Техникалық сарапшы
Жалақы көрсетілмеген
"Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- Инвестициялық жобалардағы (оның ішінде стратегиялық) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы іс-шараларды іздеу, кешенді талдау және іске асыруға қатысу, өндіріс тиімділігінің өсуін қамтамасыз ететін. Ішкі, экономикалық және ақпараттық қауіпсіздікті арттыру мақсатында құрылымдық бөлімшелердің іс-қимылдарын ұйымдастыруға қатысу. Басым инновациялық технологияларға бағалау жүргізу және олар негізінде ұсыныстар әзірлеуге қатысу, кейін оларды болашақ жобаларға енгізу арқылы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету/арттыру. Құрылыстың бюджеті, қаржыландыру кестесі және жұмыстар өндірісі кестесін қалыптастыруға, тендерлер өткізуге, деректердің ақпараттық қорғалуын сақтау мақсатында шарттар жасасуға қатысу. Зауыттың бөлімшелерінде ішкі және ақпараттық қауіпсіздік жағдайын кешенді тексерулер мен мақсатты тексерістер жүргізуге қатысу.
- Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білім: Мемлекеттік құпияларға, ақпаратты қорғауды қамтамасыз етуге, өндірістік-шаруашылық және кәсіпорынның қаржы-экономикалық қызметіне қатысты заңнамалық және өзге де нормативтік-құқықтық актілерді, сондай-ақ әдістемелік, нормативтік-техникалық материалдарды білу. Экономиканы және мұнай өңдеу саласын дамытудың басым бағыттарын айқындайтын республикалық және жергілікті мемлекеттік билік пен басқару органдарының қаулыларын білу. Ұйымның және олардың бөлімшелерінің даму перспективаларын, қызмет бағыты мен мамандануын, зерттеулер мен әзірлемелер процесінде бөлімшелердің өзара әрекет ету сипатын және қызметтік ақпараттың өту тәртібін білу. Ұйымда экономикалық қызмет түрі ретінде қолданылатын ақпаратты кешенді қорғауды ұйымдастыру жүйесін білу. Экономиканың негіздерін, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру негіздерін білу.
Талаптар:
- Білімі (жоғары, мамандық/біліктілік): Сәйкес кадрларды даярлау бағыты бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
- Кәсіби білім мен дағдылар: Ұйымның және олардың бөлімшелерінің даму перспективаларын, қызмет бағыты мен мамандануын, зерттеулер мен әзірлемелер процесінде бөлімшелердің өзара әрекет ету сипатын және қызметтік ақпараттың өту тәртібін білу.
- Жұмыс тәжірибесі: Мамандық бойынша кемінде 5 жыл.
- Компьютерде жұмыс істеу дағдылары және бағдарламалық өнімдерді білу: ДК-де жұмыс істей білу, MC Office, Excel бағдарламалық өнімдерін білу.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Магистр
Ұқсас вакансиялар
Сатып алуды ұйымдастыру бөлімінің бастығы
"Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Атырау қ.
11.11.2026 | 1284
894 679 - 894 679 KZT
Мұнай мен газ өндірудің техникасы және технологиясы басқармасының аға инженері
«ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Атыраудағы филиалы | Еңбекпен толық қамтылу
| Атырау қ.
19.10.2026 | 2929
ЗАҢ ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ (1 орын)
«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Шымкент қ.
16.11.2026 | 1965