Айнабұлақ станциясының КТСМ байланыс электр механикгі

347 984 - 368 664
Уштобинская дистанция сигнализации и связи Алматы облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
19

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

Цехқа бекітілген бекітілген құрылғылардың тұрақты және үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін өз міндеттері аясында жауап береді. Цехқа  бекітілген құрылғыларды теориялық және практикалық тұрғыда білу, жөндеу, монтаждау, ГТП бойынша қажетті өлшеулер мен құрылғыларды реттеуді жасау қабілетіне ие болу керек. Құрылғы істен шыққан жағдайда, КТСМ жабдығының жұмысын тез ұйымдастыру үшін қажетті шараларды қабылдап, кейін істен шығуды тез табу және жою бойынша іс-шараларды жүргізеді. Белгіленген уақыт ішінде істен шығуды жөндеу мүмкін болмаса, бұл туралы аға электромеханикке хабарлайды. Белгіленген КТСМ құрылғылары туралы білімдерін үнемі жетілдіреді, мүмкін болатын ақауларды жояды. КТСМ құрылғыларының жұмысына үнемі бақылау жасап, істен шығудың алдын алу үшін қадағалау жүргізеді және ақауларды уақытылы жояды. Басқа электромеханиктерге бекітілген учаскеде ақауларды түзегенде, бұл туралы аға электромеханикке хабарлайды. Жұмыстың бұзылу себептері, ақаулар мен сәтсіздіктер жөнінде орнатылған тәртіппен есеп беріп, талдау жасап (жұмыс журналдарындағы жазбалар мен кезекші инженерге есеп береді). Бекітілген құрылғылардың техникалық құжаттарын (паспорттар, схемалар және т.б.) болу және оны сақтауын қадағалайды. Қолданыстағы КТСМ құрылғылары бекітілген техникалық құжаттарға сәйкес болуын қадағалайды. Аға электромеханиктің, байланыс диспетчерінің немесе дистанция басшыларының тапсырмасымен басқа учаскелерге барып, құрылғылардың жұмысын қалпына келтіруге көмек көрсетеді. Еңбек қорғау ережелерін, қауіпсіздік техникасын, өрт және электр қауіпсіздігін және өндірістік санитарияны жүйелі түрде зерттеп, орындайды. Еңбек қорғау бойынша әкімшілік тексерулерде анықталған бұзушылықтарды жою шараларын, жұмыс орындарының жағдайын және дұрыс ұйымдастырылуын, қажетті құрал-жабдықтардың бар-жоғын және жарамдылығын, желдету, жарықтандыру және жеке және ұжымдық қорғау құралдарының дұрыс жұмыс жасауын бақылайды.

Біліктілік талаптары:

Білімі

жоғары, кәсіби-орта  

Саладағы мамандығы

Автоматизация және басқару, радиотехника,электроника және телекоммуникациялар, автоматика, темір жол көлігіндегі телемеханика және байланыс, радиобайланыс және хабар тарату


Жұмыс тәжірибесі

электр монтер лауазымында 2 жыл істеген болса

 

Қосымша талаптар:

Қазақстан Республикасының, оның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Нормативтік құқықтық актілері, "Қазақстан темір жолы "ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының Жалғыз акционерінің 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 94-ө шешімімен бекітілген "Қазақстан темір жолы "ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының жарғысы, сондай-ақ өндірістік-коммуникациялық"Қазақстан темір жолы "ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Компания) және "Қазақстан темір жолы "ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының - "Магистральдық желі дирекциясы" филиалының (бұдан әрі – Дирекция) шаруашылық қызметі, интеграцияланған менеджмент жүйесінің (бұдан әрі – БМЖ) талаптары (құжаттары).

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж