Аға талдаушы, Инновациялық экожүйені дамыту және өнеркәсіппен өзара әрекеттесу секторы

«Самғау» Ғылыми - Технологиялық Бастамалар Орталығы» Қоры Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
6

Қаралған саны:
11133

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • ақпаратты жинау, талдау және синтездеу арқылы «Самұрық-Қазына» АҚ тобының және/немесе Орталықтың ғылыми-техникалық және инновациялық қызметі бойынша ақпараттық-талдау жұмыстарына қатысу;ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет мәселелері бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ жер қойнауын пайдаланушылармен және өнеркәсіптік кәсіпорындарымен өзара әрекеттесу;
  • инновациялық, ғылымиөтехникалық қызмет мәселелері бойынша ішкі құжаттарды әзірлеу және (немесе) дайындауға қатысу; 
  • Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде жоғары оқу орындарымен, ғылыми-зерттеу және ғылыми-өндірістік ұйымдармен, сондай-ақ даму институттарымен инновациялық саладағы ынтымақтастықты орнату және дамыту;
  • жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорындардың технологиялық міндеттерін сәйкестендіру және құрылымдау; патенттік базаларда, ашық көздерде және сыртқы әзірлеушілерден шешімдерді жүйелі іздеу;
  • технология иелерімен байланыс орнату, техникалық-коммерциялық ақпарат алу және оны тапсырыс берушілерге бейімдеу;
  • нақты технологиялық міндеттерге ғылыми ұйымдарды іздеу және бірлескен әзірлемелерді іске қосуға жәрдемдесу;
  • ҒЗТКЖ қаржыландыру және қолдау құралдарын ұсыну бойынша бизнес-процестерді жетілдіруге қатысу;
  • Сектор құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпарат дайындау.

Талаптар:

- Ғылыми зерттеулер, коммерцияландыру, инвестициялау, мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және жұртшылықпен өзара әрекеттесу саласындағы білімі мен тәжірибесі.

- Қазақстандағы немесе шетелдегі жетекші университеттердің бірінде келесі бағыттар бойынша алынған жоғары білім: техника және технологиялар, жаратылыстану ғылымдары, қаржы, экономика, құқықтану;

- Магистр дәрежесімен, нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі; немесе бакалавр немесе маман дәрежесі бар болса, нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі;

- Мемлекеттік органдарда, ұлттық компанияларда, ғылыми-инновациялық ұйымдарда, сондай-ақ даму институттарында жұмыс тәжірибесінің болғаны жөн;

- Тілдерді еркін меңгеру: қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеруі (кемінде Upper intermediate).

Шарттары:

- бес күндік жұмыс кестесі (аптасына 40 сағат);
- АХҚО саясатына сәйкес еңбек қатынастары;
- әлеуметтік пакет;
- Қызықты жобаларға қатысу.

Қажетті қабілеттер

  • - Коммуникабельность, ответственность, исполнительность

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Кәсіби)
  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Кәсіби)