Ақпараттық технологиялар департаментінің бас маманы (аутстаффинг)

«QazaqGaz» ҰК» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
9

Қаралған саны:
697

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • IT-шарттарды (оның ішінде тауарларды жеткізу, қызметтер көрсету, лицензиялар, SaaS, бұлттық шешімдер және т.б.) жүргізу;

  • Контрагенттермен және ішкі құрылымдық бөлімшелермен шарт талаптарын келісу;

  • Шарттар мен келісімдердің талаптарының орындалуын талдау және бақылау;

  • IT-бастамалардың тәуекелдерін бағалау және олардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін қамтамасыз ету;

  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасындағы өзгерістерге мониторинг жүргізу;

  • Қоғамның ІТ департаменті қызметінің Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарына сәйкестігін қамтамасыз ету бойынша қорытындылар мен ұсынымдар дайындау;

  • «Самұрық-Қазына» қоры мен мемлекеттік органдардан келіп түсетін хаттарды, сұрау салулар мен хабарламаларды тексеру;

  • IT бағыты бойынша келіп түскен хаттар мен сұрау салуларға жауаптар мен түсіндірмелер дайындау;

  • Іскерлік шешімдерді қолдау және құнды ақпарат ұсыну мақсатында деректерді жинау, өңдеу және түсіндіру;

  • Қоғамның ақпараттық технологиялар бағыты бойынша бизнес-жоспарының (бюджетінің) және сатып алу жоспарының орындалуын қамтамасыз ету және бақылау;

  • IT-тәуекелдерді әзірлеуге және басқаруға қатысу;

  • Ақпаратты өңдеу мен сақтау, техникалық инфрақұрылымды қалыптастыру бойынша бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету мақсатында Қоғамның нормативтік құжаттарын әзірлеу;

  • Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің маркетингтік бағаларына талдау жүргізу;

  • Бекітілген бюджет шеңберінде департаменттің қажеттіліктерін Қоғамның сатып алу жоспарына енгізу үшін өтінімдер қалыптастыру және ұсыну;

  • Сатып алу жеңімпазымен белгіленген мерзімдерде шарт жасалуын қамтамасыз ету.


Талаптар:

  • Жоғары кәсіптік білім.
  • Кәсіби салада жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
  • Жобаларды басқару саласында сертификаттың болуы құпталады

Шарттар:

  • ҚР КК сәйкес аутстаффинг секторына ресімдеу.
  • Сынақ мерзімі - 3 ай.
  • Бес күндік жұмыс аптасы, екі демалыс күнімен - сенбі және жексенбі.