Жетекші инженер Жобаларды басқару кеңсесі / Project Management Office (PMO) (аутстаффинг секторы)
«KMG Digital» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- 1. Жобаны және нәтижені басқару
- Сандық егізді жасау тұжырымдамасын, мақсаттарын, шекараларын және жол картасын қалыптастыру.
- Іске асыру жоспарын, бюджетті, кестені, межелік нүктелерді, KPI және қабылдау критерийлерін әзірлеу.
- Жобаның қатысушылары арасындағы
мерзімдерді, ресурстарды, тәуекелдерді, өзгерістерді және өзара тәуелділіктерді басқару. - Жобалық топтың, мердігерлердің және технологиялық серіктестердің жұмысын ұйымдастыру.
- Басшылыққа есептілікті дайындау, жобалық комитеттерді ұйымдастыру және сыни сұрақтарды эскалациялау.
2. Өндірістік процестер және технологиялық контур - Өндірістік процестерді, жабдықтарды,
технологиялық тізбектерді және қолданыстағы өндірістік инфрақұрылымды тексеруді (обследование) ұйымдастыру. - Өндірістік проблемаларды, шектеулерді, жоғалтуларды және цифрландыру мүмкіндіктерін анықтау.
- Талаптарды аналитиктермен, өндірістік
бөлімшелермен, технологтармен, инженерлермен және пайдалану қызметтерімен бірлесіп қалыптастыру. - Сандық модельдің нақты өндірістік процестерге және пайдалану деректеріне сәйкестігін қамтамасыз ету.
3. АТ-архитектура және интеграциялар - Сандық егіздің мақсатты архитектурасын және оны корпоративтік жүйелермен интеграциялау қағидаттарын қалыптастыруға қатысу.
- Интеграцияларды үйлестіру.
- Деректермен жұмыс ұйымдастыру: дереккөздер, сапа, толықтық, өзектілік,
объектілер идентификаторлары, ақпараттық модельдер және алмасу ережелері. - Архитекторлармен, әзірлеушілермен, деректер бойынша мамандармен,
инфрақұрылыммен, ақпараттық және өндірістік киберқауіпсіздікпен өзара әрекеттесу. - Шешімдердің техникалық іске асырылуын, ауқымдылығын, үйлесімділігін және архитектуралық талаптардың сақталуын бақылау.
4. Енгізу және өнеркәсіптік пайдалану - Тексеру, жобалау, әзірлеу, тестілеу, пилоттау және шешімді ауқымдау жұмыстарын ұйымдастыру.
- Талаптарды, техникалық тапсырмаларды, қабылдау сынақтарын және шешімді пайдалануға беруді басқару.
- Соңғы пайдаланушылармен өзара әрекеттесуді ұйымдастыру, оқыту және өзгерістерді басқару.
- Шешімнің жұмыс тұрақтылығын, ақауларды жоюды және
мердігерлердің міндеттемелерін орындауды бақылау. - Пилоттық жобадан тираждауға болатын өнеркәсіптік
шешімге өтуді қамтамасыз ету.
Талаптар:
- Техникалық ғылымдар, автоматтандыру, ақпараттық технологиялар, өнеркәсіптік инженерия немесе сабақтас пәндер саласында жоғары білім.
- АТ-, сандық немесе өнеркәсіптік жобаларды басқаруда кемінде 5 жыл тәжірибе,
мүмкін болса мұнай-газ секторында немесе ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда. - Басқарушылық тәжірибе кемінде 3 жыл.
- Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер:
Өндірістік бөлімшелермен өзара әрекеттесу бойынша практикалық тәжірибе және
өнеркәсіптік кәсіпорынның нақты процестерін түсіну. - Өндіріс пен АТ түйісінде жобаларды іске асыру тәжірибесі: өндірістік ақпараттық жүйелерді енгізу, деректерді интеграциялау, өнеркәсіптік автоматтандыру, аналитика, жабдық мониторингі немесе цифрлық платформалар.
- Жобаның толық өмірлік циклін басқару тәжірибесі: талаптар, жоспарлау, бюджет, команда, мердігерлер, тестілеу, қабылдау және пайдалануға енгізу.
- АТ-архитектураны құру қағидаттарын, жүйелер интеграциясын және өндірістік деректер ағындарын ұйымдастыруды түсіну.
Өндірістік қажеттіліктерді АТ-командалар үшін функционалдық және техникалық талаптарға аудару қабілеті. - Пәнаралық (межфункционалдық) командаларды басқару және өндірістік және АТ-бөлімшелер басшыларымен коммуникация жасау тәжірибесі.
- Бизнес-кейстерді дайындау, тәуекелдерді бағалау, өзгерістерді басқару және экономикалық әсерді бақылау дағдылары.
- цифрлық егіздерді енгізу тәжірибесі, жабдықтың цифрлық модельдері, өндірістік объектілер немесе технологиялық процестер — артықшылық болады. өндірістік циклі бар кәсіпорындарда жұмыс тәжірибесі. өнеркәсіптік iot, предиктивті аналитика, машиналық оқыту немесе инженерлік модельдеу қолдану тәжірибесі. бірнеше
өндірістік алаңдарда шешімдерді енгізу және кейін тираждау тәжірибесі. - pmp, prince2, ipma болуы.
- Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
Өндіріс және автоматтандыру: АСУ ТП, PLC, SCADA, DCS, MES, өнеркәсіптік
датчиктер және технологиялық деректерді жинау жүйелері.
Деректер және интеграциялар: API, интеграциялық шиналар, өнеркәсіптік протоколдар және
деректер сапасын басқару қағидаттары.
АТ-архитектура: корпоративтік және өндірістік жүйелерді интеграциялау,
активтердің ақпараттық модельдері, бұлттық және жергілікті инфрақұрылым.
Сандық егіз: физикалық объектінің, цифрлық модельдің,
өндірістік деректер мен аналитиканың өзара байланысы; қолдану сценарийлері, модельдеу және
деректерді синхрондау.
Ақпараттық қауіпсіздік: АТ және ОТ контурлары арасындағы айырмашылықтарды, желілерді сегментациялау қағидаттарын және өнеркәсіптік киберқауіпсіздік талаптарын түсіну.
Шарттар:
- ҚР ЕҚК (Еңбек кодексіне) сәйкес аутстаффинг секторында ресімдеу
- Әлеуметтік пакет
Ұқсас вакансиялар
"Қазпошта" АҚ филиалы "Жалпы қызмет көрсету орталығы" Корпоративтік оқыту орталығының бас менеджері-бағыт жетекшісі
«Қазпошта» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
11.11.2026 | 111
Негізгі маман инженерлік желілер мен құрылыстар тобы (су жабдықтау, кәріз, өрт сөндіру, жылыту және желдету) «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының «Зерттеу және әзірлеу орталығы» филиалы (уақытша, қызметкердің болмау кезеңінде)
«ҚазТрансОйл» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
10.11.2026 | 4949
«Қазпошта» АҚ « Жалпы қызмет көрсету орталығы» филиалының Фулфилмент және электрондық коммерцияны дамыту басқармалары бағыт жетекшісі – бас менеджері
«Қазпошта» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
09.11.2026 | 327