Алматы желілік-өндірістік басқармасының Көлік қызметінің автокөлік кран машинисі (Қаскелен) қ.)
«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Алматы» магистральдық газ құбырлары басқармасы Қаскелең қ.Міндеттері:
Қызмет көрсетілетін машиналар мен механизмдердің құрылғысы және техникалық сипаттамалары;
Оларды пайдалану, техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтары;
Автокранды жүріс жағдайындағы жол қозғалысы қағидалары және белгіленген дабыл беру жүйесі;
Жұмыстарды орындау қағидалары;
Жанар-жағармай материалдары мен электр энергиясын жұмсау нормалары; машиналар мен механизмдердің тораптарын майлау схемалары мен мерзімділігі;
Орындалатын жұмыстардың сапасына қойылатын техникалық талаптар;
Машинист разрядынан бір разряд төмен тарифтелетін құрылыс слесаріне арналған көлемде слесарлық іс негіздері;
Автокранды тиеу-түсіру және монтаждау жұмыстарын орындау кезінде басқару; жүк сипаттамаларына сәйкес жұмыс режимін таңдау; жүк байлаушының сигналдары бойынша жұмыс істеу;
Автомобиль-шассиді жалпы пайдаланымдағы жолдарда және далалық жағдайларда басқару;
Техникалық қызмет көрсету, жанармай құю және майлау, ақауларды анықтау және жою; белгіленген құжаттаманы жүргізу.
Талаптары:
«С» санатындағы (қажет болған жағдайда «Е» санатындағы) жүргізуші куәлігінің болуы — машинист автомобиль-шасси жүргізушісінің міндеттерін қоса атқарады;
Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидалары; ірі габаритті және ауыр салмақты көлік құралдарының қозғалыс тәртібі (арнайы рұқсат алу);
Жүргізушілердің еңбек және демалыс уақытын ұйымдастыру қағидалары, сондай-ақ тахографтарды қолдану тәртібі; тахографпен жабдықталған көлік құралдарында жұмыс істеген кезде тахографқа арналған жеке цифрлық жүргізуші картасының болуы;
Жол парақтарын ресімдеу тәртібі, Көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесінде (КҚББЖ) жұмыс істеу;
Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары (2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 359 бұйрық): кранның құрылысы мен жүк сипаттамалары, жұмыстарды қауіпсіз орындау тәртібі, электр беру желілерінің (ЭБЖ) маңында жұмыс істеу, сигнал беру жүйесі;
Жүк көтергіш механизмді (автокранды) басқару құқығына берілген қолданыстағы куәліктің және оқудан өтіп, білімін тексергеннен кейін берілетін жұмысқа рұқсаттың болуы.
«Интергаз Орталық Азия» АҚ -ның автокөлік құралдары мен арнайы техниканы пайдалану жөніндегі ішкі нормативтік құжаттары.
Біліміне қойылатын талаптар:
Техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім (Бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (БТБА) 3-шығарылымы, 212-параграфтың 467-тармағы).
Автомобиль-шассиді басқару міндеттерін қоса атқарған жағдайда тиісті санаттағы жүргізуші куәлігінің болуы талап етіледі.
Қызмет бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі:
Берілетін біліктілік разрядына сәйкес. Тиісті жүк көтерімділігі бар автокрандарды және автомобиль-шассиді басқару тәжірибесінің болуы.
Ұқсас вакансиялар