Лауазымдық жауапкершілік:
1) уәкілетті органдарға есептілікті дайындау және ұсыну;2) Күрделі және ағымдағы жөндеулер жүргізуге, жаңа ғимараттар мен құрылыстар салуға, ғимараттар мен құрылыстарды реконструкциялауға, зерттеп-қарауға арналған шарттардың техникалық тапсырмалары мен жобаларын дайындау (әзірлеу, келісу, орындалуын бақылау);3) сызбалардың толықтығын, олардың сапасын тексеру анықталған кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды;4) күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізуге, реконструкциялауға бөлінетін ақшаны бөлуге қатысу және олардың нысаналы пайдаланылуын бақылау;5) БКС жетекшілік ететін жобалар бойынша техникалық негіздемелерді әзірлеу;6) белгіленген тәртіппен объектілерді салуға арналған жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуді ұйымдастыру;7) қызметтің және жұмыстың бақылаудағы түрлеріне лицензиялар алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және бақылау (Қызмет бағыты бойынша), кеніштердің алынған лицензиялардың іс-қимыл шарттарын, мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарының нұсқамаларын орындауын бақылайды;8) ғимараттар мен құрылыстарды салу, күрделі және ағымдағы жөндеу объектілеріне жұмыстарға жіберуді бақылауды жүзеге асыру.9) ТЖҚ құнын негізсіз көтермеу үшін ТЖҚ нарықтық бағасына сапалы маркетингтік және техникалық талдау жүргізуге;10) сатып алынатын ТЖҚ-ның функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын жоғалтпай ТЖҚ-ны сатып алу бойынша неғұрлым тиімді ұсыныстарды табуға құқылы.Білім:
жоғары техникалық білім, "Құрылыс".Дағдылар:
1) кәсіпорынның рәсімдері мен стандарттарына сәйкес іске асырылатын және іске асыруға жоспарланатын жобаларды сүйемелдеу бойынша бақылауды жүзеге асыру;2) қолданыстағы заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерге сәйкес техникалық құжаттаманы қалыптастыруға;3) Өз құзыреті саласы мәселелері бойынша өкімдер, нұсқаулар, бұйрықтар және басқа да ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттамалар дайындауға;4) ғимараттар мен құрылыстарды (өз құзыреті саласында) пайдалану және жөндеу мәселелерін регламенттейтін ГОСТ талаптарының, қағидалардың, нормалардың, нұсқаулықтардың және басқа да нормативтік құжаттардың сақталуын бақылауды жүзеге асыруға міндетті.Қосымша:
Қазақстан Республикасының құрылыс саласындағы заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін білуге тиіс.Білетін тілдер:
мемлекеттік және орыс тілдері лауазымдық міндеттерін атқару үшін қажетті көлемде