«ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі» филиалының стансалармен жұмыс жөніндегі өндірістік-техникалық бөлім бастығының орынбасары
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
- Магистральдық желі бөлімшесінің қызметкерлерін өндірістік оқытуды ұйымдастыру және өткізу бөлігінде өндірістік оқыту шеберлерінің лауазымдық міндеттерін орындауын бақылау;
- Техникалық-экономикалық негіздемені, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге және түзетуге арналған бизнес-жоспар жобасын дайындау, станциялар мен учаскелердің өткізу қабілетін арттыруға бағытталған магистральдық теміржол желісі объектілерін салу;
- Магистральдық желі бөлімшесінің құрылымдық бөлімшелерінің жай күйіне көктемгі және күзгі комиссиялық тексеру жүргізу кезінде материалдарды дайындау;
- Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, жергілікті жағдайлар бойынша ҚТЖ-11 бөлімшесінің шекараларында және т. б. жергілікті нұсқаулықтарды әзірлеу.
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
- Мамандығы: Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі).
- Жұмыс тәжірибесі: жұмыс бейіні бойынша кемінде 3 жыл, оның ішінде: жетекші инженер (қауіпсіздік жөніндегі учаскенің ревизоры) және станция бойынша поезд диспетчері/ кезекшісі лауазымдарында кемінде 1 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр