Құқықтық қызметтің аға менеджері

Степногорск күкірт-қышқыл зауыты - "SSAP" ЖШС Степногор қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
116

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • соттық (сотқа дейінгі) ұстанымды айқындау, материалдарды сотқа дайындау және тапсыру, серіктестіктің мүдделерін соттарда, уәкілетті мемлекеттік органдарда және өзге де меншік нысанына қарамастан ұйымдарда қорғау мақсатында ұсыну;
  • жымқырулар, ысырап ету, жетіспеушіліктер және өзге де құқық бұзушылықтар туралы материалдарды тергеу және сот органдарына тапсыру үшін дайындауға қатысу, сондай-ақ серіктестікке келтірілген залалды өтеу бойынша шаралар қабылдау;
  • дебиторлық берешек жағдайы туралы материалдарды қарастыруға қатысу, мәжбүрлеп өндіріп алу қажет болатын қарыздарды анықтау мақсатында;
  • серіктестіктің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуға жол берген заңды және жеке тұлғаларға талап-арыздарды (оның ішінде сотқа дейінгі) қалыптастыру (материалдарды жинау және дайындау) және жолдау бойынша жұмысты ұйымдастыру;
  • жұмысты ұйымдастыру (атқарушылық құжатты алу, жеке сот орындаушыны таңдау, атқарушылық құжаттың орындалу шарттары туралы келісім жасасу) және заңды күшіне енген сот шешімдерінің және өзге де сот органдары актілерінің орындалуын бақылау.
  • ресімдеу (құзыретті тұлғалармен құрастыру, қол қою, тіркеу нөмірін беру) және серіктестіктің мүдделерін білдіруге арналған сенімхаттарды беру, берілген сенімхаттарды есепке алу журналын жүргізу;
  • ресімдеу/түзету, қажетті келісімдерді алу, қажет болған жағдайда құжаттарды құзыретті тұлғалардың (мемлекеттік органдар және/немесе серіктестік органдары) бекітуі бойынша жұмысты ұйымдастыру, уәкілетті органдарда тіркеуді қамтамасыз ету және серіктестіктің жылжымалы және жылжымайтын мүлкіне қатысты құрылтайшылық, құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарын сақтау;
  • лицензияларды (прекурсорлардың айналымымен байланысты қызмет түрімен айналысуға, медициналық қызметпен айналысуға) алу/ұзарту және сақтау, сертификаттарды (СТ-KZ, индустриялық сертификат), прекурсорларды әкетуге рұқсаттарды алу;
  • нотариуспен жұмыс ұйымдастыру (құжаттардың көшірмелерін нотариалдық куәландыру, қолдың түпнұсқалығын куәландыру, қарызды өндіріп алуға нотариалдық жазба алу және өзге де);
  • құқықтық қызмет құзыреті шегінде НҚА және ВД желілік папкасын жүргізу (деректерді енгізу және оларды түзету);
  • серіктестіктің тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуға арналған тендерлік комиссиясының жұмысына комиссия мүшесі ретінде қатысу (әлеуетті жеткізушінің өтінімін қойылатын талаптарға сәйкестігін талдау, баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру, сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы қол қою); тиісті өкілеттіктер болған жағдайда өзге комиссияларға, консультативтік-кеңесші органдарға және жұмыс топтарына қатысу;
  • серіктестіктің рұқсат беру құжаттамасының тізілімін қалыптастыру;
  • «Самұрық-Қазына» АҚ электрондық сатып алу порталында тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу туралы үлгілік шарттарды әзірлеу;
  • қызмет көрсету қызметін ұйымдастыру үшін сатып алынуы қажет тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің тізбесін қалыптастыру, оның ішінде бизнес-жоспарды/түзетуді әзірлеу кезінде, серіктестіктің бюджеті мен жылдық сатып алу жоспарын әзірлеу және көрсетілген шығыстар туралы мәліметтерді серіктестіктің мүдделі құрылымдық бөлімшелеріне ұсыну;
  • серіктестіктің құрылымдық бөлімшелерінің, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың құзыретке (қызметтің функционалына) жатқызылған мәселелер бойынша өтініштерін қарастыру. Аталған өтініштерге жауап ақпаратын қалыптастыру (дайындау) (хаттар, есептер және т.б.);
  • белгіленген тәртіппен серіктестіктің қызмет түрлерін кеңейту мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарға өтініш (ходатайство) қалыптастыру.

Талаптар:

  • Білім деңгейі: Жоғары білім;
  • Білім бейіні: Құқықтану;
  • Кәсіби ортадағы жұмыс тәжірибесі (бейіні): Құқықтану;
  • Кәсіби ортадағы жұмыс тәжірибесінің ұзақтығы, жыл: Кемінде 5 (бес) жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр