№1 өндірістік учаскенің инженері (технологі), «Бейнеу жол дистанциясы», Магистральдық желі – Маңғыстау бөлімшесі.
- Құрылған күні:
-
13.11.2026
- Берілген өтінім:
- 27
- Қаралған саны:
- 539
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Теміржол өткелдерінің жай-күйіне комиссиялық тексерулер жүргізуді ұйымдастырады және бақылауды жүзеге асырады, өткелдерді күтіп-ұстау жағдайын жақсартуға бағытталған іс-шараларды әзірлейді, сондай-ақ өткелдер бойынша техникалық құжаттаманың есебін жүргізеді.
- Жолдың қисық учаскелері бойынша техникалық құжаттаманы жүргізеді, қисықтарды белгіленген нормаларға сәйкестендіру бойынша есептеулер жасайды және қисықтардың параметрлерін нормативтік талаптарға сәйкестендіру жұмыстарына қатысады.
- Көктемгі және күзгі тексерулердің нәтижелері бойынша қисық учаскелердегі рельстердің бүйірлік тозуына талдау жүргізеді.
- Теміржол станцияларының және кірме жолдардың сызбалары бойынша есеп жүргізеді, жол дистанциясына арналған жергілікті нұсқаулықтарды әзірлеуге және өзектендіруге қатысады.
- Жол жұмыстарының орындалу технологиясының сақталуына, сондай-ақ жол жұмыстары жүргізілетін орындардың белгіленген талаптарға сәйкес қоршалуына кенеттен тексерулер жүргізеді.
- Жол өлшеу вагондарының таспалары мен мобильді диагностикалық кешендердің деректері бойынша жолдың қисық учаскелеріндегі жай-күйіне бақылау жүргізеді, сондай-ақ крестовинадан кейінгі қисықтардың параметрлерін бақылайды.
- Түйіспесіз жолды күтіп-ұстау және жөндеу жұмыстарын ұйымдастырады, рельстік тұтас ұзындықтарды есепке алу журналдарын жүргізеді.
- Жол диспетчерлерінің түйіспесіз жолда орындалатын және оның пайдалану температуралық режиміне әсер ететін жұмыстардың күнделікті есебін жүргізу журналдарын дұрыс толтыруын тексереді.
- Жолды ағымдағы күтіп-ұстау жұмыстары бойынша жол монтерлерінің белгіленген ережелер мен жұмыс технологиясын сақтауын тікелей жұмыс орындарында тексереді.
- 10. Жол дистанциясы мен оның құрылымдық бөлімшелерінің айлық жұмыс жоспары-кестесін қалыптастыруды ұйымдастырады және оның орындалуын қамтамасыз етеді.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) және орта (техникалық және кәсіптік)
- Специальность в сфере: Строительство железных дорог, путь и путевое хозяйство; Мосты и транспортные тоннели; Транспортная техника и технологии; Техническая эксплуатация подъемно-транспортных, строительно-дорожных машин и оборудования
- Опыт работы: еңбек өтіліне талап қойылмайды; 2 жылдан кем болмауы тиіс;
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Колледж