«КТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Маңғыстау» филиалының өндірістік қауіпсіздік және экология қызметінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі жетекші инженері.

589 145 - 609 862
НОД-14 (Мангистауское отделение ГП) Маңғыстау а.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
16

Қаралған саны:
198

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Еңбектің қауіпсіз және салауатты жағдайларын қамтамасыз ету, еңбекті қорғауды басқару жүйесінің жұмыс істеуі мен оны жетілдіру мәселелері бойынша филиалдың, оның желілік кәсіпорындары мен құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру;
  • Еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғаудың жай-күйіне, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік ауруларға талдау жүргізу;
  • Өзіне бекітілген мәселелер шеңберінде тәуекелдерді қарастыру және сәйкестендіру, сондай-ақ өндірістік қауіпсіздікті басқару жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
  • Филиал қызметкерлеріне қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелері бойынша, атап айтқанда, осы саладағы құқықтары мен міндеттері, жұмыс орындарындағы еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғаудың жай-күйі туралы ақпарат беру және консультациялық көмек көрсету;
  • Денсаулыққа зиян келтірудің ықтимал тәуекелдері, тиісті ұжымдық және жеке қорғаныс құралдары, еңбек жағдайлары бойынша берілетін өтемақылар, сондай-ақ қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге қатысты өзге де мәселелер туралы ақпараттандыру;
  • Жұмысқа жаңадан қабылданған барлық қызметкерлермен, іссапарға жіберілген тұлғалармен, өндірістік оқуға немесе тәжірибеден өтуге келген оқушылармен және студенттермен еңбекті қорғау бойынша кіріспе нұсқамалар өткізу.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
  • Мамандығы: Көлік, көліктік техника және технологиялар (вагондар, локомотивтер және электр Жылжымалы құрам); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі); Электротехника (Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар); Автоматтандыру және басқару; Электр энергетикасы; Стандарттау, метрология және сертификаттау; тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; Құрылыс (Құрылыс жол және жол шаруашылығы); көлік құрылысы; машина жасау (Технологиялық машиналар мен жабдықтар) инженерлік жүйелер; Экология; Жылу энергетикасы
  • 3. Жұмыс тәжірибесі:  кемінде 5 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр