«Теміржолсу» АҚ сумен жабдықтау, су бұру, беру, тарату және жылу энергиясымен жабдықтау объектілерін пайдалану жөніндегі топтың бас менеджері (16 грейд)

от 561 449
«Теміржолсу» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
18

Қаралған саны:
312

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Сумен, жылумен жабдықтау және су бұру (кәріз) саласында пайдаланылатын негізгі құралдар туралы есепті қалыптастырады;
  • Қоғамның ЕҰ-лары бойынша сумен, жылумен жабдықтау және кәріз объектілерінің, құрылыстары мен жабдықтарының болуы туралы деректерді жинақтауды жүзеге асырады, олардың жай-күйін талдайды және 33-ЖЕ бухгалтерлік есебі мен түгендеу карточкаларына сәйкес қалдық құнын тексереді;
  • «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрылымдық бөлімшелері мен Қоғамның ЕҰ-лары арасында сумен, жылумен жабдықтау және кәріз объектілеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі шарттардың жасалуын қамтамасыз етеді;
  • Объектілерді жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі – ЖАО) балансына беру жөніндегі деректерді жинауды, талдауды және дайындауды ұйымдастырады және бақылайды. Объектілер бойынша техникалық, пайдалану деректерін жинауды, шығындылықты, тұтыну құрылымы мен өткізу көлемдерін талдауды ұйымдастырады. Отын-энергетикалық ресурстардың шығысы, ықтимал үнемдеу және беру салдары бойынша есептеулердің дайындалуын бақылайды. Объектілерді беру қажеттілігінің негіздемелерін қалыптастыруды бақылайды;
  • Объектілерді ЖАО балансына беру процесін құжаттамалық сүйемелдеуді үйлестіруді бақылайды. Хаттарды, анықтамаларды, түсіндірме жазбалар мен ілеспе материалдарды дайындауды, хат алмасуды жүргізуді, объектілер тізбесін, беру мерзімдері мен шарттарын келісуді ұйымдастырады. Басшылыққа арналған презентациялық материалдардың дайындалуын бақылайды;
  • Есептіліктің қалыптастырылуын, объектілерді беру барысы туралы есептердің жасалуын, мерзімдердің сақталуы мен деректердің дұрыстығын бақылауды, беруге жататын және берілген объектілер тізілімінің жүргізілуін бақылайды. Беру мәртебесі мен проблемалық мәселелерге талдау жасайды;
  • Инвестициялық бюджетті қалыптастыруды бақылауды жүзеге асырады. Еншілес ұйымдардан түскен өтінімдерді жинау мен талдауды бақылайды. Жобаларды инвестициялық бюджет жобасына енгізудің негізділігін тексереді. Жобалардың стратегиялық жоспарларға, нормативтік талаптарға және ішкі регламенттерге сәйкестігін бағалайды. Инвестициялық бюджетті қалыптастыру жөніндегі жобалар мен хаттаманың дайындалуын бақылайды. Еншілес ұйымдарға өтінімдерді дайындау және инвестициялық жобаларға қойылатын талаптар мәселелері бойынша консультация береді. Басшылық үшін инвестициялық бюджетке енгізуге ұсынылатын жобалар бойынша талдамалық материалдар мен баяндамалар дайындайды. Инвестициялық бюджетті қалыптастыруды, келісуді және бекітуді ұйымдастырады және бақылайды;
  • Инвестициялық бюджеттің атқарылуын бақылайды. Инвестициялық жобалардың іске асырылу барысына мониторинг жүргізуді, кестелердің сақталуы мен қаражаттың игерілуін бақылайды. Атқарудың жоспарлы және нақты көрсеткіштерін салыстырады. Ауытқуларды анықтайды, оларды жою жөнінде ұсыныстар дайындайды. Жиынтық талдамалық деректерді қоса алғанда, жобалардың іске асырылу мәртебесі туралы есептердің дайындалуын бақылайды. Орындаушыларға іске асыру және есептілік мәселелері бойынша консультация береді. Басшылық үшін қызметтік жазбалардың, презентациялар мен талдамалық материалдардың дайындалуын қамтамасыз етеді. Есептіліктің белгіленген мерзімдерде уақтылы тапсырылуын бақылайды;
  • ЦЖС, ГП және ЦД объектілерін ағымдағы жөндеудің уақтылы және сапалы орындалуын бақылайды;
  • Қоғамның еншілес ұйымдарының әрбір объектісі бойынша ағымдағы жөндеу жөніндегі жұмыс кестелерінің жасалуын қамтамасыз етеді, олардың міндетті түрде орындалуын бақылайды;
  • Басшылық үшін ЦЖС, ГП және ЦД деректерін қоса алғанда, ағымдағы жөндеу жұмыстарының орындалуы бойынша жиынтық деректер мен талдамалық анықтамалардың дайындалуын қамтамасыз етеді.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы мына салаларда: Су ресурстары және суды пайдалану; Жылу энергетикасы; Көлік, көлік техникасы және технологиялары (Вагондар, Локомотивтер және электр жылжымалы құрамы); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі); Электротехника; Электр энергетикасы; Стандарттау, метрология және сертификаттау; Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; Құрылыс (Теміржол құрылысы; жол және жол шаруашылығы); Өнеркәсіптік-азаматтық құрылыс; Машина жасау (Технологиялық машиналар мен жабдықтар); Инженерлік жүйелер; Экология; Жылу энергетикасы; Көлік, көлік техникасы және технологиялары
  • Жұмыс тәжірибесі: кемінде 4 жыл, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде 2 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр