Қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімінің аға маманы

«Бутадиен» ЖШС Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
141

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Ақпараттық инфрақұрылымның негізгі жүйелерінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметті бақылауды жүзеге асыру, ақпараттық қауіпсіздік бойынша ақпараттық қамтамасыз ету
  • Желілік инфрақұрылымдағы желілік белсенділікті мониторингтеу және талдауды жүзеге асыру, желінің қорғалуын талдау, ақпараттық қауіпсіздік инциденттерін және оларға алғышарттарды мониторингтеу
  • Ақпараттың ықтимал ағып кету арналары туралы материалдарды жинау және талдау, оның ішінде техникалық арналар бойынша, ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде
  • Ақпараттық қауіпсіздікке ықтимал қатерлерді айқындау, бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз етудің осалдықтарын анықтау, ену (вторжение) анықтау технологиясын әзірлеу, ақпаратқа және ақпараттық-басқару жүйелерінің ресурстарына рұқсатсыз қол жеткізу, ашып көрсету, өзгерту немесе жою салдарынан жүйелер мен желілерге зиян келтіруге қабілетті деструктивті ақпараттық әсерлер қатерлеріне байланысты тәуекелдерді бағалау
  • Қызметтік тексерулер жүргізу және ақпараттық қауіпсіздік бойынша қызметтік тексерулер актілерінің орындалуын бақылау
  • Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы Қоғамның саясаттары мен басқа да ішкі құжаттарын әзірлеу және өзектендіру, оларды белгіленген тәртіппен бекітілуін қамтамасыз ету
  • Ақпарат тасымалдағыштарын, коммуникацияларды қорғау және істен шығу немесе бас тарту (қабылдамау) жағдайынан кейін ақпараттық-басқару жүйелерін қалпына келтіру рәсімдерін әзірлеу және өзектендіру
  • Ақпаратты енгізу бойынша шектеулерді, қауіпсіздік бұзылуы инциденттерін басқару рәсімдерін айқындау және олардың дамуын болдырмау, қауіпсіздікке байланысты қолжетімділік туралы келісімдерді және ресурстарды басымдықтандыруды ескере отырып ашық ақпараттық жүйелерге қосылу тәртібін, ақпаратты резервтік сақтауға, өңдеуге және көшіруге қойылатын талаптарды, негізгі және резервтік телекоммуникациялық сервистерді (қызметтерді) пайдалану бойынша қызмет көрсету басымдықтарын айқындау

Талаптар:

  • Кәсіби білім – жоғары білім.
  • Білім бейіні – заңгерлік немесе экономикалық білім.
  • Функционалдық бағыт бойынша тәжірибе немесе жұмыс өтілі – кемінде 5 (бес) жыл, оның ішінде экономикалық құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды анықтау және тергеу саласындағы құқық қорғау органдарында жұмыс тәжірибесі болуы тиіс.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр