«Қазпочта» АҚ Қаржылық қызметтерді сату департаментінің бас менеджері

«Қазпошта» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
20

Қаралған саны:
606

   Конкурс туралы

Міндеттері:

1. Бекітілген қызмет/бөлімше бойынша сату жоспарларының орындалуын қамтамасыз ету шараларын іске асыру
2. Бекітілген бөлімше басшысына жетекшілік ету және оған практикалық әрі әдістемелік қолдау көрсету
3. Сатуды жедел болжау және жоспарлау:
1) Маусымдық ауытқуларды ескере отырып, қысқа мерзімді кезеңдегі күтілетін сату көлемін бағалау;
2) Бекітілген өнім бойынша аймақтық бөлімшелер мен пошта бөлімшелерінің сату көлемі мен түсімін болжау;
4. Сату жоспарының орындалуын жедел мониторингтеу:
1) Бекітілген қызмет түрі бойынша жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізілуін тексеру және сату көрсеткіштерінен ауытқу себептерін филиалдар бөлінісінде талдау;
2) Бекітілген қызмет түрі бойынша жоспарлы көрсеткіштердің орындалуындағы ауытқулар туралы талдамалық есеп дайындау;
3) Бекітілген қызмет түріне қатысты жоспарлы көрсеткіштердің орындалуындағы ауытқулар туралы талдамалық есепті тиісті мүдделі тараптарға жеткізу;
4) Кейіннен Компанияның «Корпоративтік сату дирекциясына» ұсыну және сату көлемін арттыру мақсатында шарттар жасасу қажеттілігін айқындау үшін, қадағалаудағы қызмет түрі бойынша нарықты талдау;
5) Қадағалаудағы қызмет түрі бойынша жоспарлы көрсеткіштермен салыстыра отырып, жұмыс нәтижелерін талдау қорытындысы негізінде түзету шараларының орындалуын бақылау;
6) Орталық кеңседегі тиісті құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп, мыналарды ұйымдастыру және қамтамасыз ету:
- оқыту жоспарын әзірлеуге, сондай-ақ аймақтық сату жөніндегі менеджер деңгейінде операторлар мен сату мамандарын оқытуға қатысу;
- филиал операторларын сертификаттауға арналған қызмет көрсетуге қатысты тест сұрақтарын әзірлеу;
- филиалдардың сату топтарына арналған семинарлар мен оқыту сабақтарын ұйымдастыру.
5. Аймақтық филиалдармен және пошта бөлімшелерімен өзара іс-қимыл:
1) Тапсырылған қызмет үшін материалдарды, қызмет көрсету презентацияларын (коммерциялық ұсыныстарды әзірлеу, жарнамалық мәтінді жазу) және басқа да сату құралдарын дайындауға көмектесу;
2) Компанияның жобалары үшін қаржылық қызметтер, қызмет көрсетушілер және компаниялар үшін әлеуетті клиенттерді тарту үшін ұйымдардың тізімін ұсыну, сондай-ақ қолданыстағы серіктестермен ынтымақтастықты кеңейту;
3) Тапсырылған қызмет үшін ілгерілету бағдарламаларын әзірлеуге көмектесу;
4) Тапсырылған қызметті сату бойынша әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар беру;
5) Орындалған келісімшарттар бойынша сату есептерін және тағайындалған қызметке қатысты басқа да есептерді жинау.


Талаптар:

  • Профиль бойынша жоғары білім: экономика және / немесе қаржы, және / немесе банк дело, және/немесе бухгалтерлік есеп және аудит, және/немесе менеджмент және / немесе маркетинг.

    Қаржы қызметтері және/немесе банк саласы, пошта саласы және/немесе өндірістік көрсеткіштерді талдау және/немесе экономикалық талдау және/немесе бухгалтерлік есеп және аудит саласында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.

Шарттары:

  • Бес күндік жұмыс аптасы екі демалыс күнімен - сенбі және жексенбі, күнделікті жұмыс (жұмыс күні, ауысым) ұзақтығы 8 (сегіз) сағат апта сайын дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, демалуға және тамақтануға арналған үзіліс сағат 13-00-ден сағат 14-00-ге дейін.
  • Астана қ.