«KTZ Express» АҚ - «KTZE Commerce» филиалы (Алматы қ.) персоналмен жұмыс бөлімінің бастығы
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның бірыңғай саясаты шеңберінде персоналды іздеу және іріктеу жұмыстарын жүргізу;
- Филиал қызметкерлерінің қызметін бағалауды жүзеге асыру;
- Персоналды бейімдеу жұмыстарын ұйымдастыру;
- Филиалда әлеуметтік саясат бойынша жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асыру;
- Филиал бөлімшелеріндегі еңбек тәртібінің жай-күйін және қызметкерлердің ішкі еңбек тәртібі қағидаларын сақтауын бақылау, еңбек тәртібін нығайту және кадрлар тұрақсыздығын төмендету жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
- Филиал қызметкерлерінің, заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша жұмыстарды үйлестіру және бақылау;
- Филиалдың ұйымдық құрылымы мен штат кестесіне өзгерістер енгізу процесін сүйемелдеу (түсіндірме жазбаларды, салыстырмалы кестелерді және басқа да қажетті материалдарды дайындау);
- Тәртіптік жазалар бойынша есеп жүргізу және есептілікті қалыптастыру, уәкілетті органдардың сұрауы бойынша тиісті есептерді ұсыну;
- Қоғамның келісу комиссиясының отырыстарына қажетті материалдарды дайындау. Келісу комиссиясының хатшысы ретінде:
- Комиссия отырыстары туралы хабарлама жолдау;
- Комиссия отырыстарының хаттамаларын жүргізу;
- Келісу комиссиясының қабылдаған шешімі бойынша өтініш берушіге жауап дайындау;
- Комиссия қызметі бойынша есеп жүргізу;
- Орталық аппараттың басшылық құрамының кезекшілік кестесіне сәйкес Филиалдың басшылық құрамының мереке күндеріндегі кезекшілік кестесін жасау;
- Бөлім қызметіне бақылау жүргізу.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
- Мамандығы: Юриспруденция; Әлеуметтік жұмыс; Экономика; Менеджмент; Қаржы; Мемлекеттік және жергілікті басқару; Психология; Еңбекті ұйымдастыру және нормалау; Жұртшылықпен байланыс; Әлеуметтану; Саясаттану; Персоналды басқару және/немесе темір жол мамандықтары.
- Жұмыс тәжірибесі: бейіндік қызмет бойынша кемінде 3 жыл, оның ішінде басшы лауазымында кемінде 1 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр