экспедитор

220 173 - 220 173
Курорт-Боровская база материально-технического снабжения Ақмола облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
66

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:

Қойма экспедиторы ҚР Еңбек кодексінің және Компанияның жергілікті актілерінің талаптары аясында: Ілеспе құжаттарға сәйкес ТМҚ (тауарлық-материалдық құндылықтарды) қабылдауды және босатуды жүзеге асырады. Жүк күйінің бүтіндігін, ілеспе құжаттардың болуын тексереді. ТМҚ-ның дұрыс сақталуын, есепке алынуын және қадағалануын, сақталуын және орналастырылуын қамтамасыз етеді және бүлінуіне жол бермеу бойынша іс-шаралар жүргізеді. SAP бағдарламасына ТМҚ түсімін енгізеді. ТМҚ-ны алушыларға қатаң түрде ресімделген талаптарға, тиісті нарядтарға сәйкес босатуды жүзеге асырады және SAP бағдарламасында босатылған ТМҚ тізімін көрсетеді. Өндірістік қызметте сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермейді.

Қосымша талаптар:

Қойма экспедиторының еңбек міндеттеріне мыналар жатады:
1.    еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтау;
2.    Компания басшылығының және тікелей басшының тапсырмаларын орындау;
3.    іскерлік әдеп және корпоративтік мәдениет нормаларын сақтау;
4.    құпиялылық нормалары мен Компанияның жергілікті актілерін бұзбай, сенімді ақпаратты уақытылы ұсыну;
5.    өзінің пайдалануындағы мүлікке ұқыпты қарау және оның сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ басқа жұмыскерлердің мүлігіне ұқыпты қарау;
6.    жұмыс орнында қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария талаптарын сақтау.

Қажетті қабілеттер

  • -Вежливость
  • * Дисциплинированность и ответвенность
  • * Математический склад ума, аккуратность, пунктуальн
  • * Активная жизненная позиция, настойчивость, коммуникабельность,пунктуальность

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Орташа білім
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Орташадан жоғары)
  • Орыс тілі (Орташадан жоғары)