«ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі» филиалы 1 классты Сексеуіл теміржол стансасының қоймашысы

от 205 933
Кызылординское отделение магистральной сети Сексеуіл а.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
25

Қаралған саны:
221

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

1. Лауазымға кіріскен кезде өзінің алдыңғысынан акт бойынша барлық тауарлық-материалдық құндылықтарды, қолда бар жабдықтар мен мүкәммалды қабылдайды.
2. ілеспе құжаттарға сәйкес материалдар мен бұйымдарды, ал қажет болған жағдайларда жұртшылық өкілімен қабылдайды. Қабылдау және оны ресімдеу белгіленген мерзімде қабылдау, сапасы және саны жөніндегі нұсқаулыққа қатаң сәйкестікте жүргізіледі.
3. Материалдар мен бұйымдарды сақтау орындарына орналастырады, сорттық есепке алуға сәйкес жапсырмалар, карточкалар жасайды және тиісінше ресімделген кіріс актілерін бухгалтерияға тапсырады.
4. Материалдардың, бұйымдардың дұрыс сақталуын қамтамасыз етеді, бүлінуден сақтау бойынша іс-шаралар жүргізеді. Жұмсау кезектілігін қамтамасыз етеді.
5. Тауар-материалдық құндылықтарды қабылдауға, сақтауға, беруге және тексеруге байланысты барлық операцияларды уақтылы орындайды.
6. Қойманың үй-жайы мен іргелес аумағын таза ұстайды, өртке қарсы қауіпсіздік бойынша іс-шаралар жүргізеді, өртке қарсы мүкәммалды дайын ұстайды, бұл үшін бөлінбеген жерде темекі шегуге тыйым салады.
7. Құрал-саймандар мен жабдықтарды жарамды күйде ұстайды, жөндеуді және оны үнемі толықтыруды жүргізеді.
8. Айлық, тоқсандық және жылдық мәліметтер мен есептерді ұсына отырып, қойма бойынша есеп пен есептілікті жүргізеді, толтырылған нарядтар мен кіріс актілерін бухгалтерияға тапсырады.
9. Қауіпсіздік техникасы бойынша іс-шараларды орындайды.

Біліктілік талаптары:

Білімі: белгіленген бағдарлама бойынша орта және арнайы дайындық
Жұмыс тәжірибесі: жұмыс өтіліне талап қойылмайды

Қажетті білім дәрежесі

  • Орташа білім