РЗД. Жезказган - Қосколь телімінің сым байланысының аппаратурасын орталықтандырып ауыстыру мен жөндеу тобының байланыс электромеханигі
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРҚызмет көрсетілетін құрылғыларды теориялық және практикалық тұрғыдан білуге, олардың жарамды күйде болуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ құрылғыларды жөндеу, монтаждау, өлшеу және реттеу жұмыстарын белгіленген талаптарды сақтай отырып, сапалы орындауға міндетті. Еңбек тәсілдерін жетілдіру, құрылғыларға қызмет көрсетудің озық әдістерін меңгеру және қолдану, бағынысты қызметкерлерге өз тәжірибесі мен білімін беру.
Бекітілген жоспар-кестелерге, жедел жоспарға, сондай-ақ сенімділікті арттыру жоспарына сәйкес жұмыс істеу. Байланыс электромонтерлерінің жұмысын, олардың пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жеке қауіпсіздік техникасы талаптарын орындауын бақылау.
Қызмет көрсетілетін желі және байланыс құрылғылары туралы білімін үнемі жетілдіру, істен шығу жағдайларының алдын алу, ал ақаулар туындаған жағдайда оларды мүмкіндігінше жылдам анықтау және жою бойынша қажетті шаралар қабылдау. Бұл ретте пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін сөзсіз қамтамасыз ету.
Желі және байланыс құрылғыларының істен шыққаны туралы хабарлама алған кезде ақауды жоюға дереу кірісу. Құрылғылар жұмысының бұзылу себептері мен қабылданып жатқан шаралар туралы байланыс диспетчеріне немесе аға электромеханикке баяндау. Егер белгіленген уақыт ішінде ақауды өз бетінше анықтау және жою мүмкін болмаса, бұл туралы байланыс диспетчеріне дереу хабарлау. Байланыс құрылғыларындағы ақау жойылғаннан кейін жедел журналға тиісті жазба енгізу.
Аға электромеханиктің, дистанция
Қызмет көрсетілетін құрылғылардың техникалық құжаттамаларын (төлқұжаттары, сызбалары және т.б.) жүргізу және сақтау. Қолданыстағы байланыс құрылғыларының бекітілген техникалық құжаттамаға сәйкестігін қадағалау.
Қызмет көрсетілетін учаскеде қажетті құрал-саймандардың, өлшеу аспаптарының, материалдардың, құрылғылар мен қосалқы бөлшектердің болуын қамтамасыз ету.
Басқа электромеханиктерге бекітілген учаскелердегі ақауларды жою кезінде бұл туралы аға электромеханикке хабарлау.
Еңбек өнімділігін арттыруға ұмтылу, белгіленген өндірістік тапсырмалар мен нормативтерді орындау, жаңа техника мен технологияларды, ғылыми және озық жұмыс әдістерін енгізу.
Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария, еңбек гигиенасы және өрт қауіпсіздігі жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтардың талаптарын орындау. Берілген арнайы киім мен арнайы аяқкиімді пайдалану.
Пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жұмыстың қалыпты орындалуына кедергі келтіретін немесе қиындататын себептер мен жағдайларды (тоқтап қалу, апаттық жағдайлар) дереу жою шараларын қабылдау және болған жағдай туралы дистанция басшылығына шұғыл хабарлау.
Тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау және басқару жұмыстарын ұйымдастыру.
Отын-энергетикалық ресурстарды (ОЭР) ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету.
Желі және байланыс құрылғылары мен аспаптарының істен шығу себептерін тексеру және ақауларды жедел жою жұмыстарын жүргізу.
Желі және байланыс құрылғыларында баптау, реттеу және жөндеу жұмыстарын орындау.
Қызметкерлердің жұмысқа шығуын және жұмысқа келмеу себептерін көрсете отырып, мониторинг журналын жүргізу. Цехта қолды және беттерді өңдеуге арналған медициналық маскалар мен антисептиктердің берілуін қамтамасыз ету.
Қызметкерлердің ИСИБ КТЖ HSE мобильді қосымшасы арқылы орын алған оқиғалар, жедел хабарламалар, бюллетеньдер мен сауалнамалар бойынша ақпаратпен уақтылы танысуына жауапты болу.
Біліктілік талаптары:
Біліктілік талаптары:Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), орта кәсіптік білім және белгіленген бағдарлама бойынша арнайы даярлықтан өткен болуы қажет.
Мамандығы бойынша бағыттары:
Автоматтандыру және басқару;
Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар;
Теміржол көлігіндегі автоматика, телемеханика және қозғалысты басқару;
Байланыс желілері және коммуникация жүйелері;
Радиоэлектроника және байланыс.
Жұмыс тәжірибесі: байланыс электромонтері лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс өтілі болуы қажет.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж
Ұқсас вакансиялар