Психолог

289 144 - 299 324
ТЧЭ-25 АЯГОЗКОЕ ЭКСПЛУАТАЦИОННОЕ ЛОКОМОТИВНОЕ ДЕПО Шығыс Қазақстан облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
113

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

Депога жұмысқа қабылдалатын адамдарды кәсіби психофизиологиялық іріктеу, динамикалық психофизиологиялық бақылау және локомотив бригадаларын тереңдетілген тексеру, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қызметкерлердің функционалдық жағдайын диагностикалау және түзету бойынша жұмысты жоспарлау және жүргізу.

Өз қызметінің негізгі бағыттары бойынша бекітілген істер номенклатурасына сәйкес бірыңғай форматта құжаттаманы жүргізу.  Депо басшысының қол қоюымен атқарылған жұмыстар туралы есептерді келесі айдың 5-і күніне чейин ай сайын ұсыну және серіктестіктің локомотивтерді пайдалану департаментіне жіберу.  Локомотив бригадаларын бекіту журналдарын жүргізуге бақылауды жүзеге асыру.  Еңбек қызметі процесінде қауіпсіз және тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету мақсатында локомотив бригадалары қызметкерлерінің психологиялық үйлесімділігіне психодиагностикалық бағалау жүргізу.Психофизиологиялық және жеке басты зерттеу нәтижелері негізінде психологикалық үйлесімділік принциптері бойынша локомотив бригадаларын жасақтау бойынша ұсыныстар беру, колонналар құрамын жасақтауға қатысу.Психологиялық көмекті алушының ақпараттандырылған келісімін алу;  Психологиялық көмек алушыға оны көрсетудің кез келген кезеңінде психологиялық көмек алудан бас тарту құқығы туралы хабардар ету. Өз лауазымдық міндеттерін орындау кезінде авариялық жағдайлар және адамдарды қағып кету мәселелері бойынша локомотив бригадаларының қызметкерлеріне уақтылы психологиялық көмек көрсету, психоэмоционалдық кернеу мен стресс әсерінің негативті салдарларын төмендету, эмоционалдық жағдайды тұрақтандыру, психологиялық тұрақтылықты қалпына келтіру және қолайсыз психологиялық реакциялардың дамуын ескерту мақсатында сүйемелдеуді жүзеге асыру;  Қажет болған жағдайда қызметкерді одан әрі психологиялық сүйемелдеу қажеттілігін анықтау және белгіленген тәртіпте тиісті мамандарға жүгінуге кеңес беру.

Біліктілік талаптары:

Білімі: жоғары ( немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
Мамандығы: Психология және педогогика
Жұмыс тәжірибесі: мамандығы бойынша кемінде 2 жыл.

Қосымша талаптар:

Пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігі, кәсіби стресс профилактикасы және локомотив бригадалары қызметкерлерінің психологиялық тұрақтылығын дамыту, бұзушылық себептеріне психофизиологиялық талдау жасау, сондай-ақ адам факторының әсерін төмендетуге және қайталама бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған іс-шараларды, психологикалық кеңес беруді, тренингтерді жүргізу.  

ТЧЭ, ТД және ТЧП жұмыс ұжымдарында микроклиматты нормализациялау мақсатында әлеуметтік-психологиялық конфликтілердің себептерін анықтау бойынша іс-шараларды жүргізу. 

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр