Капиталдық құрылыс және күрделі жөндеу қызметінің жетекші инженері
«ҚазТрансОйл» АҚ Ақтау қ.Міндеттері:
-
1) қызмет басшысы болмаған жағдайда (демалыс, іссапар, ауру және т.б.) қызметтің қызметін басқаруды жүзеге асырады, күрделі құрылыс және өндірістік объектілерді реконструкциялау бойынша жұмыстарды тікелей орындайды, қызмет жұмысына үйлестіру жүргізеді, өз құзыреті шегінде әкімшілік мәселелерді шешеді, өзінің міндеттерін басқарма бастығының жалпы басшылығымен және басқа бөлімшелер мен қызметтердің басшыларымен өзара іс-қимылда орындайды;
2) тапсырыс беруші атынан құрылыс-монтаж жұмыстарының орындалуына техникалық қадағалау жүргізу және мердігер құрылыс ұйымдарынан аяқталған объектілерді қабылдау, тапсырма беру және орындалуын тексеру, объектіге шартқа сәйкес аккредиттелген ұйымның тәуелсіз техникалық қадағалау сарапшысы бекітілген жағдайларды қоспағанда.
3) мердігерлік мәселелері бойынша міндеттерді шешу, жұмыстарды орындаудың технологиялық процестерін бақылау, орындалу реттілігі, жобалау-іздестіру және құрылыс-монтаж жұмыстарының іске асырылуына қатысты мәселелер, материалдарды есептен шығару, басқарма бөлімшелерімен, мердігер ұйымдармен, сондай-ақ мемлекеттік және бақылаушы кәсіпорындар мен ұйымдармен жұмыс істеу;
4) күрделі құрылыс жоспарларының орындалу барысын бақылау, құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемдерінің, мерзімдерінің және сапасының, сондай-ақ қолданылатын материалдардың, бұйымдардың, конструкциялардың бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманың, жұмыс сызбаларының, құрылыс нормалары мен ережелерінің, стандарттардың, техникалық шарттардың, еңбекті қорғау нормаларының талаптарына сәйкестігін бақылау;
5) құрылыс объектілері мен реконструкциялау объектілерінің құнын төмендетуді және техникалық-экономикалық көрсеткіштерін жақсартуды қамтамасыз ететін неғұрлым прогрессивті технологиялық процестерді енгізуге байланысты жобаларға өзгерістер енгізу, көлем-жоспарлау және конструктивтік шешімдер мәселелерін шешуге қатысу;
6) құрылыс барысында туындайтын жобалық шешімдерге өзгерістерді қарастыру және келісу кезінде қатысу, материалдарды, бұйымдарды, конструкцияларды ауыстыру бойынша мәселелерді жедел шешу (құрылыс объектілерінің сапасын төмендетусіз);
7) құрылыс-монтаж жұмыстарының мерзімдерінің бұзылуына және сапасының нашарлауына себеп болатын себептерді зерттеу, оларды алдын алу және жою бойынша шаралар қабылдау;
8) аяқталған құрылыс-монтаж жұмыстары мен объектілерді техникалық қабылдауды жүзеге асыру, қажетті техникалық құжаттаманы ресімдеу, құрылыс объектілерін қабылдау және оларды пайдалануға тапсыру жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысу;
9) құрылыс ұйымдарының комиссия белгілеген мерзімдерде кемшіліктерді, ақауларды жою сапасын бақылау, аяқталған құрылыс-монтаж жұмыстарының есебін жүргізу және күрделі құрылыс жоспарларының орындалуы туралы есептілік жасау үшін қажетті деректерді дайындау;
10) қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау немесе электрқауіпсіздік саласындағы ережелер мен нұсқаулардың бұзылуы қызметкерлердің денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіруі мүмкін жағдайларда жұмысты тоқтата тұру;
Талаптар:
-
архитектуралық, қала құрылысы және құрылыс қызметі бойынша сараптамалық жұмыстарды және инженерлік қызметтерді жүзеге асыратын сарапшының аттестатыСәйкес бағыт бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және кәсіби қызметте кемінде 5 жыл. Сарапшының
сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы
Жағдайлар:
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
Ұқсас вакансиялар