың немесе бөгде заттардың болмауын қамтамасыз етеді.
  • Кранды арнайы белгіленген тұрақ орнына қояды, тежегіштермен бекітеді, басқару тетіктері мен тұтқаларын бейтарап (нөлдік) қалыпқа келтіреді және электр қуатын ажыратады.
  • Ақаулар немесе кемшіліктер анықталған жағдайда, кранды жөндеуге қатысты өтінімдерді дайындауға қатысады.
  • Еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтік талаптарды сақтайды; жұмысты қауіпсіз орындауға қатысты стандарттарды, әдістер мен рәсімдерді басшылыққа алады.
  • Ауысым бойы белгіленген арнайы киімді, аяқ киімді және жеке қорғаныс құралдарын киіп жүреді.
  • Жұмысты технологиялық процеске және станцияның жұмыс тәртібін реттейтін құжаттамаға сәйкес орындайды; басқа қызметкерлердің де осы талаптарды сақтауын қадағалайды.

 

Біліктілік талаптары:

Білімі:

  • орташа және белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындық  

   Жұмыс тәжірибесі:

  • еңбек өтіліне талап қоюсыз.

Қосымша талаптар:

  • өз міндеттері шеңбері аясында жаңадан келіп түскен нормативті-техникалық құжаттамаларды уақытылы пысықтау.

 

Қажетті білім дәрежесі

  • Орташа білім
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж